ОНОРЕ ДЕ БАЛЬЗАК

(1799–1850)

Бальзактың орыс тіліне аударылған шығармаларын студенттік жылдары түгел дерлік оқып шыққан едім. Әрине, Бальзакты оқу бар да, оны түсіну бар. Мен француз емеспін, сондықтан қабылдау маған оңай шаруа болған жоқ. Бір сәті түсіп, бертін келе, «Шагреневая кожа» деген романын қайта оқып шықтым. Соншама ұнаттым деп айта алмаймын.

Бальзак өмір қызығына соншама кенеліп өткен жан емес. Қысқа ғұмырында ондаған роман жазып, арпалысып өмір сүрген қаламгер.

Солай бола тұра соңынан мол мұра қалдырды. Кезінде Данте өз шығармасын «Божественная комедия» десе, Бальзак бар жазғандарына «Человеческая комедия» деген ортақ атау берген. Адамның ғұмыры комедия екені шындық, жазушының бұл ойымен келісемін, себебі комедия трагедияның жоғарғы көрінісі, мәнді айғағы. Күлкі табиғатында трагедия жататыны көптен бері көпшілікке белгілі. Ойы терең қаламгерді қайта-қайта оқи беруге бо­лады. Жуырда қолыма Бальзактың шығармаларының орыс тіліндегі бір томдық жинағы тиді. Кітаптың мазмұнына қарасам: «Отец Горио», «Полковник Шабер», бұлардың сюжеттері есімде, әсіресе «Гобсек» жадымда жақсы сақталыпты. Ал «Обедня безбожника» және «Неведомый шедевр» деген шағын әңгімелері есімде қалмапты. Бірін бастаған соң, тоқталмай кітапты түгел оқып шықтым.

«Обедня безбожниканың» есімде қалмауы түсінікті екен, себебі бұл әңгімеде атеизм мен діни сезім туралы біршама терең ойлар айтылған. Әрине, кеңес заманында атеизм деген өмір сүру тәсіліміз болғандықтан, дін мәселесіне пәлендей мән бермейтінбіз. Дін деген жат түсінік, демек оның қызығы да шамалы. Бұл шығармалардағы діни сезім мені кезінде қызықтырмаған, содан ол есте де қалмаған. Бүгінгі заманда атеизм орнына қайтадан дін орныға бастағанда әңгіме идеясы өзгеше мәнде ашылып тұр. Айтар ойым түсінікті бо­луы үшін, әңгіме сюжетімен таныс емес жұртшылыққа, қысқаша мазмұнын айтып берейін. Бальзакка тән көпсөзділікті ширатып айтсақ, әңгіме былай болған. Парижге әйгілі доктор Бьяншонның айтуынша, оның ұстазы Деплен – атеистің нағыз өзі. Ол туралы Бальзак былай деген: «Он не верил ни в сотворение первобытного животного мира, ни в бессмертие человеческой души. Деплен не со­мневался, он отрицал. То был откровенный, чистейшей воды атеизм, который присущ многим ученым: это прекраснейшие люди, но они до мозга костей атеисты, – атеисты, исповедующие атеизм с такой же убежденностью, с какой религиозно настроенные люди его от­вергают. У Деплена и не могло сложиться иных убеждений: ведь он с молодых лет привык рассекать скальпелем человека – венец живого всего – до его рождения, при жизни и после смерти, привык копаться во всех его органах и нигде не находил эту единую душу, столь не­обходимую для всех религиозных учений».

Осындай атеист ұстазының шіркеуге барып жүргенін шәкірті Бьяншон байқап қалды. Шәкіртінің сұрағына шіркеудегі пастордың тізесіне жара шығып, соны емдеуге бардым дейді, бірақ Бьяншонға күдік енеді. Сол күдікті сейілту үшін, ол ұстазын аңдып жүріп, оны шіркеуде тізерлеп мінәжат етіп отырғанын өз көзімен көреді. Бұл істің мәнісін сұрастыра келсе, шіркеу қызметкерлері Депленнің жиырма жыл бойы, жыл сайын төрт рет келіп, құдайға мінәжат ететінін айт­ты. Солай уақыт өте берді, бірде Бьяншон ұстазының жасырын жасап жүрген ісінің мәнісін сұрады. Деплен ақыры оған сырын ашты.

« – Ладно, милый друг, – сказал Деплен. – Я на краю могилы и могу рассказать вам теперь, как я начинал свою жизнь» (с. 302).

– Сөйтіп, Деплен өз хикаясын баян етеді. Тұрмысы ауыр болғанын, ішер ас болмай толып жатқан қиыншылықтар болғанда, бір қарапайым су тасушының әкесіндей көмек еткенін және ол көмектің кейін ақысын талап етпейтіндігін, ол адамның жалғыз басты болғанын, ол өлгенде оны жерлейтін өзінен басқаның болмағанын айтады. Егер сол кісі болмағанда менің бүгінгі жағдайыма жетуім түгіл, өмір сүруім екіталай іс еді дейді.

