ТЕОДОР ДРАЙЗЕР

(1871–1945)

Ол көпбалалы отбасынан шыққан, оның өмірбаянын жазушылар тоғызыншы бала дейді. Демек, Теодор жас кезінен жазушылықты көріп өскен, оның үстіне денсаулығы да мықты болмаған көрінеді, бірақ жазушының қиялының өрісі өте кең. Студент кезімде оқыған «Стоик», «Тинтон», «Финансист», «Қарындас Керри», «Американдық трагедия» шығармаларында Американың бар бол­мысын қамтыған десе де болғандай.

«Финансист» (1912), «Титон» (1914) және «Стоик» (1947) – бұл трилогияның басты кейіпіндегі Франк Алджернон Наупервуд – американдық бағы жанған бизнесмен әрі американдық бизнестің құрбаны. «Американдық трагедия» да үш кітаптан тұрады, мұның басты кейіпкері – американдық арманға жету үшін жан дәрменімен талпынған, онысы қайғыға айналған, өзі қылмыстық іске араласқан Клайд. Автор романды трагедия деп тегін атамаған, мәселе Клайдтың жеке басының әңгімесі ғана емес, мәселе американдық прагматизмде. «Адам болудың» әрқилы жолдары Клайдты қылмысқа бастап кетті. Маған кезінде «Керри қарындастың» әсері айтарлықтай болды. Осы шығармадағы Герствудтың тағдыры, қазіргі нарық жағдайына енген тәп-тәуір азаматтың тағдыры да со­лай болып жатқан жоқ па екен? Бұл романға кезінде Америкада қарсылық біршама болды. Романнан социализм идеалды ұшқынын көрген сыншылдар да болды. Меніңше, мәселе социализм иде­яда емес, адамның нарық жағдайындағы тағдырында. Роман басындағы жайраңдаған, үсті-басы мұздай ұқыпты, тәртіпті, беделді Герствудтің панасыздар үстінде өліп, белгісіз адам ретінде жерленетінін кім болжап білген. Сондай тағдырлар біздің қоғамда жоқ деуге бола ма?!

Мүмкін Теодор Драйзердің өзі осындай ауыр балалық шақты басынан өткізді ма екен, әлде Американың ел болуы соншама ауыр жағдайда өтті ме екен, әйтеуір социализм идеясына жанашырлығын үнемі білдіріп отырды, тіптен оның «Ленин» деген шағын мақаласы бар. Ол мақаласын былай аяқтайды: «Хотя Ленина уже нет в жи­вых, но социальный строй, который он создал и который его сорат­ники и преемники с этих пор привели к нынешней мощи и вели­чию, навсегда останется для будущих поколений» (Теодор Драйзер. Москва, «Правда», 1986. 12-т. С. 423). Бұл мақала 1940 жылы жазылған. Өкінішке орай француздың тамаша жазушыларының бірі саясаттан тыс болғаны дұрыс па деп ойлаймын, саяси іс көптеген қаламгерлерді адастырған, соның бірі Теодор Драйзер деуге де бо­лады, бірақ қаламгерге баға бергеннен, сірә, оны түсінуге талпыныс жасаған, бәлкім бұл дұрыс та шығар.

Ғ. Есім: Өнегелі өмір,  89-90 беттер