ХОРХЕ ЛУИС БОРХЕС

(1899–1986)

Борхес Дон Кихот және Мигель де Сервантес туралы айта келе, мынандай түйін жасайды: «Ибо литература начинается мифом и заканчивается им» (Хорхе Луис Борхес. – Москва: Радуга, 1984. – С.231). Әдебиет өмір шындығын баяндайды деген түсінік санамызға әбден сіңген, оқырман қауымға Борхестің бұл пікірі кереғар. Жазушыға өмір шындығын жаздым деп ант-су ішудің еш қажеті жоқ. Әдебиет деген көркем әлемі, ол өмір емес, оның екінші деңгейдегі суреті. Өмірдің екінші деңгейдегі суретін біз – аңыз, миф, ертегі т.б. деп түсіндіруіміз керек. Әдебиет – өмірдің кеңістігін ашушы, оның мүмкіндігін білдіруші көркемдік тәсіл. Адам үшін өмір сүру бейнет, енді сол бейнетті дене күшінен рух күшіне алмастыру үшін әдебиет керек. Айталық, Дон Кихот деген кім? Ол өткен тарихтың көлеңкесі. Ол – қиял әлемінің кейіпкері. Дон Кихот өмір шындығынан барын­ша қашуда, бірақ өмір құрығы оны ешқайда тырп еткізбей ұстауда. Роман Дон Кихоттың өлімімен аяқталады, ол өмірді өлім арқылы ғана шындық екенін мойындаған. Шынында Дон Кихот болып не түс көріп, не қиял кеңістігінде әрекеттенген Сервантестің өзі бола­тын. Борхес осы пікірге жақын ой айтқан: «Побежденный реально­стью и Испанией, Дон Кихот скончался в родной деревушке году в 1614-м. Ненадолго пережил его и Мигель де Сервантес.

Для обоих сновидцев и его сна вся суть сюжета была в противо­поставлении двух миров: вымышленного мира рыцарских романов и поседневного, заурядного мира семнадцатого столетия» (там же).

Дон Кихот туралы айтқанда, оның сопылық дүниетанымға қатысын аңғару қиын емес, бірақ Сервантес сопылықты рыцарлық хикая арқылы беруді мақсат еткен. Мүмкін бұл сол ғасырдың қоғамдық санасына сай түсінік болса керек, бір жағынан, ал екінші жағынан, мүмкін бұл сопылықты адам қиялының шындығы етіп, яғни дінсіз бейнелеу ме екен? Осы мәселені Борхес «Задача» деген шағын шығармасында көтергенге ұқсайды. Ол айтады: «Представим, что в Толедо находят тетрадь с арабским текстом и палеографы при­знают его написанным рукою того самого Сида Ахмета Бен-Инхали, к которому Сервантес возвел своего «Дон Кихота». Из текста сле­дует, что герой (как известно, странствующий по дорогам Испании со щитом и мечом и любому бросающий вызов по любому поводу), закончив одну из своих бесчисленных схваток, обнаруживает, что убил человека. На этом фрагмент обрывается; задача состоит в том, чтобы угадать или предположить, как поступит Дон Кихот» (там же, с. 229–230).

Сонда Дон Кихот әрекетіндегі мақсат не? Әрине, зұлымдыққа қарсы күрес. Ол өзгелер көрмейтін зұлымдықты, оның иесін көре қояды да, оған қарсы майдан ашады. Зұлымдықты көрмеу, байқамау, аңғармау – қалыпты жағдай. Ал, Дон Кихот қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Оған дүниенің тазалығы керек. Сол үшін жанталасып «соғыс» ашады. Ол біледі, зұлымдықтан соғыспен арылуға болаты­нан. Алайда басқа амалы болмағандықтан, ол осы тәсілді қолданған. Дон Кихоттыкі нақұрыстық емес, сонда не? Оның арманы Ерлік пе, егер мақсат Ерлікте болса, онда зұлымдыққа қарсы соғыс ашқаннан өзге амал жоқ, бірақ Дон Кихот Ерліктің өзінің не екенін түсінбеген. Зұлымдыққа қарсы күресу ерлік пе? Ол адамның табиғи халі емес емес пе?! Дон Кихот ерлікке әуес, сондықтан оны жұрт әумесер деп қабылдайды, себебі оның ерлік туралы түсінігі қиялға құрылған.