Деплен өзінің қамқоршысы Буржаның екі қасиетін ерекше бағалаған, біріншісі (Бальзактың өз тілімен айтса) «Он был опьянен моими первыми успехами, но у него никогда не вырвалось ни едино­го слова, ни единого жеста, говорившего: «Это я вывел его в люди». А ведь не будь его, нужда прикончила бы меня. Бедняга пожертвовал своей жизнью ради меня: оказалось, он ел один только хлеб, натирая его чесноком, зато покупал мне кофе, необходимый для моих ночных занятий. Он заболел (с. 307).

Жақсылықтың мәні оның сырының өз ішінде болғандығында, жария жақсылық – жақсылықтың мәнін жоюға бастайтын іс. Жақсылықтан жақсылық күту де пендешілік. Жақсылық табиғатында тақуалық бар, ол әулиелікке бастайтын жол. Жария етілмей жаса­латын жақсылық табиғатында дін тазалығы бар. Даңқ тазалығы жақсылыққа жатпайды. Ислам дінінде жақсылық жасаған адам мұсылман. Садақа берсек, ол да жақсы іс емес пе, оң қолыңмен берген садақаны сол қолың білмесін деген бар. Жақсылық жасау адамшылықтың тазалығы, Депленге кезінде қарапайым су тасушы Буржуа сондай жақсылық жасаған.

Осы қарапайым су тасушы Буржаның екінші қасиеті, ол, оның діншілдігі еді дейді Деплен. «Этот человек был образом просто сер­дечной веры. Если есть Рай, кто мог быть достойнее его, чем этот человек» (с. 308).

Депленнің шіркеуге барып мінәжат етіп жүргенінің сыры, осы қарапайым адамға, оның сеніміне деген құрмет. Ол туралы Деплен былай дейді: «Но он был верующий, у него были религиозные убеж­дения – имел ли я право оспаривать их?» (с. 308). Сондықтан жыл сайын төрт рет шікеуге барып, өзінің қамқоршысы болған Буржа үшін мінәжат етуді Деплен дәстүрге айналдырған.

Дін дегеннің бір анықтамасы –дәстүр. Сонда жаны ізгі адам­ды құрметтеу дәстүрі дін бе, дін емес пе? Дінге біз жаны ізгі әкелерімізді құрметтеп, олардың діни сезімін жалғастыруды дәстүрге айналдырмаймыз?!

Бальзактың әңгімесі былайша аяқталады. «Бьяншон, ле­чивший Деплена во время его последней болезни, не решается теперь утверждать, что знаменитый хирург умер атеистом» (с. 308). Ойланатын мәселе.

Осы әңгімеде Бальзакқа тән мынандай түсініктер бар. Ол атақты Деплен туралы: «Как у всех гениальных людей, у него не оказа­лось наследников: он все принес и все унес собой» (с. 295). Бұл не, заңдылық па, әлде Бальзактың ойнақы ой тұжырымы ғана ма?!

«В результате у хирурга-тирана появился через некоторое время Сеид» (с. 248). Ислам тарихынан белгілі Сеид пайғамбарымыз Мұхаммедтің сүйікті жақтасы. Демек, француз қауымы Сеидтің кім екенін біліп отыр, әйтпегенде Бальзак сөз ара­сында оны атай ма? «Сеид» деп әңгімеде Депленнің шәкірті Бьяншонды айтқан.

Деплен шәкірті Бьяншонға былай дейді: «Друг мой, если я не верю в Бога, я еще менее верю в человека» (с. 304). Әңгімеде, керісінше Деплен құдайға сенуге жолды адамды құрметтеу арқылы жеткен. Жаратқанды сүю үшін, оның жаратқандарын сүю керек де­ген қағида осындайда ойға келеді.

«Неведомый шедевр» деген әңгіме туралы. Суретшінің ешқашанда әйел бейнесін толық ашуы мүмкін емес. Суретшілер қандай хас шебер болғандарымен әйел табиғаты ашылмақ емес. Сірә, мүмкін емес іске ұмтылыстың аты – өнер шығар. Әңгіме өнер құпиясына арналған.

