Əбіш КЕ­КІЛ­БАЕВ,

Қа­зақ­стан­ның ха­лық жа­зу­шы­сы

 

Елбасы

(за­ман­дас кө­зі­мен пай­ым­дал­ған саяси кес­кін­де­ме)

 

Əр за­ман­да бір ке­мел.

Ха­лық ма­қа­лы

 

Жы­ғыл­ған­ды тұр­ғыз­саң,

Жы­ла­ған­ды уат­саң,

Қи­сай­ған­ды тү­зет­сең!

Шал­киіз

Əлім­сақ­тан бел­гі­лі гəп

Өтіп жат­қан оқи­ға­лар ше­руінің өза­ра бай­ла­ны­сы мен мəн-ма­ңы­зы­на адам, əдет­те, ара­ға жыл­дар са­лып ба­рып қа­ны­ға ал­мақ­шы. Оған кө­бі­не-көп қо­ғам­ның не­ме­се қо­ғам­ға ше­шу­ші ық­па­лы бар же­ке тұл­ға­ның өмі­рін­де­гі ме­же­лі ке­зең­дер түрт­кі бол­мақ­шы. Он­дай­да бір адам­ның əлеу­мет­тік тағ­ды­ры тұ­тас бір за ман­ның кес­кін-кел­бе­тін тү­гел ашып бе­ре ала­ты­ны­на кө­зі­міз əбден же­те түс пек­ші. Бі­рақ, ол қа­рас­ты­рып отыр­ған та­ри­хи ке­зең мен та­ри­хи тағ­дыр­дың ал­ды-ар­тын ке­ңі­нен шо­лып, жан-жақ­ты та­ра­зы­ла­ған­ды та­лап ет­пек­ші. Біз де сөз ет­ке­лі отыр­ған кейіп­ке­рі­міз­дің ке­ле­лі тағ­ды­ры­ның ең бас­ты өзе­гін құ­райт­ын про­цес­тер­ді əрі­ден бас­тап əңгі­ме қы­лу­ға мəжбүр­міз.

Уа­қыт­тың не­гіз­гі өл­ше­мі – бі­ті­ріл­ген іс де­се­ді. Ал оның өз тұ­сын­да­ғы өмір сүр­ген­дер­дің өз мүд­де­ле­рі жо­лын­да­ғы ру­ха­ни із­де­ніс­те­рі мен əре­кет­те­рі­нен өр­би­ті­ні аян. Кей­де бел­гі­лі бір ұр­пақ­қа, əлеу­мет­тік заң­ды­лық­тар бой­ын­ша да, биоло­гиялық заң­ды­лық­тар бой­ын­ша да тұ­тас бір та­ри­хи про­цес­тер­ге бел­се­не ара­ла­су­мен қо­са, олар­дың өр­біп, өріс­теуіне ті­ке­лей мұ­рын­дық бо­лу­ға ту­ра ке­ле­ді екен.

Бұл рет­тен қа­ра­ған­да, біз­дің дəуірі­міз­дің ең өзек­ті өз­ге­ріс­те­рін со­нау қыр­қын­шы жыл­дар­дың ал­ды-ар­тын­да дү­ниеге ке­ліп, ал­пы­сын­шы жыл­да­ры кəме­лет­ке тол­ған буын­ның өмір жо­лы­нан бө­ле-жа­ра қа­рау еш мүм­кін емес сияқ­ты. Олар­дың тағ­ды­рын көз­ге елес­тет­кен­де, ежел­гі грек­тер­дің «со­ғыс – бар нəрсе­нің ата­сы», өзі­міз­дің қа­зақ­тың «жа­ман айт­пай жақ­сы жоқ» дейт­ін қа­ғи­да­ла­ры ерік­сіз ес­ке тү­се­ді. Жиыр­ма­сын­шы ға­сыр бұ­ның екеуі­нің де те­гін айт­ыл­ма­ға­ны­на ай­ғақ бо­ла ал­ған­дай. Оның бі­рін­ші жар­ты­сы бас­тан-аяқ алыс-жұлыс­та, жер-жа­һан­дық со­ғыс­тар мен ре­во­лю­ция­лар үс­тін­де өт­ті. Екін­ші жар­ты­сын­да əлгін­дей шек­тен шы­ға тас­қын­да­ған әлеу­мет­тік күш-жі­гер сая­быр­сып, са­ба­сы­на түс­кен­дей бол­ды. Біз со­ның ар­қа­сын­да тəуел­сіз­дік­ке қол жет­кіз­дік. Атал­мыш буын əлеу­мет­тік мі­нез-құлық­тың тап­тық шай­қас­тар­дан гө­рі саяси са­ли­қа­лық ар­на­сы­на бұ­ры­лу­ына, ол про­цес­тің өр­кен жай­ып өріс­теуіне тек куə бо­лып қа­на қой­май, бел­гі­лі мөл­шер­де ті­ке­лей ық­пал да ете ал­ды де­сек, шын­дық­тан ау­лақ кет­пес­піз.

Бұ­лай бо­ла­тын се­бе­бі де бар еді. Ға­сыр ба­сын­да­ғы ала­қыз­ба­лық­тан ата­лары абы­рой тап­па­ды. Со­дан өр­ші­ген дү­ниежү­зі­лік со­ғыс­та əке­ле­рі қан төк­ті. Талайы­ның дү­ниеге ке­лер-кел­ме­сі­не, кел­се, одан əрі дү­ниеде бо­лар-бол­ма­сы­на əлде­не­ше рет шын­дап қауіп төн­ді. Ту­ра ма­ғы­на­сын­да­ғы өсу мен өшу­дің пышақ­тың жү­зін­дей қыл кө­пі­рін­де тір­лік ке­шу­ге ту­ра кел­ді. Əлеу­мет­тік əуме­сер­лік атау­лы­дан көз аш­пай жа­тып жү­рек­те­рі шай­лы­ғып үл­гер­ді. Бі­лім алу­ға, ең­бек ету­ге, өсіп-өну­ге, əлеу­мет­тік ме­рей-мəрте­бе­ге же­ту­ге кө­бі­рек бейіл бол­ды. То­та­ли­тар­лық са­на­ның дағ­да­ры­сын ал­ғаш рет осы буын­ның өмір­ге қа­дам ба­суы бас­тап бер­ді. Өмір­де­гі ке­лең­сіз­дік­тер мен көз­қа­рас­та­ғы қа­саң­дық­тар­дың кө­бе­сін сө­ге­тін көк­тем ле­бін­дей оң үміт­тер оят­ты. Рес­ми сая­сат­пен ке­лі­се қой­майт­ын дис­си­де­нт­тік пі­кір­лер етек жая бас­та­ды. Бұ­ны үл­кен сая­сат­та­ғы ман­сап­қор күш­тер өз мақ­сат­та­ры­на пай­да­лан­бай қал­ған жоқ. «Хру­щев жы­лы­мы­ғы» дейт­ін құ­бы­лыс со­лай пай­да бол­ды. Бі­рақ, ұзақ дəурен­дей ал­ма­ды. Мақ­са­ты­на жет­кен би­лік­ші топ қайтадан тоқ­мейіл­сіп, қо­ғам то­қы­рауға бет тү­зе­ді. Алай­да, қан­дай əккі əлеу­мет­тік ин­же­не­рия да объек­тив­ті ал­ғы­шарт­та­ры қа­лып­та­сып қой­ған та­ри­хи про­цес­тер­ді бір­жо­ла­та құм­ға сі­ңі­ріп жі­бе­ре ал­май­ды екен. Іш­тей екіұ­дайы­лық тек əде­биет пен өнер­де ға­на емес, əлеу­мет­тік өмір­дің бар­лық са­ла­ла­ры мен қа­бат­та­рын­да, тіп­ті би­лік тө­ңі­ре­гін­де де мық­тап орын теуіп үл­гер­ген бо­лып шық­ты. Əлде­не­ше pет қол­ға алын­ған «жұм­сақ ре­фор­ма­лар» да со­дан өр­біп­ті. Қа­жет де­се­ңіз, Крем­ль қа­быр­ға­ла­ры­ның ар­ғы жа­ғы­нан оқ­тын-оқ­тын оқыс ой­қас­тап қоя­тын «саяси ойын­дар» да тек бақ­та­лас­тық­қа ға­на емес, өмір­ге тү­бе­гей­лі өз­ге­ріс ке­рек екен­ді­гі­не де иек ар­тып­ты.

 

Бəрі өл­се де, үміт өл­мей­ді де­ген рас екен

Сөйт­іп «елу үш­тің суық көк­те­мі­нен» бас­тап ір­ге­сін сыз тар­та бас­та­ған со­циалис­тік дог­ма сек­сен екі­нің суық кү­зін­де əбден мү­жі­ліп бі­ту­ге ай­нал­ға­нын мық­тап сез­ді­ре бас­та­ды. Оны қайтадан қа­лып­қа кел­ті­ру əре­кет­те­рі апат­тық жағ­дайды одан əрмен ас­қын­ды­рып жі­бер­ді. Қы­тай­да­ғы мəде­ни ре­во­лю­ция, су­ро­ком­му­низм, венгр оқи­ға­ла­ры, «Пра­га көк­те­мі», по­ляк кəсі­по­да­ғы­ның же­ңі­сі, ау­ған со­ғы­сы, «жұл­дыз­ды со­ғыс», Бер­лин қа­быр­ға­сы­ның құ­лауы – со­циалис­тік жүйе­нің əлем­дік бей­біт ық­пал­дас­тық­қа шы­дас бе­ре ал­майтынын аң­ға­рт­ты. Оның үс­ті­не, аты­шу­лы ал­пы­сын­шы жыл­дар ұр­па­ғы ен­ді əлеу­мет­тік тіз­гін­дер­ге де қол со­за бас­та­ды. Бұл қо­ғам­да­ғы өз­ге­ріс аң­саушы­лық­ты одан əрмен кү­шейте түс­ті.

Бі­рақ, бұл кез­де­гі ауыз­дан түс­пе­ген «адам кейіп­тес со­циализм», «із­гі­лен­ді­ріл­ген со­циализм» ор­на­ту да бі­раз­дан кейін шын­дық­тан гө­рі қиял дү­ниесі­не қа­рай ойыс­ты. Ке­ңес­тік би­лік то­бы ен­ді ха­лы­қа­ра­лық ық­пал­ды­лық­тан іш­тей кү­дер үзіп, өз мем­ле­ке­ті­нің им­пе­рия­лық си­па­ты­нан айыры­лып қал­мауына кө­бі­рек кө­ңіл бө­лу­ге мəжбүр бол­ды. Бұл жол­да, ке­рек бол­са, маркс­тік қа­ғи­да­лар­ды да бел­ден ба­су­дан тай­ын­байт­ын­дық­та­рын бай­қа­тып үл­гер­ді. Ұлт­тық-ай­мақ­тық мем­ле­кет­тік тү­зі­лім­нен бас тар­тып, бі­рың­ғай ай­мақ­тық құ­ры­лым­дар­ға кө­шу кө­бі­рек ауыз­ға алын­ды. Ұлт­тар­дың өзін өзі би­леуі құ­қы­на ас­тыр­тын ша­бу­ыл ен­ді ашық си­пат ала бас­та­ды. Одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­ды өз-өзі­нен ұлт­сыз­дан­ды­ру саяса­ты ен­ді мүл­дем дəрмен­сіз­ден­ді­ру­ге ауыс­ты. Ол үшін жер­гі­лік­ті эли­та­лар­ды бір­жо­ла­та ауыз­дық­тау қол­ға алын­ды. Оған сыл­тау аз емес-ті. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­рес күл­лі ел бой­ын­ша емес, тек ұлт рес­пуб­ли­ка­ла­рын­да ға­на ең қа­тал, мей­лін­ше кең ау­қым­да қар­қын ал­ды. Бі­рақ, ол көз­де­ген мақ­сат­қа же­ту­ге тым аз­дық ет­ті. Бұ­рын да та­лай рет жү­зе­ге асы­рыл­ған ұлт­шыл­дық­пен жап­пай кү­рес қайтадан қау­лай жө­нел­ді. Тап­шыл ин­тер­на­ци­она­лизм ал­хи­мик­те­рі кү­ні ке­ше­ге дейін өз­де­рі мақ­та­нып кел­ген «ха­лық­тар дос­ты­ғы­ның ла­бо­ра­то­риясын­да» өз қол­да­ры­мен қо­па­ры­лыс ту­ғы­зып, əлеу­мет­тік дүр­бе­лең­дер айма­ғы­на ай­нал­ды­рып, Қа­зақ­стан­ға ал­ды­мен бас сал­ды. Мұ­ны көр­ген өз­ге рес­пуб­ли­ка­лар қол қу­сы­рып қа­рап оты­ра ал­ма­ды. Сырт­тан та­ңыл­ған «ұлт­шыл­дық ойын­да­ры» ор­та­лық пен ай­мақ­тар ара­сын­да­ғы тек эт­ни­ка­лық қа­на емес, аса күр­де­лі саяси-эко­но­ми­ка­лық ала­лаушы­лық­тың да бе­тін аш­ты. Ай­мақ­тық, са­ла­лық, тіп­ті кəсі­по­рын­дық се­па­ра­тизм ті­ріл­ді. Же­тек­ші пар­тия­ның өз ішін­де құ­ры­лым­дық те­ке­ті­рес оян­ды. Оның бəрін де­мок­ра­тияла­ну жо­лын­да­ғы кү­рес деп тү­сін­ді­ру­ден бас­қа амал қал­ма­ды. Же­ке адам­ға та­бы­ну­шы­лық тұ­сын­да­ғы «те­мір­дей тəртіп» қайта оя­нып ке­те ме деп қор­қып отыр­ған қо­ғам бұл ұран­ды қуана же­леуле­тіп əкет­ті. Жо­ға­ры­да­ғы­лар­дың кө­рер көз­ге дағ­да­ры­сы тө­мен­де­гі­лер­дің жап­пай жел­пі­ні­сін ту­ғыз­ды.

Ойда жоқ­та оқыс ба­ғыт­қа бұ­рыл­ған оқи­ға­лар дүм­пуі көп құ­рам­ды ко­ғам­ның бар­лық сег­мент­те­рін тү­гел қам­ти бас­та­ды. Аза­мат­тық бос­тан­дық­пен қо­са ұлт­тық тəуел­сіз­дік мəсе­ле­сі де өт­кір­ле­не түс­ті. «Қа­зақ­стан­ды есең­гі­ре­ту» опе­ра­циясы қал­ған­дар­ды есейту опе­ра­циясы­на ай­нал­ды. Ұлт­тар­дың өзін өзі би­леуі мен өз да­му­ын өзі ба­ғыт­тау құ­қын жү­зе­ге асы­ру­дың жол­да­ры шы­ны­мен тол­ған­ды­ра­тын­ды шы­ғар­ды. Көп­те­ген рес­пуб­ли­ка­лар­да ха­лық­тық май­дан­дар ашы­лып, нақ­ты əре­кет­тер­ге көш­ті.

Дү­бір­ле­ген дүр­лі­гіс­ті ке­ңіс­тік­те Қа­зақ­стан ға­на əрі-сəрі, əрпіл-тəрпіл хал кеш­ті. Оз­быр мет­ро­по­лия оны əп де­ген­нен əлгі­дей дəме­ден кү­дер үз­ді­ру­ге ты­рыс­ты. Ке­ше­гі жақ жап­пай мақ­тау ен­ді дат­тау­мен ал­мас­ты. Қа­зақ­стан эко­но­ми­ка­сы бас қа­лар­дың есе­бі­нен күн кө­ріп отыр­ған ма­сыл эко­но­ми­ка, қа­зақ хал­қы мəде­ни-əлеу­мет­тік да­муы жа­ғы­нан арт­та қал­ған үл­гі ре­тін­де кес­кін­дел­ді. Тіп­ті, ба­сым көп­ші­лі­гі өз ті­лін өзі ұмы­тып қал­ған ха­лық­қа ор­та­лық­тан кел­ген кө­ре­ген бас­шы ана ті­лін өзі үйре­тіп жат­қан бо­лып көр­се­тіл­ді. Өз ал­ды­на мем­ле­кет бол­мақ тү­гі­лі, өз ара­сы­нан бас­шы тауып қоя ала­тын да мүм­кін­ді­гі жоқ мүжəлсіз рес­пуб­ли­ка жай­ын­да қай­да­ғы жоқ қи­сын­дар та­ра­ты­лып бақ­ты. Бұл ке­ңіс­тік­ті ежел­ден ме­кен­деп кел­ген «бас­қа ав­тох­тон­дар» із­деу қуат­тал­ды. Зиялы қауым мен ха­лық­тық бұ­қа­ра­ның ара­сы­на сы­на қа­ға­тын, ұлт­тық эли­та­ның өза­ра қыр­қы­сын оята­тын сан қи­лы айла-шар­ғы­лар қа­рас­ты­рыл­ды. Бі­рақ қа­зақ хал­қы мəңгүрт­тік­тен əлде­қа­шан өтіп­кет­кен­ді­гін тек жел­тоқ­сан күн­де­рін­де ға­на емес, одан кейін­гі ке­зең­де де ай­қын аң­ға­рт­ты. Ел­де аса қуат­ты ан­тияд­ро­лық, ана ті­лін, ту­ған та­би­ға­тын қор­ғау, та­ри­хи зер­де­ні қал­пы­на кел­ті­ру жо­лын­да­ғы қоз­ға­лыс­тар етек жай­ды. Ор­та­лық­тың та­за əлеу­мет­тік қиын­шы­лық­тар­дан туын­да­ған Жа­ңаөзен оқи­ға­ла­рын пай­да­ла­нып, ұлт араз­ды­ғын қоз­ды­рып, со­ны сыл­тау етіп, «қа­зақ ұлт­шыл­ды­ғы­мен» кү­рес­ті одан əрмен пəрмен­ден­ді­ре түс­пек ниеті іс­ке ас­пай қал­ды. Уа­қыт «қы­зыл штaбтap» сəуе­гей­лі­гі­мен есеп­тес­пейт­ін­ді шы­ғар­ды. Қа­зақ­стан­дай көп ұлт­ты қо­ғам­да­ғы ахуал­ды ор­нық­ты қа­лып­та ұс­таудың қай жақ­қа да тиім­ді екен­ді­гін тү­сі­не­тін көз­қа­рас­тар пай­да бол­ды. Ол үшін мұн­да­ғы жағ­дайды же­тік бі­ле­тін ете­не бас­шы қа­жет­ті­лі­гі кім-кім­ге де аян еді. Қа­зақ­стан­ды бұ­дан əрі де «бұ­рыш­қа тұр­ғы­зып қой­ған тен­тек ба­ла­ның» жағ­дайын­да қал­ды­ру­ға бол­майт­ын­ды­ғы КСРО Ха­лық де­пу­тат­та­ры I құ­рыл­тайын­да ашық сөз етіл­ді.