***

Борхес «Скрытая магия в Дон Кихоте» деген шығармасында мынандай пікірлер айтқан: «В глубине души Сервантес любил сверхъестественное», «Сервантесу нравится смешивать объектив­ное с субъективным, мир читателя и мир книги». «…Персонажи «Дон Кихота» – они же и читатели «Дон Кихота». Сервантес кейіпкерлерін оқиғаға араластырып жіберген, олар оқиғаның ішінде ғана емес, оған сырт көздер. Бұл тәсіл «Мың бір түнде» бар. Әңгіме айтушы Шехрезада да, әңгіме тыңдаушы халиф та оқиғаға араласып кеткен. Бұл нені білдіреді, мәселе уақытта деп ойлаймын. Егер уақытты ескермесек, оқушы да, айтушы да, кейіпкер де арала­сып кетпек. Мұндай тұтастықтың сыры неде? Осы мәселе туралы Борхес былай дейді:

«Почему нас смущает, что карта включена в карту и тысяча и одна ночь в книгу о «Тысяче и одной ночи»? Почему нас смущает, что Дон Кихот становится читателем «Дон Кихота», а Гамлет – зри­телем «Гамлета»? Кажется, я отыскал причину: подобные сдвиги внушают нам, что если вымышленные персонажи могут быть чи­тателями или зрителями, то мы, по отношению к ним читатели или зрители, тоже, возможно, вымышлены. В 1833 году Карлейль заме­тил, что всемирная история – это бесконечная божественная книга, которую все пишут и читают и стараются понять и в которой также пишут их самих» (там же, с. 213).

Бұл оқырманның барлығын дәлелдеудің мүмкін еместігі, мұндай жағдай әдебиеттің тереңіне барып, оны философиялық санаға айналғанында пайда болатын күдігі.

Күдікке дейін бастап апармайтын әдебиеттің философиялық мазмұны болмақ емес, сірә Борхес осы мәселені айтқысы келген-ау деп ойлаймын.

***

«Пьер Менар, автор Дон Кихота» деген шағын шығармасында Борхес мынандай ой айтқан: «Слава – это непонимание, а может, и того хуже» деген (Ол да сонда, 67-б.). Терең ой. Атақ түсінікті бол­са, оның өңі қашпақ. Адамдар түсінікті істен гөрі, түсініксіз іске құмарлық білдіріп жатады. Түсінбеушілік – таң-тамаша қалудан оған табынуға дейін бастап кетеді. Атақта ақиқаттан гөрі аңыздың көп болатыны белгілі. Мен Борхестің ойын әрі жалғастырсам, атақ адам­дарды көбінесе адастырады, ақиқат жолынан бұрып әкетеді. Атақ-ты ақиқаттан аластатудың тәсілі даңғазалық, атақты мойындау ой еркіңнен айрылу. Біз кезінде осындай халді басымыздан өткергенбіз, Маркс, Ленинсіз сөз айтпайтын халге жеткенбіз, сонда бізді биле­ген олардың айтқандары емес, атақтары. Олардың айтқандарына күдік сол заманында болған, ал атақтарына күдік келтіруге тыйым салынған. Сынға тыйым салушылық та атақты өсірудің бір тәсілі.

***

«Сфера Паскаля» былайша басталады:

«Быть может, всемирная история – это история нескольких мета­фор. Цель моего очерка – сделать набросок одной главы такой истории.

За шесть веков до христианской эры рапсод Ксенофан Колофонский, устав от гомерических стихов, которые он пел, переходя из города в город, осудил поэтов, приписывающих богам антропо­морфические черты, и предложил грекам единого Бога в образе веч­ной сферы. У Платона в «Тимее» мы читаем, что сфера – это самая совершенная фигура и самая простая, ибо все точки ее поверхности равно удалены от центра; Олоф Гигон («Происхождение греческой философии», 183) полагает, что Ксенофан рассуждал по аналогии: Бог – сфероид, потому что форма эта наилучшая или наименее не­подходящая, для того чтобы представлять божество. Через сорок лет Парменид повторил этот образ («Сущее подобно массе правильной округлой сферы, сила которой постоянна в любом направлении от центра»); Калоджеро и Мондольфо считают, что он имел в виду сферу бесконечную или бесконечно увеличивающуюся и что при­веденные выше слова имеют динамический смысл (Альбертелли: «Элеаты», 48). Парменид учил в Италии; через несколько лет по­сле его смерти сицилиец Эмпедокл из Агригента придумал сложную космогонию; в ней есть один этап, когда частицы земли, воды, воз­духа и огня соединяются в бесконечную сферу, «круглый Сферос, блаженствующий в своем шарообразном одиночестве».