***

Бальзактың «Горио әке» деген романы әсерлі шығарма екен. Жазушының айтпағы Горионың екі қызына деген ыстық ықыласы мен қыздарының әкесіне жасаған опасыздықтары. Бар байлығын екі қызына бөліп берген фабрикант Горио қайыршылықта әрі ру­хани дағдарыста өледі. Өлгелі жатқан әкесіне келіп оның көңілін сұрау түгіл, оны жерлеуге де қыздары келмейді. Әкесінің байлығын сүліктей сорып алған екі қызы, әкесін жерлеуге қаражат та бөлмеді. Горионы Растиньяк және дәрігер-студент Бьяншон жерледі. Горионың өліміне қыздары селт етпеді. Қыздар болмағанда Горио әлі де өмір сүре беретін қауқары бар жан еді, оның өлімін тездеткен екі қызы. Олар Гориоға бір мезгілде келіп, одан қаражат сұрайды. Дәрмені таусылған (яғни шарасы біткен) Горио не істерін білмей қысылады. Оны түсініп жатқан қыздары жоқ, олар әкесінің көзінше бір-біріне айтпаған сөздерді айтады. Осы халды көтере алмаған Горионың миына қан құйылады. Оған қараған қыздары жоқ, ендігі жерде не қаражаты, не денсаулығы жоқ Горионы мүлдем естерінен шығарады. Горио болса қашан өлгенше қыздары: боренес­са де Нусинген Дельфинаны және маркиза де Рестро Анастазиді шақырумен болды. Ол сандырақтап жатып:

« –Нази! Фифина, – произнес он.

– В нем еще теплится жизнь, – сказал Бьяншон.

– А на что ему она? – заметила Сильви.

Расы сол, өмір азаптану үшін керек. Өмір туралы шындық осы. Өмірде азапқа түспейтін жан бар ма, өмірдің азаптан өзге тәсілі бар ма? Былай қарағанда жаман өмірде жүрген боронесса Босеан не үшін Парижден қашып, өзін азапқа салуда. Азапты адамға не тағдыр береді немесе азапқа адам өзін-өзі салады. Сырт көзге жар-жар еткен тұрмыстың азапқа толы екенін көре білуіміз керек. Өмір сүрудің азап екені ертеден белгілі, бірақ өзінен туған балаларының өз әкесін азап­тап өлтіруін қалай түсінуге болады. Басында Горио қыздарына шаң жуытпай: «Обе дочки очень меня любят. Как отец я счастлив» (с. 83) десе, өлер алдында қасындағы Растиньякқа сырын былайша ашқан: «У них дела, они спят, они не приедут. Я так и знал. Только умирая, узнаешь, что такое дети. Ах, друг мой, не женитесь, не заводите де­тей! Вы им дарите жизнь, они вам – смерть. Вы их производите на свет, они вас сживают со свету. Не придут! Мне это известно уже десять лет. Я это говорю себе не один раз, но не смел этому верить» (с. 182).

Бальзактың осы айтып отырғаны, тек XІX ғасырдағы фран­цуз қауымына ғана қатысты әңгіме ме? Мәселенің ауырлығы сол, бұл көрініс біздің қазіргі өмірімізде де орын алуда. Адам баласын­да алға кеткен сапалы өзгешелік бір болсайшы?! Байлық қуатына енген жерде адамшылықтың тым тапшы болатынын Бальзак осы шығармасында мейлінше ашып берген. Қыздарының қатыгездігінің себебін Горио біледі. Ол былай дейді: «У них обеих сердца камен­ные. Я чересчур любил их, чтобы они меня любили. Отец непре­менно должен быть богат, он должен держать детей на поводу, как норовистых лошадей. А я стоял перед ними на коленях» (с. 183).

Жаңа-жаңа ақшамен көзін ашып келе жатқан қазақтың жастары, Бальзак жазған жағдайларға тап болмаса екен деп үміт етеміз, бірақ тегімен келмеген байлықты меңгеру әркімнің қолынан келер ме екен деген қауіп барын естен шығармаған абзал.

***

«Полковник Шабер» – ойға құрылған шығарма. Париждегі құқықтық іс-қағаздар дайындайтын кеңсеге бір адам келеді, ол ту­ралы кеңседегілер: «Вероятно, это какой-нибудь бывший полковник хлопочет о пенсии», – заявил письмоводитель» (с. 247).

Осы көрініс, менің есіме Габриэль Маркестің «Ешкім хат жаз­байтын полковник» деген шығармасындағы оқиғаны еске түсірді. Қай заманда болмасын ұлттық қаһармандардың соңғы күндері аянышқа толы болатыны мәңгілік тақырып. Жақсылық тез ұмыт бо­лады. Адамның санасына тастай болып қатып қалатын – жамандық.