 

Құ­дай оң­ғар­ған­да

Таң­дау­ды бұ­рын­да­ғы­дай Ор­та­лық Ко­ми­тет­тің ұйым­дас­ты­ру бө­лі­мі емес, уа­қыт­тың өзі жа­са­ды. Шөп оған дейін рес­пуб­ли­ка үкі­ме­тін бас­қа­рып кел­ген Нұр­сұл­тан Əбішұлы На­зар­баев­қа түс­ті. Бұл жұрт­шы­лық та­ра­пы­нан үл­кен опти­мизм оят­ты.

Н.Ə.На­зар­баев – жо­ға­ры­да сөз бол­ған ал­пы­сын­шы жыл­дар­дың тү­ле­гі еді. Оны да ке­ңі­нен та­ны­мал ет­кен сол буын­ға тəн жа­ңа­лық­қа ала­бө­тен құш­тар­лық еді. Ша­мал­ған ауы­лын­да­ғы ша­руажай от­ба­сын­да ту­ған жа­сөс­пі­рім жі­гіт­тің аты мек­теп бі­тір­ген бой­да-ақ күл­лі рес­пуб­ли­ка­ның ауызы­на ілік­ті. Бар­ша қа­зақ жас­та­рын ин­ду­ст­рия­лық ма­ман­дық­тар­ды иге­ру­ге ша­қы­рып, жа­ңа­дан са­лы­нып жат қан Қа­ра­ған­ды ме­тал­лур­гия ком­би­на­ты­на ат­тан­ға­ны сол кез­дің саяси өмі­рін де­гі елеу­лі оқи­ға бол­ды. Бұл – атал­мыш ке­зең­де­гі рес­ми сая­сат­тың ата-ба­ба­дан бас­ты мұ­ра боп ке­ле жат­қан ақ таяқ­ты қол­ға алып, жап­пай қой ба­ғу­ға ша­қыр­ған үн­деуле­рі­не аты­мен ке­ре­ғар бас­та­ма еді. Ол ке­ңес өкі­ме­ті­нің əу бас­тан ақы­ры­на дейін мық­тап ұс­тан­ған қа­зақ­тар­ды ин­ду­ст­рия са­ла­сы­нан мей­лін­ше шет­қақ­пай ұс­тауға ты­рыс­қан іш есе­бі­мен де сый­ыс­пайт­ын еді. Өн­ді­ріс­тің мұ­най мен құ­ры­лыс­тан бас­қа қай са­ла­сын ал­са­ңыз да, жер­гі­лік­ті ұлт өкі­лі­нің са­ны 5-10 пай­ыз­дан ас­пайт­ын. Нұр­сұл­тан­ның бас­та­ма­сы­на жер-жер­де­гі қа­зақ жас­та­ры үн қос­ты. Уни­вер­си­тет­те оқып жүр­ген біз­дің ара­мыз­дан да оқуын тас­тап, Те­мір­тау­ға ат­тан­ған­дар бол­ды. Бүйт­іп өз ке­зе­ңі­нің қа­һар­ма­ны атан­ған жас жі­гіт­тің шын мəнін­де­гі бас­та­ма­шы екен­ді­гін не­ме­се идеоло­гиялық штаб­тар қол­дан жа­са­ған на­си­хат қуыр­ша­ғы екен­ді­гін анық­тап бі­лу­ге де­ген əуес­тік оян­ды. Осы жол­дар­ды жа­зып отыр­ған адам­ға сол жыл­да­ры ол бі­тір­ген Қас­ке­лең­де­гі Абай атын­да­ғы ор­та мек­теп­те пе­да­го­ги­ка­лық тəжі­ри­бе­ден өту­ге ту­ра кел­ді. Ұс­таз­да­ры да, мек­теп­тес­те­рі де Нұр­сұл­тан­нан əуел­ден де үл­кен үміт кү­те­ді екен. Ба­ла ке­зі­нен ерек­ше көз­ге тү­сіп­ті. Еш­те­ңе­ден тай­ына қой­майт­ын ба­тыл мі­не­зі­не қа­ра­мас­тан ыр­ду-дыр­ду­ға он­ша құ­мар емес, кө­бі­не-көп оңа­ша ой­найт­ын қиял­шыл əрі қай­сар ба­ла бо­лып­ты. Бі­ре­се гео­лог, бі­ре­се ұш­қыш бо­лу­ды ар­ман­дап­ты. Кі­тап­ты көп оқып­ты. «Бо­лар ба­ла» екен­ді­гін ер­те аң­ғар­тып­ты.

Мек­теп­те­рі­нің ол айт­қан­да­ры рас боп шық­ты. Өз­ге «бас­та­ма­шыл­дар­дай» бас­па­сөз бен жиын­дар­дың тө­рін бер­мейт­ін «той­шы­лық» дəурен кеш­пей, ме­тал­лург бо­лу­дың жо­лы­на шын­дап түс­ті. Өзі қо­рыт­қан бо­лат­тай қа­пы­сыз шың­дал­ды. Өз ма­ман­ды­ғын же­тік бі­лу­мен қо­са əлеу­мет­тік өмір­ге де бел­се­не ара­лас­ты. Сырт­тай оқып, жо­ға­ры бі­лім ал­ды. Өнер қу­ды. Спорт­пен шұ­ғыл­дан­ды. Не­мен айна­лыс­са да, бəйге­нің ал­дын бер­меуге ты­рыс­ты. Суыры­лып ал­ға шық­пай қой­майт­ын сү­лей мі­не­зін та­ныт­ты. Көз­ге тү­се бі­ле­тін, көр­ген­дер­дің кө­ңі­лі­нен шы­ға бі­ле­тін жəне бір ұнат­қан адам­да­ры жа­бы­сып айы­рыл­май қоя­тын ерек­ше өтім­ді, со­ған қа­ра­мас­тан аса көп­шіл жі­гіт бол­ған­ды­ғын, қа­сын­да­ғы­лар­дың на­мы­сын жыр­тып, есе­ле­рін еш­кім­ге жі­бе­рт­пейт­ін өжет­ті­гін кө­ре қал­ған­дар мен бі­ле қал­ған­дар əлі­ге дейін ерек­ше ри­за­шы­лық­пен айтады. Бас­шы­лық қыз­мет­ке де сол көп­шіл мі­не­зі­не бо­ла ең­бек­тес ор­та­сы кө­те­ріп­ті.

Өз айт­қан­да­ры бол­ма­са, аз­ғыр­ған­ға кө­не қой­майт­ын əлеу­мет­тік қи­қар­лы­ғы мол жұ­мыс­шы ор­та ке­зек­ті бір пар­тия кон­фе­рен­ция­сын­да жо­ғар­ғы жақ­тың ұсын­ған ада­мын парт­ком хат­шы­лы­ғы­на өт­кіз­бей қояды. Одақ­тық дəре­же­де­гі алып ком­би­нат­тың саяси бас­шы­лы­ғы­на өз ор­та­сы­нан шық­қан та­ла­нт­ты да та­лап­шыл жас ин­же­нер­ді ұсы­на­ды. Əу бас­тан-ақ көп­тің қол­дауына сүйе­ніп, шын мəнін­де де, тө­мен­нен кө­те­ріл­ген жас хат­шы ба­тыл­ды­ғы мен ұйым­дас­ты­ру­шы лық те­геурі­ні­мен бір­ден көз­ге тү­се­ді. Ме­тал­лур­гия са­ла­сы­ның өз­де­рін «жар­ты пат­ша» се­зі­ніп қал­ған не бір əупі­рім бас­шы­ла­ры да кеп ұза­май оны­мен есеп­те­се­тін­ді шы­ғар­ды. Қа­ла­лық, об­лыс­тық, рес­пуб­ли­ка­лық, одақ­тық саяси бас шы­лық та оның зе­рек­ті­гі мен ал­ғыр­лы­ғын ба­ға­лай бас­тайды. Алып ком­би­нат тың дер ке­зін­де іс­ке қо­сы­лу­ына, он­да на­ғыз осы за­ман­дық тех­но­ло­гиялық цикл­дар­дың ойда­ғы­дай жү­зе­ге асы­ры­лу­ына ті­ке­лей мұ­рын­дық бо­ла­ды. Қа­тар­да­ғы жұ­мыс­шы­дан бас­тап, одақ­тық ми­ни­стр­лер­ге дейін, бұ­рын­ғы цех­тас дос­та­ры­нан бас­тап, ең жо­ғар­ғы пар­тия мен үкі­мет бас­шы­ла­ры­на дейін бір­ге оты­рып, мəсе­ле тал­қы­лап, те­ре­зе­сі тең сөй­ле­су­ге же­тіл­ген жас хат­шы­да үл­кен сая­сат­қа ке­рек са­рап­шыл ой, аза­мат­тық уыт, жі­гер мен ерік, əлеу­мет­тің ті­лін та­бу­ға же­тік­тік, көп ұлт­ты ор­та­ны тү­гел мой­ын­да­та ала­тын­дай мəде­ни-ин­тел­лек­ту­ал­дық биік өре, кө­ше­лі мі­нез-құлық қа­лып­тас­ты.

Жұ­мыс­шы­лық­тан бас­тап, цех, зауыт, ком­би­нат, қа­ла, об­лыс бас­шы­лы­ғы мек­те­бі­нен тү­гел сү­рін­бей өт­кен жі­гер­лі ма­ман көп ұза­май рес­пуб­ли­ка­лық сая­сат сах­на­сы­нан бір-ақ шық­ты. Жас­тайы­нан «ауыл­да ту­ған қа­зақ ба­ла­сы­ның қо­лы­нан анау ке­ле­ді, мы­нау кел­мейді дейт­ін бө­тен­нің кем­сі­тіп, өзі­міз­дің өзі­міз­ді тұ­қыр­тып, айта са­ла­тын ұш­қа­ры пі­кір­лер­ге өлер­дей ыза боп, оны же­ке ба­сы­ның өне­ге­сі­мен те­ріс­ке шы­ға­рып ба­ғу­ды мұ­рат қып өс­кен өт­кір де өжет аза­мат жо­ға­ры эше­лон­ға ілік­кен соң да жі­бек­тей есі­ле қал­майды. Оның қа­рым­ды­лығы, мəсе­ле­нің бай­ыбы­на бар­май қой­майт­ын пай­ым­ды­лы­ғы көп­ті көр­ген ақ­қап­тал ор­та­ның кө­зі­не бір­ден ша­лы­на­ды. Бі­рақ, би­лік­тің жо­ға­ры дең­гейін­де мұн­дай тым оз­ғын қа­сиет­тер­ге мақ­та­на қа­райт­ын­дар­дан гө­рі сақ­та­на қа­райт­ын­дар­дың көп бо­ла­тын­ды­ғы аян. Оның үс­ті­не, На­зар­баев­тың саяси ша­рық­тауы ке­ңес­тік қо­ғам­ның тоз-то­зы шы­ға бас­та­ған қо­па­рыл­ма­лы ке­зе­ңі­не тұс­па-тұс кел­ді.

Ол кез­де ор­та­лық бас­шы­лық­тың ұйым­дас­ты­ру­шы тех­но­лог­та­ры Қа­зақ­стан бас­шы­лы­ғын қау­қар­сыз­дан­ды­ру­ды мық­тап қол­ға ал­ған еді. Олар қол­да бар ұлт­тық эли­та­ны мо­раль­дық тұр­ғы­дан ірі­те тү­су­дің күр­де­лі жүйе­сін жа­сақ­тап, жү­зе­ге асы­ру­ға кі­ріс­кен-ді. Олар­ды əуелі бір-бі­рі­не ай­дап са­лып, дүр­да­раз­дық­қа ұрын­дыр­ды. Сүйт­іп, əрқай­сы­сы­ның арт­та­ры­нан сөз ерт­ті. Со­сын оза­ра есеп айыры­су­ға итер­ме­ле­ді. Сүйт­іп ежел­ден бар «өз­де­рін өз­де­рі­не құрт­қы­зу» сце на­рийін іс­ке қос­ты. Ақыр ая­ғын­да іс­ті на­сыр­ға шап­ты­рып, кез­дей­соқ жан­жал­дар мен дүр­бе­лең­дер­ге ұрын­ды­рып, əркім өз ба­сы­мен өзі қай­ғы боп ке­те­тін жап­пай пұ­шай­ман­дық­қа ұшы­рат­ты. Оқи­ға­лар­дың ба­ры­сы, қа­зақ қауы­мын ұзақ уа­қыт­қа дейін бір-бі­рі­мен қыр­қыс­ты­рып қою­дың айла-шар­ғы­сы əуел­ден-ақ жан-жақ­ты ой­лас­ты­ры­лып, тың­ғы­лық­ты əзір­лен­ген­ді­гін көр­сет­ті. Ол кез­де­гі көз­ге бір­де кө­рі­ніп, бір­де кө­рін­бей жү­ріп жат­қан бұл саяси зы­миян­дық­қа, жы­мыс­қы ша­бу­ыл­дар мен жүйелі түр­де жүр­гі­зіл­ген қо­қан-ло­қы­ға тө­теп бе­ру кім-кім­ге де оңай емес-тұ­ғын. Бі­реулер қу­да­лауға шы­дай ал­май, қа­ра­лай жүн­жіп кет­ті. Бі­реулер қайт­кен­де кө­ңіл­ден шы­ға­мын деп, ша­ма­дан тыс со­ла­қай­лық­қа ұрын­ды. Бі­реулер бəрі­нен де баз кеш­ті. Та­ғы да сол ба­ла­пан ба­сы­на, тұ­рым­тай тұ­сы­на дейт­ін­дей за­ман кез кел­ді. Тек өте са­наулы­лар ға­на ағым­да­ғы сая­сат­тың ауқы­мы­мен шек­тел­мей, за­ма­на аң­ға­рын алыс­тан аң­дай ал­ды. Бо­ла­ша­ғы зор ба­ғыт­тар­ға орай­лас қи­мыл­дау­ға ұм­тыл­ды. Сол ар­қы­лы əлгін­дей əбжіл ұйық­тар­ға ба­тып қал­май, же­міс­ті із­де­ніс­тер ар­на­сы­на уақы­ты­лы кө­ше біл­ді. Ол мақ­сат­та­ғы амал­дан да, айла-шар­ғы­дан да, ашық кү­рес­тен де тай­сал­ма­ды. Атал­мыш ке­зең­де­гі Қа­зақ­стан бас­шы­лы­ғы­на бұн­дай өре­лі та­лап­қа бір­ден бір жауап бе­ре ал­ған адам Нұр­сұл­тан На­зар­баев бол­ды де­сек, ар­тық айт­қан бол­мас­пыз.

Бұ­ған КСРО ха­лық де­пу­тат­та­ры­ның I құ­рыл­тайы ба­ры­сын­да күл­лі ке­ңес қо­ға­мы­ның кө­зі же­те бас­та­ды. Қа­зақ­стан де­пу­та­циясы­ның бір кез­де Крем­льде­гі­лер ат ба­сын­дай ал­тын тап­қан­дай қуа­нып ат­тан­дыр­ған рес­ми бас­шы­сы кө­лең­ке­де қал­ды. Жұрт­ты қайт­іп ал­дап-су­лауды жақ­сы бі­ле­тін, тіп­ті айна­дан өзін көр­се де, өзі­не өзі қа­ра­лай қы­лым­сып бі­те­тін əккі ман­сап­қор кө­за­па­ра ас­ты-үс­ті­не төң­ке­рі­ліп ба­ра жат­қан ала­ман-асыр за­ма­на­ның тұт­қиыл мəсе­ле­ле­рі­не бел­се­не жауап із­деуде ора­лым­ды­лық та­ны­та ал­май, то­сы­лып қал­ды. Қа­зақ­стан­да жүр­ген­де бү­кіл бір жа­ңа­дан са­лын­ған ал­ма­ты­лық ба­ла­лар бақ­ша­сын­да бүл­дір­шін­дер­дің өз ана ті­лін­де тəлім- тəрбие ал­ға­ны­нан бас­қа қа­быр ға­сы­на еш­те­ңе ба­тып көр­ме­ген көл­де­нең көк ат­ты кім­нің жыр­ты­сын жыр­тып əуре бо­лу­шы еді!? Аузы­на құм құй­ыл­ды. Ақыл­ды да тап­қыр қа­зақ сая­сат­шы сы суыры­лып ал­ға шық­ты. Əсі­ре­се, сол кез­де­гі ең дау­лы мəсе­ле­нің бі­рі – Тби­ли­си оқи­ға­ла­ры­на бай­ла­ныс­ты іс­тер­ді тек­се­ре­тін пар­ла­мент ко­мис­сиясы­ның қыз­ме­тін бас­қа­руы қан­дай зең­гір биік­тен де ба­сы айна­ла қой­майт­ын, қан­дай шы­тыр­ман шыр­ға­лаң­нан да жол та­ба ала­тын са­раб­дал сая­сат­шы­лық та­лан­ты қа­пы­сыз ай­ғақ­тай ал­ды. Сол-ақ екен де­пу­тат На­зар­баев­тың ал­ды­нан одақ­тық саяси олимп­ке кө­те­рі­лер сан тар­мақ жол­дар ой­қас­тап шы­ға бас­та­ды. КСРО Пре­зи­ден­ті инс­ти­ту­ты бе­кі­тіл­ген­де ви­це-пре­зи­де­нт­тік­ке ал­ды­мен со­ның кан­ди­да­ту­ра­сы ұсы­ныл­ды. Ке­неуі ке­те бас­та­ған одақ­ты қа­лай құт­қа­рып қа­лу­дың ама­лы та­был­май, дағ­дар­ған­да КСРО үкі­ме­тін бас­қа­ру со­дан сұ­рал­ды. Та­мыз дүр­бе­лең­де­рі­нен кейін­гі одақ­тың бо­ла­ша­ғын тал­қы­лайт­ын əйгі­лі жиын­да бас баян­да­ма­ны жа­сау бас­қа­ға емес, На­зар­баев­қа се­ніп тап­сы­рыл­ды. Сол бір күн­де­рі «Рос­сия» мей­ман­ха­на­сы­нан Спасск қақ­па­сы­на дейін жол­дың екі бе­ті­не қы­зыл жа­лауша ұс­тап тұр­ған пи­кет­ші­лер­дің Қа­зақ­стан өкіл­де­рін көр­ген­де көз­де­рін­де жылт оя­нып: «На­зар­баев, На­зар­баев!» деп, шуыл­дас­қа­ны да, əншейін­де əңгі­ме­ге дес бер­мейт­ін пар­ла­ме­нт­ші­лер­дің мін­бе­де­гі Нұр­сұл­тан Əбішұлы­ның əр сө­зін қалт жі­бер­мей, сіл­ті­дей ты­нып тың­да­ға­ны да, үзі­ліс ке­зін­де тө­рал­қа за­лы­на бас сұқ­қа­ным­да, Фо­рос оқи­ға­сы­нан кейін қу­қыл­да­нып, құ­ты қа­шып, сұп-сұр киі­ніп, сұң­ғақ­та­на түс­кен Гор­ба­чев­тың қақ төр­ге шал­жия жай­ғас­қан қа­зақ бас­шы­сы­ның бі­ре­се ана құ­ла­ғы­на, бі­ре­се мы­на құ­ла­ғы­на ба­рып, бір­де­ңе­лер­ді айт­ып, қы­за­рақ­тап, құ­рақ ұшып жүр­ге­ні де əлі көз ал­дым­да. Сон­да ішім­нен: «шір­кін, аума-төк­пе дү­ние-ай!», – деп тəуба­ма кел­гем. Сүйт­іп, бір кез­де өзі­нен бас­шы та­был­майды де­лін­ген рес­пуб­ли­ка­ның жа­ңа же­тек­ші­сі əлем­де­гі ең ірі екі­дер­жа­ва­ның бі­реуі­нің ба­сы­на іс түс­кен­де, ауыз­ға ал­ды­мен ілі­гіп, ең бі­лік­ті са­рап­шы, ең үйі­рім­ді мəмле­гер ре­тін­де мой­ын­дал­ды. Бұл еш­қан­дай жо­ға­ры­дан жа­сал­ған айы­рық­ша ша­ра­пат, айы­рық­ша қол­дау ар­қы­лы кел­ме­ген на­ғыз мой­ын­дау, шы­найы бе­дел еді.

Бір айта ке­те­тін жағ­дай, қа­зақ бас­шы­сы əңгі­ме бо­лып отыр­ған қиын қыс­тау күн­дер­де ас­қан та­лан­ты­мен қо­са аса те­рең ин­ту­иция­сын да анық бай­қа­та ал­ды. Əлгін­дей жо­ға­ры лауа­зым­дар­дың бəрі­нен де бас тарт­ты. Та­мыз дүр­бе­ле­ңі тұ­сын­да да, Бе­ло­вежье кез­де­суі ке­зін­де де ерек­ше Ұс­там­ды­лы­ғы­мен көз­ге түс­ті. Түп­кі­лік­ті ше­шім қа­был­дау­ға асық­па­ды. Бұл тек өз ба­сын ға­на емес, елі мен хал­қы­ның тағ­ды­рын да əр түр­лі кез­дей­соқ­тық­тан аман сақ­тап қа­лу­ға, жағ­дай­дың ал­ды-ар­тын жан-жақ­ты та­ра­зы­лап, қа­пы со­ғып қал­майт­ын­дай дұ­рыс таң­дау жа­сауына мүм­кін­дік бер­ді. Сая­сат – тіп­ті де, спорт емес. Көз­жұм­бай­лық­ты кө­тер­мейді.

На­зар­баев­тың рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы­на ке­луі Қа­зақ­стан­ды əлем­дік қо­ғам­дық пі­кір­де ол кез­де­гі одақ­тық ке­ңіс­тік­тің caн қи­лы ла­қап­қа то­лы ең бір эк­зо­ти­ка­лық айма­ғы ре­тін­де бей­не­ле­ніп кел­ген қи­тұр­қы ахуал­дан бір­жо­ла­та арылт­ты. Өз тұ­сын­да­ғы за­ма­на­лық про­цес­тер­ге ба­тыл ара­ла­сып, өзі­нің бе­дел­ді сө­зін бел­се­не айтуға мүм­кін­дік алып бер­ді. Жа­ңа бас­шы бұ­ған бір­ден бір тос­қауыл бо­лып кел­ген «қа­зақ ұлт­шыл­ды­ғы» ту­ра­лы на­қақ айып­таудың кү­шін жоюды үзіл­ді-ке­сіл­ді түр­де та­лап ет­ті. Бұл – оз­быр ор­та­лық­тың бір кез­де өзі жі­бер­ген өрес­кел əді­лет­сіз­ді­гін өзі­не мой­ын­да­ту еді. Күл­лі ұлт үшін үл­кен мо­раль­дық же­ңіс еді. Оның үс­ті­не, бұл жа­ңа бі­рін­ші хат­шы­ның бұ­ған дейін­гі бас­шы­лық­тар­дай ор­та­лық­тың айт­қа­нын екі ет­пейт­ін, жүн­деу­ге жақ­сы жуас түйе бол­майт­ын­ды­ғын аң­ға­рт­ты. Сол ар­қы­лы өзін жо­ға­ры жақ та­ғай­ын­да­ған жол­би­ке емес, уа­қыт­тың өзі шы­ға­рып, өзі өмір сү­ріп отыр­ған үл­кен əлеу­мет­тік ор­та­ның өзі қол­дап отыр­ған саяси бас­шы деп са­найт­ын­ды­ғын ашық көр­сет­ті. Бұл – Нұр­сұл­тан На­зар­баев­тың аса қиын та­ри­хи ке­зең­де­гі на­ғыз ха­лық­тық таң­дау­ға жан-тəні­мен пейіл бо­лып, ол дəмет­кен өре­ден шы­ғу­ға ашық­тан ашық ұм­тыл­ған бі­рін­ші нар тəуеке­лі еді.

Сөйт­іп, Қа­зақ­стан­ды қақ­па­қыл­ға са­лу саяса­ты­ның та­мы­ры­на бал­та ша­был­ды. Жа­ңа бас­шы аса күр­де­лі саяси ахуал тұ­сын­да аса өт­кір та­лас ту­дыр­ған «Тіл ту­ра­лы заң­ды» қа­был­дау­ға ті­ке­лей ат­са­лыс­ты. Əр жыл­дар­ғы саяси нау­қан­дар тұ­сын­да адам та­ны­мас­тай бұр­ма­лан­ған ұлт­тық та­ри­хы­мыз­ға жа­сал­ған зиян­кес­тік­тің сал­да­рын жүйелі түр­де тү­зе­ту­ді жол­ға қой­ды. Кадр саяса­тын­да­ғы асы­ра сіл­теу тый­ыл­ды. Ұлт­тық тəуел­сіз­ді­гі­міз жо­лын­да­ғы кү­рес­тің тұ­сауы алы­на бас­та­ды. Жел­тоқ­сан оқи­ға­ла­ры­на қа­ты­су­шы­лар­ға, орын­сыз қу­да­лауға ұшы­ра­ған бас­шы­лар мен зиялы қауым өкіл­де­рі­не бай­ла­ныс­ты əлеу­мет­тік əді­лет­ті қал­пы­на кел­ті­ру қол­ға алын­ды. Шын би­лік­ті пар­тия ко­ми­тет­те­рі­нен бір­тін­деп мем­ле­кет­тік бас­қа­ру инс­ти­тут­та­ры­на алып бе­ру­дің күр­де­лі про­цес­те­рін жүйелі жəне бей­біт түр­де жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт тү­зел­ді. Жо­ғар­ғы Ке­ңес, пар­тия ор­ган­да­ры­ның ке­зек­ті сай­лау­ла­ры тұң­ғыш рет де­мок­ра­тиялық не­гіз­де өт­кі­зіл­ді. Қа­зақ бас­шы­ның ке­луі эт­ни­ка­лық ас­там­шы­лық­ты өр­бі­тіп, ұлт араз­ды­ғын шиеле­ніс­ті­ре­ді деп бай­ба­лам­да­ған сəуе­гей­лік те бе­кер боп шық­ты. Жа­ңа бас­шы Жо­ғар­ғы Ке­ңес­ке сай­лау ок­ру­гы­нан дау­ыс­қа тү­сіп, қа­лың элек­то­рат­тың ті­ке­лей қол­дауына ие бол­ды. Жа­ңа­дан ша­қы­рыл­ған Жо­ғар­ғы Ке­ңес оны бір ауыз­дан рес­пуб­ли­ка­ның тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті етіп сай­ла­ды.

Бұ­ның бəрі Ке­ңес Ода­ғы­ның ыды­рауы, Ком­му­нис­тік пар­тия­ның би­лік­тен ке­туі сын­ды аса ше­тін оқи­ға­лар тұ­сын­да мей­лін­ше көп ұлт­ты, көп құ­рам­ды, мей­лін­ше күр­де­лі рес­пуб­ли­ка­ның кез­дей­соқ сіл­кі­ніс­тер­ге бой ал­дыр­май, ор­нық­ты өмір сү­руіне ше­шу­ші ық­пал ет­ті. Өйт­ке­ні, Нұр­сұл­тан На­зар­баев­тың өмір­баяны мен қыз­мет жо­лы көп сег­мент­ті қа­зақ­стан­дық қо­ғам­ның кез кел­ген бө­лі­гі өз ада­мы­мыз деп са­науына əбден мүм­кін­дік бе­ре­тін еді. Ол өз саяси бе­де­лі­нің ең бас­ты ар­қауы бо­лып та­бы­ла­тын осы қа­сиет­ке еш­қан­дай ақау тү­сір­меуге өте-мө­те мұ­қият қа­ра­ды. Ол өз отан­дас­та­рын күн­нен күн­ге кү­шейе түс­кен қо­па­рыл­ма­лы жағ­дай­дың ау­дар­ма-төң­кер­ме­ле­рі­нен аман алып қа­ла­тын­дай қауіп­сіз саяси ке­ңіс­тік жа­сақ­тап үл­ге­ру­ге ең ал­ды­мен күш сал­ды. Ол үшін əлгін­дей ке­ңіс­тік ха­лы­қа­ра­лық құқ­тың суб­ъек­ті­сі бо­ла ала­тын­дай саяси мəрте­бе­ге қол жет­кі­зуі ке­рек еді. Бұл – Пре­зи­дент На­зар­баев­тың саяси тағ­ды­рын­да­ғы ең бас­ты, ең қиын ем­ти­хан еді. Бұл мəсе­ле­де­гі дəл оның ба­сын­да­ғы­дай күр­де­лі жағ­дай бас­қа рес­пуб­ли­ка­лар бас­шы­ла­ры­ның бір де бі­рін­де жоқ еді. Сон­дық­тан да оған бұ­рын-соң­ды жан бас­па­ған ға­лам қой­науына ба­рып қайт­қа­лы тұр­ған тұң­ғыш ға­рыш­кер­дің жү­рек жұт­қан ер­лі­гі мен ең соң­ғы ше­шу­ші шай­қас­ты жү­зе­ге асы­ра­тын ең тəжі­ри­бе­лі қол­бас­шы­ға тəн еш­те­ңе­ден мүлт кет­пейт­ін ас­қан сал­қын­қан­ды­лық пен қы­ра­ғы­лық ке­рек еді.

Қа­зақ­стан бас­шы­сы үшін ас­қан абай­шыл­дық­тың бас­ты та­лап бо­луы қай жа­ғы­нан да орын­ды еді. Жиыр­ма­сын­шы ға­сыр­да көз кө­ріп, құ­лақ ес­ті­ме­ген əске­ри, əлеу­мет­тік, саяси-эко­но­ми­ка­лық сы­нақ­тар­дың бас­ты ала­ңы мен бас­ты құр­бан­ды­ғы­на ай­нал­ған қа­зақ же­рін­дей бас­қа жер, қа­зақ елін­дей бас­қа ел жоқ шы­ғар. Үш ға­сыр бой­ына клас­си­ка­лық отар­шыл­дық­тың тыр­на­ғын­да тү­тіл­ген бұ­ра­та­на жұрт ұлт­тық қа­сиет­те­рі­нің ең соң­ғы там­тық­та­ры­нан да айыры­лып, əбден тұл­дыр­ла­нып қа­лу­ға айна­лып еді. Бұ­ны əсі­рең­кі идеоло­гия то­та­ли­та­ризм та­ра­пы­нан кет­кен əлеу­мет­тік əді­лет­сіз­дік деп емес, ұлт­тың өзі­не тəн əлеу­мет­тік ме­шеулік деп ба­ға­лап, көз­ге шұ­қып бақ­ты. Ең өкі­ніш­ті­сі – ға­сыр ба­сын­да ара­сын­да­ғы бас­қа жұрт өкіл­де­рі жиыр­ма пай­ыз­ға жет­пейт­ін бір­тұ­тас ұлт са­наулы жыл­дар ішін­де өз же­рін­де өзі, ең бол­ма­са, ел тұр­ғын­да­ры­ның жар­ты­сын құ­ра­майт­ын аз­шы­лық­қа айна­лып шы­ға кел­ді. Жос­пар­лы түр­де үс­ті-үс­ті­не кө­ші­рі­ліп əкел­ген жа­ңа тұр­ғын­дар өз­де­рін бос жат­қан құ­ла түз­ді ал­ғаш иге­ру­ші­лер­міз деп се­зін­ді. Оған со­лай деп құ­лақ­та­ры­на құй­ып бақ­қан идеоло­гия кінəлі еді. Бай­ыр­ғы тұр­ғын­дар­дың мүд­де­сін ес­кер­мек тү­гі­лі ес­ті­гі­сі кел­мейт­ін тап­шыл экс­пан­сио­низм үс­тем­дік құр­ды. Мұн­дай жағ­дайда та­рих ал­ға то­сып отыр­ған түп­кі­лік­ті ха­лық­қа бай­ла­ныс­ты əлеу­мет­тік əді­лет­ті қа­зір­гі та­ри­хи қа­лып­та­сып қал­ған жағ­дайды ес­ке­ре оты­рып қал­пы­на кел­ті­ру мін­де­ті – қиын­ның да қиыны еді. Оны құп­та­мақ тү­гі­лі ес­ті­гі­сі кел­мейт­ін қи­қар күш­тер қай та­рап­та да жет­кі­лік­ті бо­ла­ры тү­сі­нік­ті еді. Бі­рақ, бұл одан əрі кейін­ге ысы­рып тас­тау­ға көн­бейт­ін аса ше­тін мəсе­ле еді. Сая­сат­шы На­зар­баев дəл мұн­дай бі­рі­нен бі­рі ас­қан тос­қауыл­ға то­лы қиын қа­шық­тық­ты ас­қан тө­зім­ді­лік­пен əрі ше­бер­лік­пен ең­се­ре ал­ды. Əуелі Қа­зақ­стан­да­ғы диас­по­ра­лар өкіл­де­рі­нің əрқай­сы­сы­ның та­ри­хи отан­да­рын­да бұл мəсе­ле­нің қа­лай ше­шім­де­ліп жат­қа­нын кө­ріп-бі­ліп алу­ла­ры­на мүм­кін­дік бе­ріл­ді. Бұ­рын­ғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың кө­бі өз еге­мен­ді­гін жа­рияла­ған соң ба­рып, əлгі мəсе­ле ашық тал­қы­ға са­лын­ды. Со­ның ар­қа­сын­да аса қиын жағ­дайда ке­рек­ті көп­ші­лік дауыс қам­та­ма­сыз етіл­ді. Еге­мен­дік ту­ра­лы мəлім­де­ме қа­был­дау ке­зін­де­гі саяси та­лас­тар бұл мəсе­ле­ге əлгін­дей абай­шыл­дық­пен қа­ра­май, ат үс­ті кі­рі­се са­лу ел­де­гі қо­ғам­дық та­ту­лық пен ор­нық­ты­лық үшін аса қауіп­ті көз­жұм­бай­лық бо­ла­ты­нын анық көр­се­тіп бер­ді.

Атал­мыш мəсе­ле қа­рал­ған тұс­та бі­реулер еш­қан­дай еге­мен­ді мем­ле­кет

емес, бір­ден ашық аза­мат­тық қо­ғам­ды – əлде­қан­дай бір ұлт­сыз­дық ке­ңіс­ті­гін ор­на­ту­ды та­лап ет­ті. Бі­реулер баяғы­дан бе­рі кө­ріп кел­ген зор­лық-зом­бы­лық­тың есе­сін бір күн­де қайтара­тын­дай клас­си­ка­лық ұлт­тық мем­ле­кет­ті жа­риялау­ды та­лап ет­ті. Бұ­ның екеуі де – мак­си­ма­лис­тік асы­ғып-үсі­гу­ші­лік еді. Мəсе­ле­ні бұлай үзіл­ді-ке­сіл­ді қою сол кез­де­гі жағ­дайда төл мем­ле­кет­ті­лі­гі­міз­ге бір­тін­деп Же­ті­су­дің қиын да күр­де­лі жо­лын бір­ден қыр­қа­тын қа­тер­лі ағат­тық бо­лып шы­ғар еді. На­зар­баев­тың абай­шыл­ды­ғы мен тəсіл­қойлы­ғы он­дай қауіп­ке ұры­ну­дан уақы­ты­лы сақ­тап қа­ла ал­ды.

 Сол жы­лы тəуе­кел­ге бел бу­ға­ны­мыз қан­дай жақ­сы бол­ған!

Бұл дер ке­зін­де дұ­рыс жа­сал­ған қа­дам екен­ді­гі ара­ға жыл түс­пей жа­тып-ақ тү­сі­нік­ті бол­ды. Аты­шу­лы та­мыз дүр­бе­лең­де­рі күн­де­рі Мəскеу жа­рияла­ған тө­тен­ше жағ­дай­дың же­те­гін­де кет­пеуі­міз­ге бір­ден-бір құқ­тық тос­қауыл – ба­лаң еге­мен­ді­гі­міз бол­ды. Пре­зи­дент На­зар­баев сол бір қы­сыл­таяң күн­де­рі тек со­ған сүйе­ніп, аңыс аң­дай тұ­ра алар мүм­кін­дік ал­ды. Ол Ке­ңес­тер ода­ғы­ның заң­ды Пре­зи­ден­ті­нің тағ­ды­ры­на алаң­дау­шы­лық біл­ді­ріп мəлім­де­ме жа­са­ды. Қы­зыл реак­цияның жан-жақ­тан ал­қым­да­ған лық­сы­ма дүм­пу­ле­рі­не ұтым­ды тойтарыс бе­ре ал­ды. Ба­сы­на күн түс­кен ор­та­лық бас­шы­лық ес жиып үл­гер­мей тұр­ған­да, Қа­зақ­стан­да­ғы сая­сат тіз­гі­ні конс­ти­ту­циялық мем­ле­кет­тік би­лік орын­да­ры­на бір­жо­ла­та көш­ті. Пре­зи­дент ен­ді еш­қан­дай саяси пар­тия­лар­дың қыз­ме­ті­не ара­лас­пай, бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік қыз­мет­пен айна­лы­са­тын бол­ды. Ен­ді оған еш­қан­дай саяси ұйым жар­ғы­лық қы­сым жа­сай ал­майт­ын бол­ды. Он­сыз да əзер ал­ла­лап күн кө­ріп отыр­ған көп құ­рам­ды қо­ғам­ға қа­ла­ған уа­қыт­та от жі­бе­ре ала­тын «бик­форд піл­те­сі» уақы­тын­да үзіл­ді.