Бальзактың әңгіме етіп отырған полковнигі (Шабер) қоғамдағы басы артық жан, себебі ол тарих, оның бүгінгі өмірде орны жоқ. Сондықтан ол қалған өмірін ғаріп-қасірлер үйінде өткізуде. Оның байлығын, даңқын өзгелер пайдалануда. Мұндағы басты тұлға, оның әйелі. Полковник Шабер өзі туралы «Да что поделаешь. Закатилось наше солнышко, и всем нам теперь холодно» (с. 259). Иә, өмірдің қуаты сарқылып, ол мұздап барады. Өмірге суықтың енгені, оның мәнінің жойылуында. Мәнсіз өмір – суық. Ол тек сені ғана емес, өзгелерді де тоңдырмақ. Шығарманы оқып отырып, осындай ызғырық сезінесің. Ызғырықты жіберуші оның әйелі деп те айту, сөйтіп әйелді жазғыру да қиын. Әйел өз басының қауіпсіздігін сақтауы үшін әрекеттенуде. Әркімге өз өмірі үшін күресудің сәті түсті. Әйелі және күйеуі бо­лып өмір сүру мүмкіндігі таусылғанын әйелі ұқты. Ендігі жерде осы сананы өткен күнге айналған күйеуі полковник Шаберге түсіндіруі керек. Осы мақсатта ол әйел затына тән шеберліктің бәрін жасап бақты. Мақсат өткен күннен қайта келген күйеуін, сол өткен күнге қайта қайтару, яғни оны тірідей ұмыттыру, жоқ ету, оны көлеңкеге айналдыру. Әйел осы мақсатқа жетті. «Решившись на все, чтобы до­биться цели, она не знала еще, как ей поступить с этим человеком, но прежде всего она жаждала уничтожить его социально» (с. 285).

Бальзак дұрысын айтқан. Семьяның негізі – әлеуметтік болмы­ста. Осы мәселе шешілсе, семья не дұрыс, не бұрыс болмақ. Семья болмысы әлеуметтік негізде, әйел соны дөп басқан. Семья үшін, өзі үшін күресте жеңіліс тапқан полковник Шабер.

Сөзіміздің дәлелі ретінде кітаптан мынандай үзінді келтірейін: « – Как же это вы не сумели выговорить себе хоть какую-нибудь сум­му! – воскликнул Дервиль.

– Не говорите мне об этом, – отвечал старый воин. – Вы не мо­жете себе вообразить, до чего я презираю эту показную жизнь, ко­торой так дорожат большинство людей. Мною нежданно овладел новый недуг – отвращение к человечеству. Когда я вспоминаю, что Наполеон на острове Святой Елены, все претит мне в этом мире. Я не могу более быть солдатом, вот в чем моя беда. Наконец, – при­бавил он с непредаваемо ребячливым жестом, – чувства украшают лучше, нежели богатые наряды, и я смело смотрю в глаза» (с. 291).

Осы түсінікпен полковник Шабер дүниеден өтті. Ол айтқан ой­лар, әлі де талай ұрпақтардың жан азабы болып, әртүрлі жағдайда бола беретін көңіл күй екені әлімсақтан белгілі шындық. Мәселе сонда, әр заманның жазушысы, соны өзі білгенінше қағазға түсіре бермек.

***

«Гобсекті» қайта оқып шықтым. Нарық заманында оны түсінуге кеңістік ашылған сияқты. Социализм кезінде Гобсектерге сұраныс болмаған. Ол заманның Гобсегі – мемлекеттің өзі болатын. Қазір Гобсек – мемлекет емес, нарықтың өз болмысына айналған. Гобсек өзінің дүниеге көзқарасы туралы былай дейді: «Вы всему верите, а я ничему не верю. Нет на земле ничего прочного, есть только услов­ности, и в каждом климате они различны. Для того, кто волей-неволей применялся ко всем общественным меркам, всяческие вещие нрав­ственные правила и убеждения – пустые слова. Незыблемо лишь од­но-единственное чувство, вложенное в нас самой природой, инстинкт самосохранения. В государствах европейской цивилизации этот ин­стинкт именуется личным интересом …что из всех земных благ есть только одно, достаточно надежное, чтобы стоило человеку гнаться за ним. Это… золото. В золоте сосредоточены все силы человечества» (с. 203–204). Рас. Бар трагедия осында. Гобсек: «Золото – вот духовная всего нынешнего общества», – дейді (с. 210). Қазіргі жағдайда осы мәселе өзгерді ме, әрине жоқ. Демек, әңгіме де сонда.

Бальзак керемет жазушы деп айта алмаймын, бірақ талантты. Ара-тұра тап-тамаша жаңалықтар ашады. Бірақ сөзі көптеу, ширақ емес. Дін туралы ашық пікірі жоқ. Егер тұрмыс қиыншылығы иығынан басып тұрмаса, мүмкін керемет шығарма тудырар ма еді деп ойлаймын, оның үстіне өмірден де ерте кетті. Мүмкін ғұмыры ұзақ болса, тағы да бірер көсілер ме еді, қайтер еді. Бұл қисынға қатысты айтылған сөз, әйтпегенде Бальзактың осы жазғандарының өзі талай сөз айтуға әбден жетіп жатыр.

2003 ж.

 

Ғ. Есім: Өнегелі өмір,  78-85 беттер