Адам көр­ме­ген шап­шаң­дық­пен өріс­те­ген та­ри­хи про­цес­тер­дің ал­ды-ар­тын бір­дей пай­ым­дай ала­тын кө­ре­ген­дік Нұр­сұл­тан На­зар­баев­қа саяси күш­тер­дің ара сал­ма­ғы өз пай­да­сы­на шы­ғып тұр­ған қо­лай­лы сəтті мүлт жі­бер­мей, ті­ке­лей Пре­зи­дент сай­лауын өт­кі­зіп, со­ған дау­ыс­қа тү­су­ге бел бу­ғыз­ды. Ол кез­де­гі дау­ыс­қа тү­су – си­рат кө­пір­ден ті­рі­лей өт­кен­дей аса қиын ша­руа еді. Айна­ла­сы үш жыл­дың ішін­де бір рет сай­лау ок­ру­гы­нан Жо­ғар­ғы Ке­ңес­ке – де­пу­тат­тық­қа, бір рет пар­тия съе­зін­де – бі­рін­ші хат­шы­лық­қа, бір рет Пар­ла­ме­нт­те – пре­зи­де­нт­тік­ке дау­ыс­қа тү­сіп көр­ген сая­сат­шы­ның төр­тін­ші рет – бү­кіл­ха­лық­тық дау­ыс­қа тү­су­ге тəуе­кел етуі сай­лау құ­мар­лық­тан не­ме­се оған əбден еті үйре­ніп кет­кен­дік­тен емес еді. Ал­да тұр­ған бұ­рын-соң­ды қол­ға алы­нып көр­ме­ген та­ри­хи мін­дет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға бел буып кі­рі­су үшін ха­лық­тың өз қо­лы­нан тап­сыр­ған, құқ­тық жа­ғы­нан, күн­де өз­ге­ріп жат­қан өт­пе­лі ке­зең­нің еш­қан­дай дау-да­май­ына ұшы­ра­майт­ын­дай құ­зыр­лы ман­да­ты ке­рек бол­ды.

Көп ұлт­ты Қа­зақ­стан сол бір ал­ма­ғай­ып ке­зең­де өз тағ­ды­рын Нұр­сұл­тан На­зар­баев­қа өз қо­лы­нан се­ніп тап­сыр­ды. Өйт­ке­ні, оның бой­ын­да көп құ­рам­ды қо­ғам­ның бас­шы­сы­на тəн пі­кір алуан­ды­ғы­мен есеп­те­се бі­ле­тін са­рап­шыл­дық, те­ке­ті­рес күш­тер­дің ара­сын­да сы­ңа­ре­зу­лік­ке ұрын­байт­ын ме­диатор­лық ше­бер­лік, күр­де­лі шын­дық­қа жү­рек­сін­бей қа­рай ала­тын сер­гек реа­лизм, əлеу­мет­тік жəне эт­ни­ка­лық жа­рас­тық­қа де­ген адал­дық, қа­са­рыс­па емес та­бан­ды­лық пен сі­рес­пе емес ұс­там­ды­лық бар екен­ді­гін тек кəсі­би сая­сат­шы­лар ға­на емес, қа­лың бұ­қа­ра да бі­ліп үл­гер­ген-ді.

Жұрт­шы­лық ол се­нім­де­рі­нің өте орын­ды екен­ді­гі­не көп ұза­май-ақ көз­де­рі же­те бас­та­ды. Пре­зи­дент аты­шу­лы та­мыз оқи­ға­сы бір­жо­ла­та та­рих­тың алыс қой­нау­ла­ры­на лақ­ты­рып тас­тай жаз­да­ған өзек­ті мəсе­ле­лер­ді бі­рін­ші ке­зек­те ше­шу­ді қол­ға ала бас­та­ды. Қыз­мет­ке рес­ми кі­рі­се са­ла, Жо­ғар­ғы Ке­ңес­ке Тəуел­сіз­дік ту­ра­лы заң­ның жо­ба­сын ұсын­ды. Өйт­ке­ні, КСРО-ның ғұ­мы­ры са­нау­лы екен­ді­гі ен­ді кім-кім­ге де аян еді. Ке­ңес­тік ке­ңіс­тік­ке жап­пай беймəлім­дік пен əрі-сəрі­лік ахуалы қауіп төн­дір­ді. Та­рих те­ре­ңі­не кет­ке­лі тұр­ған мем­ле­кет­тің ең соң­ғы бас­шы­сы Қа­зақ­стан тəуел­сіз­ді­гі­нің жо­лы­на жа­рыл­ғыш бом­ба лақ­ты­рып үл­гер­ді. Қа­зақ­стан­ның бес об­лы­сы тың иге­ру ке­зін­де Ре­сей­ден бе­ріл­ген деп мəлім­де­ме жа­са­ды. Заң­гер сая­сат­шы бұл ла­қап­тың құқ­тық не­гі­зі жоқ екен­ді­гін жақ­сы біл­ді. Бі­рақ, сөйте тұ­ра, тəуел­сіз­дік­ке бет ал­ған Қа­зақ­стан­ның мойы­нын­да­ғы отар­шыл­дық қыл тұ­за­ғын одан сай­ын шие бай­лап, оны саяси дер­бес­тік­тен бір­жо­ла­та кү­дер үз­ді­ріп ке­ту­ге ты­ры­сып бақ­қан қа­са­рыс­па саяса­ты­ның соң­ғы түйі­нін өз қо­лы­мен түйе кет­кі­сі кел­ді. Уа­қыт оз­дыр­май қи­мыл­дап қа­лу­ға ту­ра кел­ді. Қа­зақ­стан­ның ұлт­тық тəуел­сіз­ді­гі – та­ри­хи шын­дық­қа, орын­дал­ған ар­ман­ға ай­нал­ды. Оны са­наулы ап­та­лар ішін­де бар­лық мем­ле­кет­тер мен ха­лы­қа­ра­лық ұйым­дар мой­ын­дап үл­гер­ді. Ең ал­дың­ғы­лар­дың бі­рі боп тəуел­сіз Ре­сей жəне оның тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті Бо­рис Ель­цин мой­ын­да­ды. Бұ­ған екі ел ара­сын­да­ғы та­ри­хи қа­лып­тас­қан бай­ла­ныс­тар­мен бір­ге қа­зақ бас­шы­сы­ның та­мыз оқи­ға­ла­ры, Бе­ло­вежье кез­де­суі күн­де­рін­де­гі ұс­тан­ған бай­ып­ты по­зи­циясы мен бай­сал­ды мі­не­зі аз се­беп­ші бол­ған жоқ.

Пре­зи­дент На­зар­баев саяси сер­гек­тік пен өре­лі­лік үл­гі­сін Тəуел­сіз Мем­ле­кет­тер Дос­тас­ты­ғын құ­ру­да да ай­қын көр­сет­ті. Ойда жоқ­та ора­сан қар­қын ала бас­та­ған ыды­рау про­цес­те­рін ырық­тан шы­ға­рып ал­мауға мейі­лін­ше зор үлес қос­ты. Аш­ға­бат кез­де­суін өт­кі­зу­ге ат са­лы­сып, бұ­рын­ғы Одақ­тың та­за эт­ни­ка­лық ың­ғай­лас­тық­та­ғы екі қа­нат­қа қақ жа­ры­лып ке­туіне жол бер­меуде ше­шу­ші қыз­мет ат­қар­ды. Іле-ша­ла Ал­ма­ты кез­де­суін ұйым­дас­ты­рып, Тəуел­сіз Мем­ле­кет­тер Дос­тас­ты­ғын құ­ру­ға, оны ха­лы­қа­ра­лық қа­рым-қа­ты­нас­тар­дың көп­ші­лік мой­ын­да­ған қа­ғи­да­ла­ры­на кө­ші­ру­ге уақ­ты­лы ық­пал ете ал­ды.

Ол тəуел­сіз мем­ле­кет­тер­дің та­ри­хи эн­ту­зиаз­мы бо­саң тарт­пай тұр­ған кез­де тұң­ғыш Ата За­ңы­мыз­ды, мем­ле­кет­тік рəміз­дер­ді қа­был­дап үл­ге­ру­ге көп жі­гер жұм­са­ды. Бұл тұс­та да ұлт­тар ара­сы­на сал­қын­дық түс­пеуіне мық­тап кө­ңіл бө­лін­ді. Саяси мəмі­ле­нің тө­сел­ген ше­бе­рі екен­ді­гін та­ғы да дəлел­деп шы­ға ал­ды. Əри­не, мұн­дай қиын про­цес­тер­дің шын ас­та­ры мен сал­да­ры­на қал­ған жұрт­шы­лық əлі қа­ны­ғып үл­гер­мей жат­қан­да қа­был­дан­ған заң­дар­дың іш­тей бір-бі­рі­мен қа­быс­пайт­ын қай­шы­лық­та­ры мен сел­кеуле­рі көп бо­ла­тын­ды­ғы көп ұза­май-ақ бай­қа­ла бас­та­ды. Алай­да, атал­мыш ке­зең­де мем­ле­кет­тік тəуел­сіз­ді­гі­міз­ді конс­ти­ту­циялық дең­гейде заң­дас­ты­рып, дү­ниежү­зі­лік дең­гейде рес­ми мой­ын­да­тып, ха­лы­қа­ра­лық құқ­тың заң­ды тұл­ға­сы екен­ді­гі­міз­ді бар­лық жа­ғы­нан дəйек­теп үл­гер­ме­ген­де, елі­міз­де қол­ға алын­ған ре­фор­ма­лар­ды одан əрі өріс­те­ту­ді қам­та­ма­сыз ете ала­тын­дай дер­бес саяси ке­ңіс­тік­ке қол жет­кі­зе алу-ал­мауы­мыз не­ғай­был екен­ді­гі ара­да көп уа­қыт өт­пей-ақ ай­қын се­зі­ле бас­та­ды.

 Қыр­сық­қан­да қы­мы­ран іри­ді де­ген­дей

Көр­ші­лес ке­ңіс­тік­тер­де ре­фор­ма­шыл ба­ғыт пен өт­кен­ді көк­сеу­ші күш­тер­дің бет­пе-бет шар­пы­суы аяқ ас­ты­нан ас­қын­дап кет­ті. Олай бо­ла­тын жө­ні де бар еді. Жиыр­ма жыл­дан бе­рі жү­ріп жат­қан про­цес­тер­ге қа­лың қауым тү­гі­лі саяси эли­та­ның өзі əлі тү­гел қа­ны­ғып үл­гер­ме­ген бо­лып шық­ты. Кө­бі­не-көп көз­дел­ген мақ­сат пен жет­кен нəти­же­сі­нің ара­сы жер мен көк­тей ал­шақ тү­сіп жат­ты.

Жет­піс жыл бой­ына бір саяси нау­қан­нан соң бір саяси нау­қан­ға ұры­нып, ол не­гі­зі­нен бұ­рын­ғы орын ал­ған бы­лық­тар­ды əшке­ре­леумен тын­ды­ры­лып кел­ген то­та­ли­тар­лық са­на жа­сам­паз­дық­тан гө­рі жой­ым­паз­дық­қа кө­бі­рек бау­лын­ған еді. Оған тас-тал­қан қы­лып сой­ып са­лар саяси жем­тік тауып бер­сең бол­ға­ны, бас­қа­ның бəрін ұмы­тып ке­те­тін еді. Кейін­гі­сі ал­дың­ғы­сы­ның өлек­се­сін ке­мі­ріп, ақыр ая­ғын­да өзін-өзі жал­мап жұт­қан то­та­ли­та­ри­зм­мен бір­ге, ол қа­лып тас­тыр­ған əлеу­мет­тік жырт­қыш­тық пен саяси əпер­ба­қан­дық­тың да қа­ра­сы өше қой­мап­ты. Оның үс­ті­не қайта құ­ру­ды бас­та­ған күш­тер­дің өзі ала-құ­ла еді. Оған не­гі­зі­нен ұзақ жыл­ғы ге­рон­ток­ра­тия­лық дик­та­ту­ра­ның сал­да­ры­нан бақ­та­ры бай­ла­нып кел­ген но­ме­нк­ла­ту­ра­лық ман­сап­қор күш­тер түрт­кі бол­ды. Олар­ға өз мақ­сат­та­ры­на же­ту үшін не­ден де бол­са тай­ын­байт­ын­да­рын көр­сет­кен іш­кі-сырт­қы на­ра­зы күш­тер де қо­сыл­ды. Олар­дың ара­сын­да то­та­ли­та­ри­зм­нің құ­лауын шын­нан аң­сап кел­ген дис­си­дент күш­тер де, құр əншейін айт­ақ­қа шап­қы­лайт­ын кез­дей­соқ топ­тар да бар еді. Тіп­ті, қайта құ­ру­дың өзі­нің ора­шо­лақ­тық­та­ры­нан таяқ же­ген­дер де аз бол­ма­ды. Бұл ке­ше­гі ке­ңес­тік со­циум­ның бой­ын кер­неп кел­ген əлеу­мет­тік энер­гия­ның бір­ден жа­сам­паз­дық ар­на­ға тү­суін қиын­дат­ты. Ре­фор­ма­шыл­дық са­ра ба­ғыт қа­лып­тас­пай тұ­рып əлеу­мет­тік по­пу­лизм бел алып кет­ті. Сон­дай шө­ре-шө­ре қо­ғам кей­де не іс­теп, не қой­ған­да­рын өз­де­рі де аң­ға­ра ал­май жат­ты. Не­ні қа­лай қайта құ­ру­дан гө­рі, кім­ді қайт­ып құр­ту­ға кө­бі­рек мəн бе­ріл­ді. Сүйт­іп жү­ріп, жер-жа­һан­ды бет­ке қа­рат­пай­мын деп кел­ген алып мем­ле­кет­тің ке­нет аяғы ас­пан­нан кел­ге­нін көр­ген­де, іш­те­рі удай ашы­ған­дар аз бол­ма­ды. Өт­кен­ді көк­сеу­ші­лік кө­ңіл күй со­лай пай­да бол­ды. Олар əлі саяси ұйым­да­сып, са­на­лы кү­рес ба­ғы­тын бел­гі­ле уге же­ті­ле қой­ма­са да, қол­ға түс­кен мүм­кін­дік­тер­ді құр жі­бер­мей, кү­рес са­лып бақ­ты. Олар жа­ңа де­мок­ра­тиялық қа­рым-қа­ты­нас­ты өз мақ­сат­та­ры­на пай­да ла­нып қа­лу­ға ты­рыс­ты. Көз­қа­рас­тық тұр­ғы­дан жүр­гі­зі­ле­тін пар­тияара­лық кү­рес əлі са­ра­ла­на қой­ма­ған­дық­тан, көп­ші­лік­тің кө­ңіл күйі­нен пай­да тауып қа­лу­ға ұм­ты­ла­тын саяси по­пу­лизм кө­бі­не-көп пар­ла­мент мін­бе­сі­не жү­гір­ді. Мем­ле­кет­тік би­лік бұ­тақ­та­ры­ның өза­ра шай­қа­сы осы­дан ке­ліп өріс ал­ды. Мұн­дайда əлеу­мет­тік күш-жі­гер саяси те­ке­ті­рес­тер­дің шы­лауын­да ке­тіп, ре­фор­ма­ның жол­дан қа­ла­ты­ны бел­гі­лі.

Өт­кен­ді көк­сеу­ші күш­тер­дің əсі­ре­се тəуел­сіз мем­ле­кет­тер­ге тіс қай­рауы кө­бей­ді. Олар өз­де­рі ма­шық­тан­ған үз­дік­сіз шай­қас жағ­дайын көр­ші ке­ңіс­тік­тер­ге де қа­нат жай­ғы­зу­ға ты­ры­сып бақ­ты. Əр түр­лі сыл­тау тауып сырт­тан одақ­тас­тар кө­бейту жо­лын­да жан­та­лас­ты. Қа­зақ­стан да іш­кі, сырт­қы өт­кен­шіл күш­тер­дің осын­дай қыс­па­ғы­на ұшы­рай бас­та­ды. Бұл ахуал Пре­зи­дент На­зар­баев­тың бұ­рын­ғы одақ­тас ел­дер­дің дағ­да­рыс­тан бі­рі­гіп шы­ғу, əлем­дік-эко­но­ми­ка­лық ық­пал­дас­тық­қа өза­ра ке­лі­сіл­ген ор­тақ іс-қи­мыл бағ­дар­ла­ма­сын жа­сап, бір­ге кі­ру, оған дейін та­ри­хи қа­лып­та­сып қал­ған эко­но­ми­ка­лық қа­ты­нас­тар­ды на­рық­қа икем­деп, ор­тақ ры­нок ашу, сүйт­іп, дағ­да­рыс қиын­дық­та­рын бір­ле­сіп же­ңіл­де­ту жө­нін­де­гі бас­та­ма­ла­рын аяқ­сыз қал­дыр­ды. Ке­ңес­тік ке­ңіс­тік­те­гі эко­но­ми­ка­лық ре­фор­ма ақыл­ға сый­ым­ды қа­лып­қа тү­су­дің ор­ны­на одан əрмен жүйе­сіз­де­не түс­ті. Бұ­рын­ғы эко­но­ми­ка­лық ық­пал­дас­тық­тың кү­ре та­мы­ры үс­ті-үс­ті­не қиылу­мен бол­ды. Ең со­ңын­да, бір­лес­кен ва­лю­та­лық ай­мақ­тың да есі­гі тарс жа­был­ды.

«Же­тім қо­зы тас­бауыр, тү­ңі­лер де оты­ғар» дейт­ін күй­ге тү­су­ге ту­ра кел­ді. Ұлт­тық ва­лю­та шы­ға­ру со­ның бі­рін­ші қа­да­мы бол­ды. Нұр­сұл­тан На­зар­баев ең соң­ғы дип­ло­ма­тиялық мүм­кін­дік­тер­ге дейін тү­гел іс­ке қос­ты. Бі­рақ одан нəти­же шық­пайтыны­на кө­зі жет­кен соң ба­рып, тəуе­кел­ге бел бу­ды. Ке­ше ке­ңес­тік құ­ры­лыс­тың жантəсі­лі­мі ке­зін­де қауым­ның аман қа­луы мен ха­лық­тар­дың өз бо­ла­шақ­та­рын өз­де­рі таң­дап алуына жағ­дай жа­сау жо­лын­да əрқи­лы мəмі­ле­лер­ге ба­ра біл­ген Қа­зақ­стан Пре­зи­ден­ті жас тəуел­сіз­дік­тің баян­ды­лы­ғын қам­та­ма­сыз ете­тін де­мок­ра­тиялық жəне на­рық­тық қа­ты­нас­тар­ды ор­нық­ты­ру­да мейі­лін­ше та­бан­ды­лық та­ны­та ал­ды.

Сол бір тұс­та оның қан­ша­лық­ты жан тол­қы­ны­на түс­ке­ні əлі ес­те. Премь­ер мəсе­ле­мен бар­ған Мəскеу са­па­ры­нан бір жо­ла тү­ңі­ліп қайт­ты. Пре­зи­дент өзі те­ле­фон соқ­қан­да да, жү­ріп ба­ра жат­қан пой­ыз­дың ең соң­ғы ва­го­ны­на жар­мас­қан­мен, еш­те­ңе шық­пайтыны ашық айт­ыл­ды. Бір сəт тү­не­ріп отыр­ған Нұр­сұл­тан Əбішұлы ке­нет жа­ды­рап: «Əй, өз­де­рі­не жақ­сы бол­са, со­лай-ақ бол­сын. Ен­де­ше, біз­ге де ке­ре­гі сол!», – деп қо­лын бір-ақ сіл­те­ді. Ел ба­сын­да­ғы се­рік­те­рі­нің бір то­бын ер­тіп, ар­ғы ба­ба­ла­ры жат­қан Үш­қо­ңыр­ға ат­тан­ды. Ша­мал­ған өзе­ні бас­тау ала­тын сар­қы­ра­ма­ға қа­рап оты­рып, сол ара­да өт­кен сəби күн­де­рін ес­ке ал­ды. Ағай­ын­ды екі үй боп жат­қан, шуыл­дас­қан қас­қыр­лар қой то­ры­ған кө­не қыс­тау­дың ор­ны­на бар­ды. Сол ма­ңай­да əлде­қа­шан те­гіс­те­ліп кет­кен ба­ба­лар зи­рат­та­ры­ның қа­ра ор­ны­на ті­зер­леп оты­рып тəу ет­тік. Əр сө­зі­нен, əр қи­мы­лы­нан шиыр­шық ат­қан се­зім, ала­бұ­рт­қан кө­ңіл аң­ға­ры­лып тұр­ды. Ол өт­кен­ді ес­ке ал­ған­нан емес, ер­тең­ді ойла­ған­нан тұ­та­нып жат­қа­нын қа­пы­сыз тү­сі­ніп отыр­дық. Бір­не­ше күн­нен соң Таш­кен­ге Тө­ле би­дің ба­сы­на тəу ету­ге ұшып ба­ра жа­тып, Са­ра Ал­пыс­қы­зы үшеуі­міз дəмге отыр­ған­да ұлт­тық ақ­ша шы­ға­ру­ға бір жо­ла­та бел бу­ға­нын айт­ты. Ор­да­ба­сы­на кө­те­рі­ліп ба­ра жат­қан Ел­ба­сы­мыз­дың кө­кі­ре­гін­де қа­зан­дай қай­нап ба­ра жат­қан сан қи­лы се­зім­дер­ді айт­пай бі­ліп тұр­дық. Күн­гей бау­райы­ның кө­гі­сін күн ша­ға бас­та­ған кө­не биік­тің төс­кейіне қа­рай ба­сыл­ған қа­дам­дар біз­дің: «Не де бол­са, кө­ріп ал­дық. Ал­ған бет­тен қайт­пай­мыз», де­ген нық се­ні­мі­міз­ді сез­ді­ріп жат­ты. Шын мəнін­де­гі дер­бес да­му­ға шын­дап кі­ріс­кен шыр­ға­лаң­ды са­па­ры­мыз­дың ал­ғаш­қы із­де­рі сол бір киелі то­пы­рақ­та əлі сай­рап жа­тыр.

Ұлт­тық ва­лю­та­ның эко­но­ми­ка­лық дер­бес­тік­ке же­ту­дің бір­ден бір кіл­ті екен­ді­гі рас. Бі­рақ, атал­мыш ке­зең­де бас­қа­ны қой­ып, қа­зақ­стан­дық­тар­дың көп­ші­лі­гі­не тө­бе­ден жай түс­кен­дей əсер ет­ті. Көп құ­рам­ды қо­ғам­ның едəуір бө­лі­гі пси­хо­ло­гия­лық дис­ком­фо­рт­қа ұшы­ра­ды. Олар эко­но­ми­ка мен тұр­мыс­та­ғы ке­лең­сіз­дік­тер­дің ар­ғы ас­та­ры­на үңіл­мей, бар пəле­ні тəуел­сіз­дік пен тең­ге­нің шы­ғуынан кө­ру­ге бейім тұр­ды. Мəсе­ле­ні со­лай тү­сін­ді­ру­ге ын­та­лы күш­тер іш­тен де, сырт­тан да та­был­ды. Оның үс­ті­не сол кез­де жа­ңа пар­ла­мент сай­лауын өт­кі­зу­ге ту­ра кел­ді. Қо­ғам­да­ғы əлгін­дей ахуал жа­ңа сай­лан­ған де­пу­тат­тық кор­пус­тың саяси тұ­ғыр­на­ма­ла­ры­на да тиіс­ті ық­пал ет­ті. Ол үкі­мет пен пар­ла­мент ара­қа­ты­на­сы­на өз сал­қы­нын ти­гіз­бей қой­ған жоқ. Пре­зи­дент На­зар­баев өз отан­дас­та­ры­ның едəуір бө­лі­гін қам­ты­ған əлеу­мет­тік абыр­жу­шы­лық­ты сейіл­ту үшін жəне ке­ңес­тік ке­ңіс­тік­те ашық бой көр­се­те бас­та­ған кер­тарт­па пи­ғыл­дар­дың ал­дын алу үшін Ев­ра­зия­лық одақ құ­ру жө­нін­де бас­та­ма кө­тер­ді. Ол жер ша­ры­ның ал­ты­дан бі­рін алып жат­қан ала­пат ке­ңіс­тік­ті ес­кір­ген тех­но­ло­гия мен кү­ні өт­кен саяси стан­дарт­тар­дың қо­ры­ғы­на ай­нал­ды­рып жі­бер­меуді, əлем­дік саяси-эко­но­ми­ка­лық ық­пал­дас­тық­тың жа­ңа бір бел­ді де бе­дел­ді құ­рам­дас бө­лі­гін əбден сын­нан өт­кен жа­ңа қа­ғи­да­лар мен қа­лып­тар­ға лай­ық­тап құ­ру­ды көз­де­ді. Бі­рақ, бай­ыр­ғы эко­но­ми­ка­лық қа­рым-қа­ты­нас­тар­ды бар­лық та­рап­тың мүд­де­ле­рін мұ­қият ес­ке­ріп, мем­ле­кет­тер­дің саяси еге­мен­ді­гі мен тəуел­сіз­ді­гін сақ­тап қа­лу­ла­ры­на ке­піл­дік бе­ре оты­рып, бей­біт түр­де осы за­ман­ға лай­ық­тап қайта құ­ру­ға тал­пын­ған бұл үміт те үзіл­ді. Ке­ше­гі ке­ңес­тік ке­ңіс­тік­те­гі эко­но­ми­ка жап­пай құл­ды­рауға ұшы­ра­ды. Əсі­ре­се, бұ­рын тоқ­сан пай­ыз­дайы өз­ге ай­мақ­тар­да­ғы тех­но­ло­гиялық цикл­дар­ға жіп­сіз бай­ла­нып кел­ген Қа­зақ­стан эко­но­ми­ка­сы қат­ты зар­дап шек­ті.

Мұн­дай жағ­дайда ке­ше­гі ке­ңес­тік ке­ңіс­тік­те өріс­теп жат­қан əлеу­мет­тік-эко­но­ми­ка­лық про­цес­тер­дің же­те­гін­де қа­ла бе­ру аса қауіп­ті еді. Өйт­ке­ні, олар əлі ке­ше­гі қайта құ­ру про­цес­те­рі­нің шы­лауы­нан u1096 шы­ға қой­мап еді. Қайта құ­ру аза­мат­тық қо­ғам­дық ырық­ты мейі­лін­ше ер­кін­сі­тіп, мем­ле­кет­тік би­лік­ті тү­бе­гей­лі шай­ып жі­бе­ре­тін си­пат­та өріс­те­ген-ді. Ол то­та­ли­тар­лық жүйені тез­де­тіп құ­ла­ту­ға аса қо­лай­лы бо­лып шық­ты. Ал со­ның ар­қа­сын­да тəуел­сіз­дік­ке қол жет­кіз­ген қо­ғам­дар бұ­дан əрі де сол сце­на­рий­дің айт­қа­ны­мен жү­ре бер­се, көп ұзат­пай жа­ңа мем­ле­кет­ті­лік­те­рін өз­де­рі шай­ып жі­бе­ріп, са­қал си­пап қа­лу­ла­ры ға­жап емес еді. Бас­қа­ны қой­ған­да ір­ге­лі ел Ре­сей­дің өзін­де қайта құ­ру ке­зе­ңі­нің үр­ді­сі­мен өріс­те­тіл­ген би­лік тар­мақ­та­ры­ның шай­қа­сы жап­пай те­ке­ті­рес­тің шек­тен шы­ға ас­қын­дап, бі­рін бі­рі зең­бі­рек­тен ат­қы­лау­ға дейін апар­ға­ны бел­гі­лі. Мұн­дай əлеу­мет­тік ша­мы­ры­ғу жас тəуел­сіз­дік­тің те­зі­рек ны­ғай­ып, жас де­мок­ра­тияның же­дел­де­те ке­мел­де­нуіне жет­кіз­бейтіні тү­сі­нік­ті. Ол, əсі­ре­се, қо­ғам­дық қа­ты­нас­тар­ды за­ман та­ла­бы­на сəйкес жаң­ғыр­ту мен эко­но­ми­ка­ны на­рық­тық қа­ты­нас­тар­ға кө­ші­ру­ді қиын­дат­ты. Ре­фор­ма­ға өр­ши түс­кен əлеу­мет­тік ашу-араз­дық то­па­ны­на тұн­шы­ғып қа­лу қаупі төн­ді. Эко­но­ми­ка­да мем­ле­кет­тік үй­лес­ті­ру­дің ба­сым­ды­ғын жақ­тайт­ын­дар жа­ңа мен­шік қа­ты­на­сы­на кө­шу­ді ке­шеуіл де­тіп бақ­ты. Ша­ру­ашы­лық жүр­гі­зу бе­ті­мен кет­ті. Ха­лық игі­лі­гін қа­ра­лай то­науға жол бе­ріл­ді. Өн­ді­ріс тоқ­тап, өнім тиыл­ды. Эко­но­ми­ка­лық са­ла­лар бір-бі­рі­нің ал­дын­да бел­ше­ден қа­рыз­ға бат­ты. Əлеу­мет­тік са­ла ие­сіз қал­ды. Мем­ле­кет пен аза­мат­тық қо­ғам­ды араз­дас­тыр­ғы­сы ке­ле­тін­дер­дің құ­дай­ла­ры бер­ді. Про­цесс одан əрмен ушы­ғып кет­пес үшін мем­ле­кет­тік би­лік жауап­кер­ші­лік­ті өз қо­лы­на алып, саяси ерік көр­се­ту­те мəжбүр бол­ды. Оған тек бү­кіл ха­лық боп се­нім көр­се­тіл­ген Пре­зи­дент қа­на құ­қы­лы еді. Қа­зақ­стан­да Пре­зи­де­нт­тік би­лік­ке кө­шу жү­зе­ге асы­рыл­ды.

Ше­шін­ген су­дан тай­ын­бас дейт­ін ке­зең кел­ді

Ре­фе­рен­дум жо­лы­мен бү­кіл­ха­лық­тық се­нім­нің жа­ңа ман­да­ты­на ие бол­ған Пре­зи­дент жа­ңа Ата заң­ның қа­ғи­да­ла­ры­на сəйкес, саяси, əлеу­мет­тік, эко­но­мика­лық ре­фор­ма­ны же­дел­де­ту­те қа­жет­ті құқ­тық ба­за­ны тез ара­да қам­та­ма­сыз етіп үл­гер­ді. Бұл ел­де­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс­тың саяси-əлеу­мет­тік дағ­дарыс­қа ұла­сып кет­пеуіне мүм­кін­дік ту­ғыз­ды. Ре­фор­ма­ға жүйелі­лік жəне тиіс­ті қар­қын біт­ті. Ел­ба­сы ен­ді те­рең­дей бас­та­ған ре­фор­ма­лар­ға қо­лай­лы əлеу­меттік ауа-рай­ын жа­сақ­тау­ға күш сал­ды. Ол үшін осын­дай өз­ге­ріс­тер жа­са­ған өз­ге мем­ле­кет­тер­дің тəжі­ри­бе­сін, əлем­дік сая­сат пен эко­но­ми­ка­ның да­му бары­сын жан-жақ­ты зерт­теп, тəуел­сіз са­рап­шы­лар­дың кө­ме­гі мен ке­ңе­сі­не сүйе­ніп, ре­су­рс­тық мүм­кін­дік­те­рі­міз­ді, та­ри­хи дəстүр­ле­рі­міз бен ру­ха­ният­тық бол­мы­сы­мыз­дың ерек­ше­лік­те­рін, геосаяси жағ­дайы­мыз­ды мұ­қият ес­ке­ре оты­рып, қо­ға­мы­мыз­дың ре­фор­ма­шыл­дық күш-қуаты­на тал­дау жа­сал­ды. Со­ның ар­қа­сын­да «Қа­зақ­стан-2030» Ст­ра­те­гиясы жа­рық кө­ріп, ұлт­тық ре­фор­ма­мыз­дың ағым­да­ғы, таяу жыл­дар­да­ғы жəне ұзақ мер­зім­де­гі мін­дет­те­рі сын­дар­лы жүйеге кел­ті­ріл­ді. Бұл ре­фор­ма жүр­гі­зу­де­гі бұ­рын­ғы қа­ра-дүр­сін­дік­тен, əрі-сəрі­лік­тен, оң­шыл-сол­шыл ауыт­қы­ма­лық пен кей­де бос­қа ла­ғу­шы­лық­тан ары­луымыз­ға ше­шу­ші ық­пал ет­ті. Ал біз­де он­дай тұ­зы же­ңіл ре­фор­ма­шыл­дық­тың ти­гіз­ген зар­дап­та­ры аз емес еді. Ал­ғаш­қы жыл­дар­дың эйфо­риясы ха­лық­тық игі­лік­ті үлес­ті­ру­де жүйе­сіз­дік пен шаш­па­лық­қа, ше­тел­дік ин­вес­ти­циялар­ды ке­ле­ше­гі жоқ, кей­де тіп­ті на­рық та­би­ға­ты­мен сый­ыс­пайт­ын жо­ба­лар мен кез­дей­соқ кəсіп­кер­лік­ке ысы­рап қы­лу­ға, на­рық бəрін өзі тү­зей­ді дейт­ін жел­буаз тоқ­мейіл­су­ші­лік­ке ұрын­дыр­ға­ны мəлім. Мұн­дай бей­қам­дық пен əсі­ре ли­бе­ра­лизм­нің та­са­сы­на ты­ғыл­ған эко­но­ми­ка­лық мер­кан­ти­лизм мен сно­бизм жұрт­шы­лық­ты кəсіп­кер­лік­ке баули­тын, ор­та жəне ша­ғын биз­нес­ті өр­кен­де­ту­ге өpic ту­ғы­за­тын, сол ар­қы­лы де­мок­ра­тия мен ре­фор­ма­ның жұлын, омырт­қа­сын тү­зе­тін ор­та топ­ты қа­лып­тас­ты­ра­тын мүм­кін­дік­тер­ді зая қып жі­бер­ді. Ха­лық­қа жұ­мыс, бюд­жет­ке та­быс, қо­ғам­ға ор­нық­ты­лық бе­ре­тін өн­ді­ру­ші биз­нес­тің ор­ны­на алып­са-тар­лық биз­нес ас­қын­дап кет­ті.

Жа­ңа Ст­ра­те­гия мұн­дай əупі­рім ре­фор­ма­шыл­дық­тың жо­лын қыр­қып, рефор­ма­ға тү­сі­нік­ті­лік, ыр­ғақ­ты­лық жəне мөл­дір­лік бі­ті­ру­ді көз­де­ді. Оның ке­зең­дік мін­дет­те­рі­нің қан­дай еке­нін ха­лық ал­дын ала бі­ліп, оның қа­лай жү­зе­ге асып жат­қа­нын қа­да­ға­лап оты­ру­ға жағ­дай ту­ды. Ре­фор­ма­ны жү­зе­ге асы­ра­тын үкі­мет­тің қыз­ме­ті­не Пре­зи­дент, Пар­ла­мент, жұрт­шы­лық та­ра­пы­нан қа­да­ға­лау мен ба­ға­лаудың бі­рың­ғай қа­ғи­да­ла­ры тү­зі­ліп, іс­ке қо­сы­ла бас­та­ды.

Ел­ба­сы­ның қо­ғам­да жүр­гі­зі­ліп жат­қан ре­фор­ма­ға ст­ра­те­гиялық ай­қын­дық, так­ти­ка­лық оң­тай­лы­лық бі­ті­ру жо­лын­да­ғы бү­кіл бас­та­ма­ла­ры мен нақ­ты əре­кет­те­рі өз нəти­же­сін бе­ре бас­та­ды. Ре­фор­ма тек үкі­мет мү­ше­ле­рі­не ға­на аян, қал­ған жұрт­қа аты­мен жұм­бақ тыл­сым құ­пиялық ахуалы­нан ары­лып, ақыл­ға қо­ным­ды, адам­дар­ға ұғым­ды си­пат­қа кө­ше бас­та­ды. Бұл ха­лы­қа­ра­лық эко­но­ми­ка­лық ық­пал­дас­тық­тың да ын­та­сын арт­тыр­ды. Ел­ге ке­ле­тін ин­вес­ти­цияның қар­қы­ны да, кө­ле­мі де ұл­ғай­ды. Ол əуелі сал­ға ұшы­ра­ған өн­ді­ріс орын­да­ры­ның қайта жан­да­ну­ын қам­та­ма­сыз ету­ге жұм­сал­ды. Со­ның ар­қа­сын­да өсе бас­та­ған бюд­жет­тік тү­сім­дер ең ше­тін əлеу­мет­тік қиын­дық­тар­ды бір­тін­деп же­ңіл­де­ту­ге ба­ғыш­тал­ды. Со­ның бəрін Пре­зи­дент өзі­нің ті­ке­лей қа­да­ға­лауына ал­ды. Ең əуелі зей­не­та­қы­ны, со­сын жа­ла­қы­ны уақ­ты­лы тө­леу, бұл мəсе­ле­де­гі қор­да­ла­нып қал­ған қа­рыз­дар­ды қайтару жү­зе­ге асы­рыл­ды. Жоқ-жі­тік­тік кө­ріп отыр­ған от­ба­сы­лар­ға ша­ғын қа­рыз бе­ру жүйесі жа­сақ­тал­ды. Ен­ді жұ­мыс­сыз­дық­ты жою қол­ға алы­нып отыр. Пре­зи­дент бас­та­ма­сы­мен кей­бір са­ла­лар­да­ғы ең­бе­ка­қы­ның кө­бейтілуі тө­лем­дік-қайтарым­дық жүйе­нің ты­ны­сын ке­ңейт­іп, бюд­жет­тік тү­сім­дер мен са­лық­тар­дың жи­на­лу­ына оп­ти­мис­тік қар­қын бі­тір­ді. Қа­зақ­стан­ның 1998 жыл­дың жа­зы мен кү­зін­де­гі əлем­дік ау­қым­да­ғы қар­жы дағ­да­ры­сы­на шар­пыл­май қа­ла алуын­да да Ел­ба­сы­ның оқи­ға­ның ал­дын алып, жан-жақ­ты жа­са­ған саяси-эко-но­ми­ка­лық əре­кет­те­рі­нің ық­па­лы зор бол­ды. Бү­гін таң­да біз­де қа­зақ­стан­дық ре­фор­ма эво­лю­циялық ыр­ғақ­ты­лық­қа тү­сіп ке­ле­ді деп айтуға та­ғы не­гіз бар. Күн­нен күн­ге ай­қын аң­ға­ры­ла бас­та­ған эко­но­ми­ка­лық ты­ңаю қо­ғам­ның қор­да­ла­нып қал­ған саяси-əлеу­мет­тік мəсе­ле­ле­рін ше­шу­де­гі жүйелі­лік пен қар­қын­ды­лық­ты арт­ты­ра тү­се­ді де­ген үміт оята­ды.

Пре­зи­дент На­зар­баев­тың жүр­гі­зіп отыр­ған көп­век­тор­лы сырт­қы саяса­ты да аса күр­де­лі геосаяси ке­ңіс­тік­те отыр­ған біз­дің мем­ле­ке­ті­міз­дің ре­фор­ма жо­лы­мен ал­ға ба­су­ына қо­лай­лы жағ­дай ту­ғы­зу­ды көз­дейді. Қа­зақ­стан шек­тес мем­ле­кет­тер­мен та­ту-тəтті көр­ші­лес­тік­ті сақ­тау­ға, алыс ық­пал­дас­тар­мен екі жақ­қа бір­дей тиім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­ту­ға, бе­дел­ді ха­лы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен же­міс­ті əре­кет­тес­тік­ті жү­зе­ге асы­ру­ға қа­жет­ті құқ­тық не­гіз­дер­дің бəрін де жа­сап үл­гер­ді. Ор­та­лық Азия мем­ле­кет­те­рі ода­ғы, ке­ден­дік одақ, «Шан­хай бес­ті­гі, ТМД, Тү­рік тіл­дес мем­ле­кет­тер ода­ғы, Кас­пий ма­ңы ел­де­рі ауқы­мын­да­ғы ай­мақ­тық ық­пал­дас­тық­ты ны­ғайтуда­ғы Пре­зи­дент На­зар­баев­тың бел­сен­ді əре­кет­те­рі елі­міз­ден тыс­қа­ры жер­лер­ге де ке­ңі­нен бел­гі­лі. Оның аса ірі яд­ро­лық ел­дер та­ра­пы­нан Қа­зақ­стан Тəуел­сіз­ді­гі­нің қауіп­сіз­ді­гі­не ке­піл­дік алуы да уақ­ты­лы іс­тел­ген қай­ыр­лы қа­дам бол­ды. Азияда­ғы өза­ра се­нім мен бей­біт қа­рым-қа­ты­нас­тар­ды ны­ғайтуға ба­ғыш­тал­ған бас­та­ма­сын­да да іл­ге­рі жыл­жу­шы­лық бар. АҚШ, Ба­тыс жəне Шы­ғыс Еуро­па ел­де­рі, Азия, Аф­ри­ка ел­де­рі­мен күн­нен күн­ге қа­нат жай­ып ке­ле жат­қан көп са­ла­лы қа­рым-қа­ты­нас Қа­зақ­стан­ның бе­де­лі мен ық­па­лын арт­ты­ра тү­су­де.

Пре­зи­дент На­зар­баев­тың сырт­қы саяса­тын­да анық кө­рін­ген про­цес­тер­дің да­му ба­ры­сын алыс­тан бол­жап, ал­дын ала бі­луі, ше­тін мəсе­ле­лер­дің ушы­ғып кет­пей тұ­рып, тиім­ді ба­ғыт­тар­ға бұ­ру­ға ты­ры­су­шы­лы­ғы іш­кі саяса­ты­ның да бас­ты қа­ғи­да­ла­ры бо­лып та­бы­ла­ды.

Елі­міз­де көп­пар­тиялы­лық­тың тууына, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на мем­ле­кет­тік мо­но­по­лия­ның жой­ылуына, сөз бос­тан­ды­ғы мен дін­дер­дің бей­біт қа­тар өмір сү­руіне, əйел­дер, жас­тар қоз­ға­лы­сы­ның өріс­теуіне өзі бас­та­ма­шы­лық көр­сет­ті.

Ол ұл­та­ра­лық жа­рас­тық­ты одан əрі же­тіл­ді­ре тү­су мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан хал­қы Ас­са­мб­лея­сын құр­ға­ны өзін өзі ақ­та­ған бас­та­ма бол­ды. Бұл қо­ғам­дық инс­ти­тут ел тағ­ды­ры­ның ең ше­шу­ші сəтте­рін­де оң бас­та­ма­ла­ры­мен көз­ге тү­сіп, ор­нық­ты­лық ахуал­ды одан əрі ны­ғайтуға үле­сін қо­сып ке­ле­ді. Бе­дел­ді ха­лы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың жо­ға­ры ба­ға­сы­на ие бол­ды. Ел­ба­сы­ның ай­мақ­тар да­му­ын­да­ғы ал­шақ­тық­тар­ды азайт­ып, олар­дың бір-бі­рі­не қа­ра­су­ын күйт­теу­ді көз­де­ген ша­ра­ла­ры да тиім­ді­лі­гін ұғын­ды­ра біл­ді. Тəуел­сіз­дік алуы­мыз­ға бай­ла­ныс­ты іш­кі бай­ла­ны­сы­мыз бен сырт­қы ық­пал­дас­ты­ғы­мыз­ды одан əрі ық­ти­мал­дан­ды­ра тү­су мақ­са­тын­да ел ор­та­лы­ғы­ның жа­ңа жер­ге кө­ші­ріл­ге­ні де ке­шік­ті­ріл­мей қа­был­дан­ған ке­мел ше­шім бол­ды. Күн­нен күн­ге құл­пы­ра түс­кен Астана кел­бе­ті – мем­ле­ке­ті­міз­дің қуаты мен жа­сам­паз­ды­ғы­ның жар­қын айға­ғын­дай. Са­ры­ар­қа тө­сі­нен бой кө­тер­ген осы­нау са­ма­ла қа­ла­ның əр зəулім үйі, əр сəулет­ті кө­ше­сі, əр саялы бау-ба­ғы – тұң­ғыш қа­зақ Пре­зи­ден­ті­нің тал­ға­мы мен та­лап­шыл­ды­ғын, саяси ер­кі мен аза­мат­тық жі­ге­рін та­ны­та алар та­ри­хи куəлік. Пре­зи­дент На­зар­баев мем­ле­кет­тік би­лік­ті же­тіл­ді­ру мен жа­ңар­ту­да да көр­ші­лес ке­ңіс­тік­тер­ге қа­ра­ған­да оза қи­мыл­дап ке­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет, сы­бай­лас жем­қор­лық­пен кү­рес, ұлт­тық қауіп­сіз­дік пен қор­ға­ныс, пар­ла­ме­нт­тік жүйе, ай­мақ­тық би­лік жүйеле­рін үй­лес­ті­ру­дің құқ­тық жүйе­сін жа­сауда да Қа­зақ­стан өз көр­ші­ле­рі­не шəкірт боп қал­май, көп жағ­дайда өне­ге көр­се­те ал­ды.

Қа­зақ­стан Пре­зи­ден­ті ре­фор­ма үс­тін­де­гі «қо­ғам­ның кө­ңіл күйін уа­қыт­ша қиын­дық­тар­дың же­те­гін­де жі­бер­мей, əлеу­мет­тік оп­ти­мизм мен жа­сам­паз­дық ар­на­сы­на ба­ғыт­тау­да жақ­сы бас­та­ма­лар кө­те­ріп, оң тəжі­ри­бе жи­нақ­тай біл­ді. Ол жұрт­шы­лық­тың бо­лып жат­қан өз­ге­ріс­тер­дің та­ри­хи төр­кін­де­рін, заң­ды­лы­ғын, ке­ле­ше­гін же­тік бі­ліп, же­те тү­сін­ге­ні­не көп кө­ңіл бө­ле­ді. Оның бас­та­ма­сы­мен өт­кі­зіл­ген то­та­ли­та­ризм құр­бан­да­рын ес­ке алу, ұлт­тық, та­рих, ұр­пақ­тар са­бақ­тас­ты­ғы, мəде­ниет­ті қол­дау жыл­да­ры, шын мəнін­де­гі, қа­лың бұ­қа­ра­лық эн­ту­зиазм ту­ғыз­ды. Біз ор­на­тып жат­қан қо­ғам­ның де­мок­ра­тиялық си­па­тын, гу­ма­нис­тік мұ­рат­та­рын те­рең­деп тү­сі­ну­ге өз ық­па­лын ти­гіз­ді. Тəуел­сіз­дік ар­қа­сын­да кең өріс ал­ған ру­ха­ни жа­ңа­руымыз­ды бəсең­де­тіп ал­мауға, оған бай­ла­ныс­ты ке­ле­лі мəсе­ле­лер­ді ке­зең-ке­зе­ңі­мен жүйелі ше­шу­те ба­сым ма­ңыз бе­рі­ліп ке­ле­ді.

Нұр­сұл­тан На­зар­баев­тың іш­кі, сырт­қы сая­сат­та­ғы бас­та­ма­ла­ры жұрт­шы­лық кө­ңі­лі­нен шы­ғып ке­ле­ді. Бұл, бі­рақ, біз­де бəрі ойда­ғы­дай, бəрі қа­тып тұр де­ген сөз емес. Əсі­ре­се, ха­лық­тың ау­қат­ты то­бы мен ке­дей то­бы ара­сын­да­ғы ал­шақ­тық­тың ұл­ғаюы, де­мог­ра­фиялық жəне ру­ха­ни-əлеу­мет­тік ре­су­рс­та­ры­мыз­дың қай­нар кө­зі бо­лып отыр­ған қа­зақ ауылы­ның эко­ло­гиялық апат­ты жəне эко­но­ми­ка­лық ме­шеу ай­мақ­тар­да қа­луы, со­ның сал­да­ры­нан іш­кі ры­нок жа­сайт­ын мо­раль­дық ре­су­рс­тар­дың же­тіс­пеуі жан­ға ба­та­ды. Ауыл­ды тек ақ­ша құю жо­лы­мен ты­ңайтуға ты­ры­су ұлт­тық да­муымыз­дың ст­ра­те­гиялық мақ­са ты­на жауап бе­ре ал­май­ды. Алыс жайы­лым­ды мал ша­ру­ашы­лы­ғы­мен күн­кө­ріс айыру­ға мəжбүр еті­ліп кел­ген қа­зақ ша­руасын шөл жəне шө­лейіт ай­мақ­тар­дан құ­нар­лы гек­тар­лар­ға шы­ғар­май, жер өң­деуге икем­де­мей, ең­бек­ке жа­рам­ды ба­ла­ла­рын өн­ді­ріс­ке, биз­нес­ке, тұр­мыс­тық қыз­мет­ке баулы­май, хал­қы­мыз­дың сырт­та жүр­ген үш­тен бір бө­лі­гін ел­ге оралт­пай, се­нім­ді іш­кі ры­нок та тү­зе ал­май­мыз, на­рық пен де­мок­ра­тияға икем­дел­ген ұлт­тық да­му­ды да қам­та­ма­сыз ете ал­май­мыз. Он­сыз тəуел­сіз­дік­тің де ке­ле­ше­гі­не жар­қын жол аша ал­май­мыз. Ел­ба­сы­ның бас­та­ма­сы­мен дер ке­зін­де қол­ға алын­ған жұ­мыс­сыз­дық­пен кү­рес ең ал­ды­мен ең­бек­ке жа­рам­ды жас­та­ры­мыз­ды жұ­мыс­пен қам­тып, на­рық­қа баулу­мен, сол ар­қы­лы де­мог­ра­фиялық қиын­дық­та­ры­мыз­ды да же­ңі­лейтумен орай­лас ше­ші­луі ке­рек. Əйт­пе­се, эко­но­ми­ка­лық, ке­ле­ше­гі жоқ са­ла­лар мен ма­ман­дық­тар бой­ын­ша уа­қыт­ша тауып бе­ріл­ген жұ­мыс оры­ны, аз­ған­тай мал-мү­лік аза­мат­та­ры­мыз­дың да, мем­ле­ке­ті­міз­дің де жұ­мыс­сыз­дық пен та­быс­сыз­дық­тан, тө­лем айна­лы­мы­ның мүш­кіл­де­нуі­нен, бюд­жет тап­шы лы­ғы­нан бір­жо­ла­та құт­қа­ра ал­май­ды. Бі­рін­ші ке­зек­те ең­бек ре­су­рс­та­ры­мыз­ды тү­гел­дей іс­ке қо­сып, та­би­ғи ре­су­рс­та­ры­мыз­ды ұқып­ты иге­ру­ге же­тіл­сек қа­на əлеу­мет­тің кө­ңі­лін та­ба­мыз. «Əркім өз та­ла­бы­нан, өз ба­ғы­нан көр­сін», – дейт­ін ен­жар əлеу­мет­тік сая­сат қа­лып­та­су үс­тін­де­гі на­рық­тың ады­мын аш­тыр­май, аяқ­тан шал­ма­са, ал­ға сүй­ре­мейтінін тү­сі­не­тін­дей кез бол­ды. Үкі­ме­ті­міз­дің де ағым­да­ғы эко­но­ми­ка­лық дау-да­май­лар­дың же­те­гін­де ке­те бер­мей, ұлт пен қо­ғам­ның көз­ге кө­рі­ніп тұр­ған əлгін­дей өзек­ті мəсе­ле­ле­рі­не бас­ты на­зар ауда­ра­тын уақы­ты жет­ті. Көп рет­те мо­но­по­лис­тік құш­тар­лық­тар­ды тойтарып, ша­ғын жəне ор­та биз­нес­ті да­мы­тып, шы­найы бəсе­ке­ні өріс­тет­пейін­ше жұ­мыс ор­нын жа­сауға да, са­па­лы өнім шы­ға­ру­ға да, ба­ға­ны ар­зан­да­ту­ға да, сол ар­қы­лы тұр­мыс дең­гейін жо­ға­ры­ла­ту­ға да же­тіс­пейт­ін­ді­гі­міз бел­гі­лі. Ол, бі­рақ, бі­реуді­кі­не бі­реу көз алар­тып, бі­реуді­кін бі­реу тар­тып алып жү­зе­ге ас­пай­ды, заң­ды же­тіл­ді­ріп, құқ­тық сын­дар­лы­лық­қа ұм­ты­лу ар­қы­лы мүм­кін бол­мақ­шы. Ха­лық­ты та­бы­сы зор ең­бек­пен қам­та­ма­сыз етіп, жағ­дайын тү­зеп, ба­сын кө­бейт­ер, ке­шеуіл­деп қал­ған жер­ле­рін же­дел­де­тіп же­тіс­ті­рер сын­дар­лы өнеркəсіп­тік, аг­рар­лық-де­мог­ра­фиялық, əлеу­мет­тік-ру­ха­ният­тық бағ­дар­ла­ма­лар тү­зіп, іс­ке асы­ра бас­та­сақ, қо­ғам­дық ахуал да сауыға түс­пек­ші.

Қа­зір Пре­зи­дент қат­ты ма­ңыз бе­ріп отыр­ған бұл мəсе­ле­лер­дің ше­ші­мін та­бу үшін де та­лай өт­ке­лек­тен өтіп кө­ру­ге ту­ра кел­ді. Əрқай­сы­сын же­ке-же­ке қол­ға ал­ған күн­нің өзін­де қай ел­дер­ге де оңай тие қой­ма­ған үш ре­фор­ма­ны: тəуел­сіз мем­ле­кет құ­ру, əлеу­мет­тік, саяси, эко­но­ми­ка­лық қа­ты­нас­тар­ды де­мок­ра­тиялан­ды­ру, эко­но­ми­ка­ны за­ман­ға лай­ық­тап қайта жаң­ғыр­ту­ды қа­тар жү­зе­ге асы­рып жат­қан қо­ғам­да ол­қы­лық та, ке­лең­сіз­дік те, тіп­ті қа­те­лік те жет­кі­лік­ті бо­ла­ты­ны тү­сі­нік­ті. Со­ны пай­да­ла­нып аяқ­тан ша­лып ба­ға­тын­дар да аз емес. Оның үс­ті­не алыс-жа­қын саяси-эко­но­ми­ка­лық ке­ңіс­тік­тер­де­гі про­цес­тер­дің ди­на­миз­мі мен бұл­та­рыс­та­ры ен­ді-ен­ді қаз тұ­рып ке­ле жат­қан жас тəуел­сіз­дік­тің аяқ алы­сы­мен үне­мі сəйке­се бер­мейді. Сон­дық­тан да, үл­кен ең­бек­пен ке­ліп, қиын жү­зе­ге асып жат­қан іш­кі про­цес­тер­ді қар­қы­ны­нан айы­рып ал­мау не­ме­се ке­рі ба­ғыт­қа бұр­ғы­зып жі­бер­меу кей кез­де тек бір сая­сат­шы үшін ға­на емес, бү­кіл қо­ғам үшін ке­ле­шек­тің тағ­ды­рын ше­ше­тін ше­тін мəсе­ле­ге айна­ла­ды. Он­дай кез­де, Пи­ти­рим Со­ро­кин айт­қан­дай, та­рих ха­лық пен қо­ғам үшін қыз­мет ете ала­тын үкі­мет­тің кез кел­ген қы­лы­ғын тү­сі­не ала­ты­нын, тек бой­күйез­ді­гі мен дəрмен­сіз­ді­гін ға­на ке­ші ре ал­майтынын кім-кім де амал­сыз есі­не ала­тын бол­са ке­рек. Мəсе­ле­нің байы бы­на бар­ғы­сы кел­ген са­рап­шы Нұр­сұл­тан На­зар­баев­тың дəл осын­дай се­беп­тер­ден жа­са­ған кей­бір қа­дам­да­рын Қа­зақ­стан сын­ды де­мог­ра­фиялық, геосаяси айыр­ма­шы­лық­та­ры­мен өте-мө­те көз­ге ұрып тұр­ған өз­ге­ше ел­дің мем­ле­кет­тік тəуел­сіз­дік алуы мен оны қор­ғап қа­лу­ын­да да қал­ған­дар­ға ұқ­сай бер­мейт­ін­дей ерек­ше­лік­те­рі мол екен­ді­гі­мен тү­сін­ді­ре алар еді. Он­дай бай­ып­ты­лық ре­фор­ма жо­лы­мен бір­тін­деп ал­ға ба­сып ке­ле жат­қан Қа­зақ­стан қо­ға­мы­ның ке­рек­сіз дау-да­май­дың тө­ңі­ре­гін­де ай­нал­соқ­тап қал­май, ке­зек­ті де­мок­ра­тиялық қа­дам­дар жа­сауына оң ық­па­лын ти­гі­зер еді.

Түп­теп кел­ген­де, де­мок­ра­тия тағ­ды­ры үшін де­мок­ра­тиялық про­це­ду­ра­ларды сақ­тай бі­лу­дің ма­ңыз­ды­лы­ғын еш­кім жоқ­қа шы­ғар­майды. Ал, бі­рақ де­мок­ра­тиялық про­це­ду­ра­лар­ды ен­ді қа­лып­та­сып ке­ле жат­қан де­мок­ра­тиялық үр­діс пен оны қам­та­ма­сыз ете­тін эко­но­ми­ка­лық қа­ты­нас­тар­ға қар­сы пай­да­ла­ну­ға жол бер­меу­дің одан да ма­ңыз­ды екен­ді­гін та­рих та­лай рет дəлел­де­ген-ді. Біз­дер үшін он­дай қауіп аты­мен жоқ деу үшін «сақ­тан­саң сақ­тар­мын» дейт­ін тəңір­дің өзі­нен де ас­қан оп­ти­мист бо­лу ке­рек шы­ғар. Ке­ше­гі то­та­ли­та­ри­зм­нің ра­ди­ация­лық зар­да­бы­нан əлі айы­ғып бол­ма­ған біз­дің ке­ңіс­тік­те де­мок­ра­тияға қауіп­ті тек жо­ға­ры­дан кү­ту де анау айт­қан саяси кө­ре­ген­дік бол­ма­са ке­рек. Кей­де де­мок­ра­тияны одан əрі те­рең­де­ту­ге ба­ғыт­тал­ған оң қа­дам­дар­дың өзі сын­дар­лы қол­дау та­бу­дың ор­ны­на ке­рек­сіз қи­қу­шыл­дық­қа жем бо­лып ке­те жаз­дайды. Ал тəуел­сіз­дік­ті тір­се­гі­нен шал­ғы­сы ке­ле­тін күш­тер тө­мен­нен де, іш­тен де, сырт­тан да, оң­нан да, сол­дан да же­тер­лік.

Өйт­ке­ні, біз­дің бұл жол­ғы тəуел­сіз­дік­ке же­ту жо­лы­мыз бұ­рын­ғы ұлт-азат­тық қоз­ға­лыс­та­ры­ның еш­бі­рі­не ұқ­са­май­ды. Ке­ңес­тік қо­ғам­да­ғы сек­се­нін­ші жыл­дар­дан бас­тап өріс­те­ген про­цес­тер­дің түп ба­сын­да тұр­ған­дар­дың ойын­да бұн­дай мақ­сат бол­ма­ға­нын, қайта олар тəуел­сіз­дік­ке аты­мен ке­ре­ғар ба­ғыт ұс­тан­ған­да­рын жо­ға­ры­да айт­тық. Сон­дық­тан оқи­ға­ның бұн­дай бұл­та­ры­сы ес­кі­шіл күш­тер тү­гі­лі ре­фор­ма­шыл күш­тер­дің өзі­не де күт­пе­ген жағ­дай бол­ды. Олар жа­ңа қо­ғам ор­на­ту үшін бұ­рын­ғы қо­ғам­дық қа­ты­нас­тар­ды жік-жі­гі­мен қа­қы­ра­ту ке­рек еке­нін біл­ді. Бі­рақ, отар­шыл­дық не­гіз­де құ­рыл­ған алып им­пе­рияны қа­қы­ра­тар кез кел­ген əре­кет, ең ал­ды­мен, оның ең бас­ты жəне ең осал жі­гі – эт­ни­ка­лық əр алуан­дық ті­ні­не ба­рып тиеті­нін жет­кі­лік­ті пай­ым­дай ал­ма­ған сы­ңай­лы. Олар осын­ша бей­қам бол­ған­да қо­ғам­да­ғы ұлт­тар азат­ты­ғын кек­сеу­ші­лер олар­дан да ас­қан бей­қам еді. Кез­дей­соқ­та тап бол­ған мүм­кін­дік­ті қайт­кен­де іс қы­лып шы­ғу­дың жай-жап­са­ры тү­гі­лі, ойда жоқ ба­қыт­тың ба­ға­сын те­рең ұғы­нып үл­гер­ме­ген­дік­тен өр­біп жат­қан оғаш пі­кір­лер мен оғаш қы­лық­тар­дың əлі күн­ге ұшы­ра­са­тын­ды­ғы да сон­дық­тан. Əуел­ден мақ­сат­та­ры мен ба­ғыт­та­ры же­те пай­ым­дал­ма­ған ре­фор­ма аяқ ас­ты лап бер­ген сел тас­қын­дай ырық бер­мей ке­те жаз­да­ды. Бұл əлеу­мет­тік то­пан­ның лай­са­ңы əлі ар­на­сы­на тү­сіп, мөл­ді­рей тұ­нып бол­ған жоқ. Сон­дық­тан да əлеу­мет­тік топ­тар­дың ара­сын­да құ­был­ма­лық пен ұйыт­қы­ма­лық көп. Ке­ше­гі одақ­тас­тар бү­гін кеп бір-бі­рі­не тас атып, ке­ше­гі бақ­та­лас­тар бү­гін кеп ауыз жа­ла­сып жа­та­ды. Оған таң­да­ну­дың да, ап­шу­дың да жө­ні жоқ. Бұл бү­гін-ер­тең тоқ­та­май­ды. Қа­шан қо­ғам түп­кі­лік­ті жік­те­ліп, əр топ өз мүд­де­сін же­тік бі­ліп, со­ған орай өз одақ­та­сын же­те та­нып, қайта үйір­ле­сіп бол­ған­ша, қо­ғам­дық қа­ты­нас­тар­ға са­ра­лық пен жүйелі­лік бі­те қой­май­ды. Ке­рек­сіз жан­жал­дар мен саяси сау­да­ла­су со­дан өр­би­ді. Өзі­нің ұстана­тын ба­ғы­ты, қол­да­на­тын əді­сі, ст­ра­те­гиялық мақ­са­ты мен так­ти­ка­лық тəсі­лі, іс-қи­мыл бағ­дар­ла­ма­сы əмбе­ге аян, со­ған сəйкес өз əлеу­мет­тік одақ­тас­та­рын анық­та­ған са­ли­қа­лы саяси пар­тия­лар тү­зі­ліп үл­гер­ме­ген­дік­тен, оп­по­зи­циялық кү­рес те бір­ден өр­ке­ниет­ті си­пат алып ке­те ал­май­ды. Ал ол би­лік­тің де өр­ке­ниет­ті дағ­ды­лар­ға кө­шуін баяула­та­ды. Мем­ле­кет пен аза­мат­тық қо­ғам ара­сын­да мін­дет­ті түр­де бо­лу­ға тиіс өза­ра ба­қы­лау мен өза­ра ық­пал­дас­тық­ты жүйе­сіз­ден­ді­ре­ді. Құқ­тық ық­пал жа­саудың ор­ны­на қа­ра­бай­ыр қо­қан-ло­қы кө­бейеді. Өр­ке­ниет­ті саяси кү­рес емес, өза­ра алауыз­дық­тар қоз­дайды. Сон­дық­тан да, де­мок­ра­тиямыз­дың əлі күн­ге ба­лаң­ды­ғы­на би­лік орын­да­ры­ның да, қо­ғам­дық ұйым­да­ры­мыз­дың да қа­быр­ға­сы бір­дей қай­ысуы ке­рек.

Мұн­дай ауыс­па­лы за­ман жағ­дайын­да тө­тен тəуел­сіз­дік ал­ған жас мем­ле­кет­тің тұң­ғыш бас­шы­ла­ры тү­гі­лі əуел­ден əлеу­мет­тік одақ­тас­та­ры мен үзең­гі­лес­те­рін та­рих­тың өзі са­ра­лап бер­ген ұлт-азат­тық қоз­ға­лыс­тар­дың кө­сем­де­рі­не түс­кен жүк­тің ерек­ше ауыр бо­ла­ты­нын та­рих əлде­не­ше рет көр­се­тіп бер­ген. Жас тəуел­сіз­дік­ті ке­ше­гі кі­ріп­тар­лық пен жа­ңа кі­ріп­тар­лық­тың көз­ге кө­рі­ніп тұр­ған да, кө­рін­бей тұр­ған да ке­дер­гі­ле­рі мен тос­қауыл­да­ры­на соқ­тыр­май аман алып өтіп, ұлт­тық да­му­дың ұлан­ғайыр даң­ғы­лы­на шы­ға­рып бе­ру тек со­лар­дың саяси кө­ре­ген­ді­гі мен аза­мат­тық жі­ге­рі­не бай­ла­ныс­ты бол­ған. Сон­дық­тан да олар үшін тəуел­сіз­дік тағ­ды­ры өз тағ­ды­ры­на ай­нал­ған. Əлгін­дей май­дан­ның ең қиын шай­қас­та­рын­да көз­ге тү­сіп, ха­лық­тың ерек­ше се­ні­мі­не ие бол­ған. Та­рих­тың не бір тау­қы­мет­ті өт­ке­лек­те­рі­нен өте жү­ріп, тек өзі үшін ға­на емес, қо­ға­мы үшін де аса құн­ды бай тəжі­ри­бе жи­на­ған. Өз елі­не ға­на емес, əлем­дік саяси сах­на­да да ке­ңі­нен та­ны­мал бол­ған. Ора­сан зор бе­дел­ге со­лай ие бол­ған. Ал бұл – тек бір адам­ның емес, бү­кіл бір ха­лық­тың ба­ғын аша­тын мо­раль­дық ка­пи­тал бо­лып са­на­ла­ды. Сон­дық­тан оған əлгін­дей бе­дел иесі де, ол бас­қа­рып отыр­ған қо­ғам да аса нəзік, аса жауап­ты қа­ра­ған­да­ры шарт бо­лып та­был­ған. Өйт­ке­ні, саяси ка­пи­тал да бар­ша ка­пи­тал сияқ­ты. Тек ор­ны­мен, ұқып­ты пай­да­ла­на біл­ген жағ­дайда ға­на қай­ыры­мен бұй­ыра­ды. Əйт­пе­се, бос­тан бос­қа банк­рот­қа ұшы­рап жат­қан ка­пи­тал аз ба?! Өкі­ніш­ке орай, бұл – та­лай жай­саң мен та­лай қауым­ның ау­зын күй­ді­ріп, əлем­дік саяси тəжі­ри­бе­ні күй­зе­ліс­ке ұшы­ра­тып ке­ле жат­қан құ­бы­лыс. Тəуел­сіз­дік кө­сем­де­рі­нің бəр-бəрі Ке­мал Ата­тү­рік­тей, Джа­ва­хар­лал Не­ру­дей бас­тан аяқ жа­сам­паз ба­ғыт ұс­тай ал­ма­ған. Кей­бі­реуі жү­ре-ба­ра тоқ­мейіл­су­ге ұшы­рап, не əлі жет­пейт­ін­дер­ге соқ­ты­ғып геосаяси жан­жал­дар­ға, не ел ішін­де ты­ныш­тық бер­мей, қан­ды­қол қа­ты­гез­дік­ке, не ке­ле­ше­гі жоқ кер­тарт­па үр­діс­ке ұрын­ған. Он­дай тəуел­сіз­дік­тер не шайы­лып кет­кен, не өр­ке­ниет да­му­ына іле­се ал­май, бі­реуле­рі көш­ке жо­лат­пайт­ын қо­тыр тай­лақ­тың, бі­реуле­рі көш со­ңын­да­ғы жауыр тай­лақ­тың ха­лын ке­шіп ке­ле­ді. Ла­тын Аме­ри­ка­сын­да­ғы кауди­лизм, Азияда­ғы жан­ды бет­ке қа­рат­пайт­ын жертəңі­рім­сі­ну, ке­ше­гі ке­ңес­тік көз­жұм­бай кө­сем­шіл­дік та­лай та­ри­хи тағ­дыр­дың тү­бі­не жет­ті.

Құ­дай­ға шү­кір, бұн­дай ақи­қат­ты сая­сат пен сая­сат­кер өмі­рін жі­ті зер­де­леп, те­рең тү­сі­не­тін, əлем та­ри­хы­на же­тік, өзі де та­лай қыз­ғы­лық­ты ең­бек­тер жаз­ған Нұр­сұл­тан Əбішұлы еш­кім­нің ежік­теуін­сіз-ақ жақ­сы бі­ле­ді. Алыс-жа­қын­да­ғы өз кө­лең­ке­сі­не өзі ға­шық бо­лып жүр­ген­дер мен өз хал­қы­на өзі кі­сім­си бе­ре­тін­дер оған күл­кі­лі кө­рі­не­ді. Оның бұл мəсе­ле­де­гі көз­қа­ра­сы əмбе­ге аян. Ол ту­ра­лы та­лай рет тай­ға таң­ба бас­қан­дай ше­ге­леп айт­қан. Ав­то­ри­та­ри­зм­ді Қа­зақ­стан үшін тек ты­ғы­рық­қа апа­рып ті­рейт­ін жол деп са­най­ды. Өт­кен күз­де­гі ха­лық­қа жол­дау­ын­да: «Қа­зақ­стан əлем­дік тен­ден­циялар­ға қар­сы тұ­ра ал­мақ емес. Ашық қо­ғам­ды де­мок­ра­тиясыз құ­ру­ға бол­майды. Бұл са­пар­да кі­ді­ріс­тер де кез­де­сер, алай­да, қан­дай саяси қа­жет­ті­лік та­лап ет­се де, Қа­зақ­стан­да ке­рі ше­гі­ну­ге жол жоқ. Мо­на­рх­тар­дың, бас хат­шы­лар­дың не­ме­се пре­зи­де­нт­тер­дің бел­ден ба­са бе­ре­тін ке­зі кел­мес­ке кет­ті» («Еге­мен Қа­зақ­стан», 15 жел­тоқ­сан, 1999 жыл) де­лін­ген. Бұ­дан ар­тық қан­дай анық­тық ке­рек. Ол мəңгі­лік би­лік­ті емес, бəрі­міз сияқ­ты елі­міз­дің тəуел­сіз­ді­гін еш­қа­шан еш­кім сол­қыл­да­та ал­майт­ын, би­лік ба­сы­на кім кел­се де, хал­қы­мыз­дың та­ри­хи таң­дауы мен де­мок­ра­тия, ре­фор­ма про­цес­те­рі­нің ба­ғыт ал­ған ар­на­сы­нан еш­қай­да бұ­рыл­майтыны­на нық се­нім­ді бо­ла­тын кү­ні­міз­дің те­зі­рек ор­на­ға­нын ті­лей­ді. Ал, бұл, ең ал­ды­мен, тұ­тас­тай ал­ған­да­ғы қо­ғам­дық са­на­мыз­дың есейіп, ер же­туіне бай­ла­ныс­ты мəсе­ле. Тек Ел­ба­сы­на ға­на емес, əрқай­сы­мыз­ға ті­ке­лей бай­ла­ныс­ты мəсе­ле.

Ел ке­ле­ше­гін ой­лау – бəрі­міз­ге па­рыз

Тек саяси тал­ғам­паз қо­ғам ға­на өз тағ­ды­рын кез­дей­соқ­тық­тар­дан аман сақ­тап қа­ла ала­ды. Қа­зақ­стан қо­ға­мы да осы жыл­дар ішін­де сон­дай та­лап­қа шын­дап жауап бе­ре ала­тын са­ли­қа­лы қо­ғам екен­ді­гін та­ныт­ты. Жо­ға­ры­да айт­ыл­ған­дай, та­рих­тың ең ше­шу­ші, ең бұ­ра­лаң сəтте­рін­де өз тағ­дыр­ла­ры­на жол бас­тайт­ын­дай се­нім­ді сер­ке таң­дау ке­рек бол­ған­да алып ұш­па­лық­тың емес, ақыл­ға сый­ым­ды­лық­тың ар­на­сы­нан та­бы­ла біл­ді. Тек кейін­гі он жыл ішін­де Нұр­сұл­тан На­зар­баев­қа ел бас­шы­сы ре­тін­де əлде­не­ше рет ел тал­қы­сы­нан өту­ге ту­ра кел­ді. Бəрін­де де ха­лық­тың дау­сыз се­ні­мі­не ие бол­ды. Бəрін­де де ха­лық оған мы­нау не əрі емес, не бе­рі емес, əрі-сəрі ке­зең­де бас­тал­ған іс­ті ор­та жол­да тас­тап кет­пейді деп сен­ді. Ке­ше­гі­ні қи­майт­ын­дар іс­тің бұ­лай бо­лып шы­ғу­ына На­зар­баев­тың еш қа­ты­сы жоқ еке­нін бі­ле­ді. Қайта, бо­ла­ры бо­лып, бояуы сі­ңіп қой­ған кез­де би­лік­ке кел­се де, ор­нық­ты­лық­ты сақ­тап, ны­ғайта біл­ге­ні­не ри­за бо­ла­ды. Ал жа­ңа­лық­ты ашық қол­дайт­ын­дар На­зар­баев­тың ре­фор­ма­ның мəн-маз­мұ­нын те­рең зер­де­леп, жан-тəні­мен кі­ріс­ке­ні­не сүй­сі­не­ді. Ең қиын сəттер­де ең қиын жауап­кер­ші­лік­ті өз мой­ны­на ала біл­ге­нін жо­ға­ры ба­ға­лай­ды. Оның жү­ріп жат­қан ре­фор­ма­ның так­ти­ка­лық мəсе­ле­ле­рін пай­ым­дауда праг­ма­тик­тік ұт­қыр­лық, ст­ра­те­гиялық мақ­сат­та­рын пай­ым­дауда реа­лис­тік ұш­қыр­лық та­ны­тып жүр­ге­ні­не кө­ңіл­де­рі то­ла­ды. Ол ұсын­ған көп век­тор­лы сырт­қы сая­сат пен еура­зиялық пай­ым­да­ма қа­зақ мем­ле­ке­ті­нің бас­қа­лар­ға сүй­кім­ді­лі­гін арт­ты­рып, өзі­міз­ге бү­гін­гі жəне ер­тең­гі дү­ниеде уа­қыт та­ла­бы­на қа­лай ұтым­ды жауап бе­ру­дің жо­лын мең­зейді.

Өз дəстүр­ле­рі­міз­бен тұй­ық­тал­сақ, өз­ге­лер­мен тіл та­бы­са ал­май­мыз. Өз­ге­лер­дің ың­ғай­ын­да ке­те бер­сек, өзін­дік та­ри­хи құн­ды­лық пен саяси ық­пал­ға ие бо­ла ал­май­мыз. Сон­дық­тан да сырт көз­ге ға­на бір-бі­рі­не ке­ре­ғар екі ба­ғыт, екі тəжі­ри­бе­нің бір-бі­рі­мен то­ғы­сар жəне біз үшін пай­да­лы бо­лар қы­рын та­ба бі­луіміз – біз­дің ұлт­тық дағ­да­рыс­қа ұшы­ра­май, іл­ге­рі ба­са бе­руіміз­дің се­нім­ді ке­пі­лі бол­мақ. Оның үс­ті­не, біз ба­тыс­тың да, шы­ғыс­тың да мəде­ни же­тіс­тік­те­рі­не ор­тақ­та­сып, өз үле­сі­міз­ді қо­су­да бел­гі­лі дəре­же­де оң тəжі­ри­бе де жи­нақ­тап үл­гер­дік. Ен­ді со­ны тап­тық тар ау­қым­ды­лық­тан шы­ға­рып, ұлт­тық да­муымыз­ды тез­де­те­тін­дей ұтым­ды­лық­пен жал­ғас­ты­рып, же­тіл­ді­руіміз қа­жет бо­лып отыр. Ен­ді­гі жер­де біз құ­рал­пы ха­лық­тар дəстүр­шіл өр­кө­кі­рек­тік­пен емес, тал­ғам­паз жа­ңа­шыл­дық­пен ға­на тез­де­тіп қа­тар­ға қо­сы­лып, көз­де­ген мақ­са­ты­на же­те ала­ды. Геосаяси экс­пан­сио­низм­ді аты­мен ман­сұқ­тап, хал­қы­мыз­дың ал­дын­да тұр­ған əлеу­мет­тік-ру­ха­ният­тық мəсе­ле­лер­ді тың­ғы­лық­ты зер­де­леуді көз­де­ген бұл із­де­ніс­тер алыс­тың да, жа­қын­ның да кө­ңі­лін­де біз­ге, біз­дің елі­міз­ге де­ген ерек­ше жы­лы­лық оята­ды. Біз өз тəуел­сіз­ді­гі­міз­дің ғұ­мы­ры ұзақ бол­сын де­сек, өз іші­міз­де де, өз­ге­лер­мен екі ара­да да алауыз­дық пен ала көз­дік­ке жол бер­меуі­міз ке­рек. На­зар­баев­тың осын­дай саяси пай­ымы қай сай­лау­дың ке­зін­де де оған де­ген жап­пай жақ­тас­тық­ты қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік бе­ріп отыр.

Пре­зи­дент На­зар­баев та бұ­ның қа­ді­рін бі­ліп, жақ­сы ба­ғам­дап ке­ле­ді. Ел се­ні­мін ақ­тау жо­лын­да еш­те­ңе­ден ая­нып көр­ген емес. Ең қиын сəттер­де тек ха­лық­қа ға­на жү­гін­ді. Тек ха­лық­ты ға­на бас са­рап­шы деп та­ны­ды. Қан­дай кез­де де за­ма­на ал­ға то­сып отыр­ған тəуел­сіз­дік, де­мок­ра­тия, ре­фор­ма тағ­ды­рын би­лік жо­лын­да­ғы кү­рес­тің оңай ша­лы­на са­лар құр­бан­ды­ғы­на ай­нал­ды­рып көр­меп­ті. Қам­шы­ның ті­нін­дей жа­ры­са жү­ріп оты­рар үш ре­фор­ма­ның үшеуі­нің де тіз­гі­нін бір­дей бе­кем ұс­тап ке­ле­ді. Əсі­ре­се, біз сияқ­ты ұзақ жыл­ғы отар­шыл­дық­тан кү­де­рі бір жо­ла үзі­ліп қа­ла жаз­да­ған ха­лық үшін тəуел­сіз­дік­тен ас­қан мұ­рат бол­майтынын бір сəт те ес­тен шы­ға­рып көр­ген емес. Оған жұрт дауыс бер­се, эко­но­ми­ка­мыз­дың ойда­ғы­дай да­мып кет­кен­ді­гі үшін (оған əлі көп уа­қыт ке­рек) не­ме­се қол­дан­ған саяси тех­но­ло­гиясы­ның со­ны­лы­ғы үшін (бұл жа­ғы­нан бас­қа­лар да есе­сін жі­бе­ріп жат­қан жоқ) емес, əлгі айт­ыл­ған ең бас­ты үш мұ­ра­ты­мыз тəуел­сіз­дік­ке, де­мок­ра­тияға, ре­фор­ма­ға ала­ла­май қа­рап, бəрі­не бір­дей адал­дық көр­се­тіп ке­ле жат­қа­ны үшін дауыс бе­ріп ке­ле­ді. Саяси тұр­лау­лы­лы­ғы мен та­бан­ды­лы­ғы үшін қол­дау көр­се­тіп ке­ле­ді. Бү­гін­гі­дей қиын жағ­дайда тек сон­дай сая­сат­шы­ға се­нім ар­ту – біз­дің қо­ға­мы­мыз­дың əлеу­мет тік са­ли­қа­лы­лы­ғы мен ру­ха­ни сaла­мат­ты­лы­ғы­ның айға­ғы.

Ал бі­рақ бү­гін­де жыл­дан-жыл­ға қа­та­ры өсіп ке­ле жат­қан сая­сат­шы­лар са­на­тын­да осы жағ­дайды мық­тап ұғы­нып, осы қа­ғи­да­ны мық­тап тұ­ты­нып жүр­ген­дер көп пе? Қа­бі­лет­ті­лер­дің де, бі­лім­ді­лер­дің не да­рын­ды­лар­дың да, азу­лы­лар­дың да аз емес еке­ні рас. Бі­рақ, бү­гін таң­да ел қа­тар­лы ел бо­лып ке­туіміз­дің бір­ден бір ке­пі­лі – тəуел­сіз­дік, де­мок­ра­тия, ре­фор­ма ба­ғы­ты­на бір­дей же­тік, бір­дей адал, та­бан­ды мі­нез та­ны­та алып жүр­ге­ні­міз сон­ша­лық жет­кі­лік­ті деу­ге ауыз бар­майды. Тəуел­сіз­дік­ке жан-тəні­міз­бен ада­лы­мыз де­мок­ра­тия мен на­рық­тың жай-жап­са­ры­на шор­қақ­тық та­ны­тып жүр­міз. На­рық­қа же­ті­гі­міз тəуел­сіз­дік­тің жай-жап­са­ры­на атүс­ті қа­рай­мыз. Ал де­мок­ра­тияға кел­сек… Би­лік жо­лын­да­ғы кү­рес­те айла да, əдіс те, əре­кет те тал­ға­май, жағ­дайды не­ғұр­лым қиын­дат­сақ, со­ғұр­лым мақ­са­ты­мыз­ға те­зі­рек же­те­міз де­ген саяси кө­кай­ыл­дық еш­қа­шан де­мок­ра­тияға əкел­ген емес. Əпер­ба­қан­дық кү­рес əді­сі тек əпер­ба­қан­дық үс­тем­дік­ке ға­на жет­кіз­ген. Бас­қа тү­гі­лі бе­дел­ді сая­сат­шы­ла­ры­мыз деп жүр­ген­де­рі­міз­дің өзі осы ара­сы­на жет­кі­лік­ті мəн бе­ріп жат­пайт­ын сы­ңай­лы. Мұн­дай жағ­дайда, би­лік ба­сы­на кім кел­се де, ел­ді­гі­міз бен тəуел­сіз­ді­гі­міз­дің ұпайы тү­гел бо­ла­ты­ны­на қайт­іп се­нім­ді бо­ла ал­мақ­пыз?! Олай бол­са, бір ісі­міз­ге бол­ма­са, бір ісі­міз­ге же­тік аза­мат­та­ры­мыз­дың бі­рі­нің ке­мі­сін бі­рі тол­ты­рып, бі­рі­нің же­тіс­ті­гін бі­рі үйре­ніп, өз­де­рі­нің де, ел­дің де ба­сын ша­шы­рат­пай, бір­ге жү­ре ал­ған­да­ры – ел­ді­гі­міз­ге сі­ңір­ген ең үл­кен ең­бек­те­рі бо­ла алар еді. Əйт­пе­се, баяғы­дан бе­рі бас­қа­лар­дың айтағы­мен тү­бі­міз­ге же­те жаз­да­ған ке­сір мен ке­се­пат­ты ен­ді өзі­міз ба­ла­лат­қа­ны­мыз, қай жа­ғы­нан алып қа­ра­ған­да да, жөн бол­мас еді. Əри­не, қай ісі­міз­де­гі ба­лаң­дық­та­ры­мыз­ға да тү­сі­ніс­тік­пен қа­рай ал­ға­ны­мыз сияқ­ты де­мок­ра­тиямыз­дың да «ба­ла­лық ша­лық­та­ры­на» үл­кен тө­зім­ді­лік та­ны­та ал­ға­ны­мыз аб­зал. Ауыс­па­лы ке­зең­де бол­май қой­майт­ын əлеу­мет­тік жік­те­ліс пен мүд­де алуан­ды­ғын мін­дет­ті түр­де бар­ри­ка­да­ның екі бе­ті­не шы­ға­ру­ға, сон­дай-ақ мұн­дайда кез­дес­пей қал­майт­ын пі­кір ке­ре­ғар­лы­ғы­ның ара­сы­на ше­ка­ра­лық ала ба­ған ор­на­та қоюға асық­па­ға­ны­мыз ла­зым. Қайта бір­лес­кен із­де­ніс­тер мен бір­лес­кен іс-қи­мыл­дар­ға кө­пір қал­ды­ра біл­ге­ні­міз дұ­рыс. Ол үшін қа­жет­ті жағ­дайда ел­дік жо­лын­да кі­ші­лік көр­се­те алар кі­сі­лік­ке бəр-бəрі­міз де оң пейіл та­ны­та ал­ма­ғы­мыз шарт. Өйт­ке­ні, жо­ға­ры­да сөз бол­ған əлеу­мет­тік ке­лең­сіз­дік­те­рі­міз­ді қай-қай­сы­мыз да мық­тап ойла­нып, мық­тап тол­ға­нып, тиіс­ті қо­ры­тын­ды шы­ға­ра ал­сақ қа­на азайта ала­мыз. Еш­қан­дай саяси сау­да­ла­су­ға ұрын­бай, жағ­дайды бұ­дан гө­рі де қайт­ып жақ­сар­та ала­мыз де­ген қол­да­ғы ын­ты­мақ­тас­тық пен ық­пал­дас­тық­қа адал пейілі­мен жұ­мы­ла ал­ған­дар жұрт­шы­лық та­ра­пы­нан қол­дау та­ба ала­ты­нын уа­қыт­тың өзі көр­се­тіп отыр. Олай бол­са, он­сыз да бір қо­лын екі ете ал­май жат­қан жас тəуел­сіз­дік­ті, ба­лаң де­мок­ра­тияны, қиын ре­фор­ма­ны біт­пейт­ін де қой­майт­ын саяси өр­кө­кі­рек­тік шай­қа­сы­на шар­пыл­дыр­май, ел­ге, жұрт­қа жа­ны­мыз аши­ты­нын іс­пен дəлел­дейік. Ауыз бір­лік­пен дəлел­дейік. Əді­лет­ті дау-да­май­дан емес, ел­дік­тің ор­тақ мүд­де­ле­рі жо­лын­да­ғы ор­тақ ыж­да­һат пен ор­тақ жауап­кер­ші­лік­тен із­де­сек, еш­қай­сы­мыз да ұтыл­мас едік. Құ­дай­ға шү­кір, он­дай мəрт­тік­ті ба­ға­лап, он­дай мəрт­ті қа­дір­лей ала­тын ел бар.

Ен­де­ше, мың өліп, мың ті­ріл­ген хал­қы­мыз­дың та­ри­хи тағ­ды­ры­ның ең бір тар жол, тай­ғақ ке­шу, тау­қы­мет­ті тұ­сын­да, тіп­ті бір­жо­ла­та құ­рып ке­ту қаупі төн­ген­де, құ­дай сақ­тап аман қа­лып, кө­ге­ріп-көр­кеюге мүм­кін­дік ала­тын ең соң­ғы май­дан­ға жұ­мыл­ған тұс­та, жү­ре­гі­нің тү­гі, та­ба­ны­ның бү­рі, кө­ңі­лі­нің Нұ­ры бар көш­бас­шы тап бол­ға­ны­на тəубе де­ге­ні­міз жөн. Бұ­ны іш­те де, сырт­та да дұ­рыс тү­сі­не­тін­дер көп. Пре­зи­дент На­зар­баев та­лай ір­ге­лі мем­ле­кет­тер­дің ең жо­ғар­ғы ор­ден­де­рі­мен ма­ра­пат­тал­ды. Ре­сей­дің ең ал­ғаш бі­рін­ші Петр­ді ма­ра­пат­та­ған ең ежел­гі, ең жо­ға­ры «Киелі əулие Анд­рей Пер­воз­ван­ный ор­де­нін» иеле­не ал­ған аса са­наулы адам­дар­дың бі­рі. Тол­қы­ма­лы тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры ха­лы­қа­ра­лық дең­гейде жыл ада­мы деп та­ныл­ды. Ға­сыр­лар то­ғы­сын­да өз елі­міз­дің та­ны­мал аза­мат­та­ры­нан құ­рыл­ған бе­дел­ді қа­зы­лар ал­қа­сы оған ұл­ты­мыз­дың маң­дай ал­ды пер­зент­те­рі­мен бір­ге «Ға­сыр саң­ла­ғы» құр­мет­ті ата­ғын бер­ді. «Сүйер ұлың бол­са сен сүй, сүйі­нер­ге жа­рар ол», – де­ген осы.

Ра­сы­на кел­сек, қа­зақ қа­зақ бол­ға­лы күл­лі əлем тү­гел мой­ын­дап, тү­гел та­ны­ған тəуел­сіз де дер­бес мем­ле­кет­ке ие бо­лып отыр­ға­ны да, со­ған лай­ық бү­кіл əлем тү­гел та­нып, тү­гел мой­ын­да­ған, XX ға­сыр­дың ең сү­лей сая­сат­шы­ла­ры­ның қай-қай­сы­сы­мен де те­ре­зе­сі тең тұ­ра ала­тын өз бас­шы­сын төл пер­зент­те­рі­нің ара­сы­нан өзі тауып, өзі та­нып, өзі таң­дап алып, ері­ні тұ­щып, ме­рейі өсіп отыр­ға­ны да тек осы біз­дің тұ­сы­мыз­да ға­на. Тəңір жақ­сы­лы­ғы­мен жал­ғас­тыр­ғай дейт­ін­дей ша­па­ғат­ты ша­ғы­мыз бұл… Өт­пе­лі уа­қыт­тың өт­кін­ші қиын­шы­лық­та­ры мен өкі­ніш­ті ағат­тық­та­ры­на бо­ла ба­сы­мыз­ға қо­нып тұр­ған та­рих пен тағ­дыр сый­ын тəрк етер­дей тəйт­ік­тік­ке мой­ын ұсын­байт­ын хал­қы­мыз, жо­ра­лы жұр­ты­мыз əлі де та­лай маң­дайына ұс­тар мар­қас­қа­лар туар. Ма­мы­ра күн­дер ке­шер… Бі­рақ, та­лай ға­сыр бойы біз де­ген­де бе­зер­лі­гі ұс­тап, бе­ді­рейіп алып, емі­рен­бей кел­ген тағ­дыр мен та­рих­тың тар құр­са­ғын ке­ңі­тіп, тас ем­ше­гін жі­бі­тіп, тəуел­сіз­дік əпер­ген бұл жыл­дар мен бұл ке­зең­нің ор­ны тіп­тен бө­лек.

Сон­дық­тан да біз осы­нау ке­зең­нің оқи­ға­ла­ры­на өз кө­зі­міз­бен куə бо­лып, ыс­тық-суы­ғын бір­ге кө­ріп ке­ле жат­қан за­ман­дас ре­тін­де ас­қа­ра­лы ал­пы­сын ел се­ні­мі биі­гін­де қар­сы ал­ға­лы отыр­ған айтулы қай­рат­ке­рі­міз жай­ын­да­ғы ой-тол­ғам­да­ры­мыз­дың бір үзі­гін ор­та­ға сал­ған­ды па­рыз са­на­дық. Он­да тұң­ғыш Ел­ба­сы­мыз­дың сан қыр­лы та­лан­ты мен сан са­ла­лы қыз­ме­ті­нің тек бір қы­ры мен бір са­ла­сы­на ға­на – Тəуел­сіз­дік алуы­мыз бен оны сақ­тап қа­луымыз­ға    сі­ңі­ріп ке­ле жат­қан ере­сен ең­бе­гі­не ға­на тоқ­та­лып отыр­мыз.

Со­ның өзі-ақ со­ры ашыл­са, ен­ді ашы­ла ма деп отыр­ған қа­зақ хал­қы­ның ке­рек кез­де ту­ған ке­мел Аза­ма­ты­ның біз­дің за­ман­дас­та­ры­мыз бен ке­ле­шек ұр­пақ­та­ры­мыз үшін ор­ны мен ай­рық­ша қа­ді­рін ай­қын­дап бе­ре ал­ған­дай.