Всемирная история шла своим путем, слишком человекоподоб­ные боги, которых осуждал Ксенофан, были низведены до поэти­ческих вымыслов или демонов, однако стало известно, что Гермес Трисмегист продиктовал какое-то – тут мнения расходятся – коли­чество книг (42, согласно Клименту Александрийскому; 20 000, со­гласно Ямвлиху; 36 525, согласно жрецам Тота, он же Гермес), на страницах коих записано все, что есть в мире. Фрагменты этой мни­мой библиотеки компилировались или же придумывались начиная с ІІІ века и составляют то, что именуется «Собрание герметических книг»; в одной из книг, а именно в «Асклепии» (которую также при­писывали Трисмегисту), французский богослов Аланус де Инсулис обнаружил в конце ХІІ века формулу, которая не будет забыта последу­ющими веками: «Бог есть умопостигаемая сфера, центр коей находит­ся везде, а окружность нигде». Досократики говорили о бесконечной сфере; Альбертелли (как прежде Аристотель) полагает, что рассуждать так – значит допускать противоречие между определяемым словом и определением, ибо подлежащее и сказуемое взаимоотрицаются; по­жалуй, это верно, однако формула герметических книг побуждает нас интуитивно представить эту сферу. В ХІІІ веке образ сферы снова воз­ник в аллегорическом «Романе о Розе», который излагает его так, как у Платона, и в энциклопедии «Тройное зерцало»; в XVI веке в последней главе книги «Пантагрюэль» есть ссылка на «интеллектуальную сфе­ру, центр которой везде, а окружность нигде и которую мы называем Богом». Для средневекового сознания смысл был ясен: Бог пребы­вает в каждом из своих созданий, но ни одно из них не является для него пределом» (там же, с. 200–201).

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кесенесіне барып, данышпанға тағзым еттім. Мені бұл қасиетті орынға әкелуші ағайындар былай шыға бергенде, «мына жер – жер кіндігі, жер ортасы» десті. Мен оларды толық қолдадым, сірә, аза­маттар ойлаған болуы керек, мен неге тез келісті деп. Келіскенім, мен Борхестің осы «Сфера Паскалясын» оқып едім. Келісуім сондықтан. Осы жай бала кезіміздегі ауыл үлкендерінің Көктөбе деген жерден өткенде, ылғи айтатын:

Көктөбе Жер ортасы дейтін. Сол аймақта Жер ортасы деген мәтел бар. Бала кезімде ойлайтынмын, қалайша біз жер ортасында тұрамыз деп. Бұл ой ұшқыны біздің ауылға қайдан келген. Паскаль болса «Природа – это бесконечная сфера, центр которой везде, а окружность нигде» дегені бойынша, бала кезде естіген «Көктөбе Жер ортасы», кейін естіген Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата зи­раты тұсы Жер ортасы екеніне дау жоқ, ол ақылға сыйымды шындық. Одан әрі асып айтсақ, қай жерді аяғың басып тұрса, сол жер ортасы, себебі табиғат шексіз сфера, оның орталығы бар жерде.

***

Борхес – тарихшы, философ, жазушы әрі өте білімді зерттеуші. Таңғаларлық іс осы қасиеттердің бәрі бірақ шағын шығармадан толық айқындалып аңғарылады, оның дәлелі үшін мынадай шығармалармен танысуды ұсынамын: «Три версии предательства Иуды», «Поиски Аверроэса», «Алеф», «Аналитический язык Джона Уилкинса».

***

Борхесті біздің қазақтар жазушы емес дер еді. Әдебиетті оқытып, үйретіп, үркітіп, қорқытып нәсіпке айналдырған орта үшін Борхес жазушы емес. Ол әлденелерді теріп, сөз құрастырушы. Шынында оның шығармаларын оқып отырып, көркемсөздің өзге сөзге ай­налып кететінін аңғарасың, бірақ ол тәсіл сені жалықтырмайды, керісінше өзіне баурап, ойға түсіреді. Ой – Борхес шығармаларының нағыз кәнігі барлаушысы. Ой оны қайда бастап кетпейді десеңші. Ол үшін оқиға, негізінде оқиғалар араласа береді. Уақыт өзінің реттілігін сақтамайды, бұл жерде мифтік уақыт есіне түседі. Кеше мен бүгін Борхес шығармасында араласып жатады, сөйте отыра оның Сервантестің «Дон Кихотын» да оқиғаға кейіпкердің яғни Дон Кихоттың тікелей араласуына таңырқай қарағаны, әрине езу тартты­рар жай. Борхесте Сервантеспен сөзсіз ұқсастық бар, тіптен ол маған Сервантестің кейінгі көрінісі сияқты боп та көрінеді. Сервантесте ой жинақтығы жоқ, ол ойды маржандар сияқты шашып жіберген, Борхес ойларын мейлінше шашқан, оны жинақтап алу, жинақтау өзінің міндеті еместігін түсінген, кезінде Сервантес те сөйтіп еді.

Борхестің білімі – терең. Мол білім оған маза бермейді, ананы-мынаны жазғыза береді, одан ойлар тамшылап тұр. Борхес бірде «Мен әңгімеден өзге повесть, романдар жазуға жалығып кетемін», – деп әзіл-шыны аралас айтқаны бар сұхбат алушыларға. Кезінде осы тәріздес пікірді тек әңгіме жазып өткен Антон Чехов та айтқан еді. Сөзде шындық бар, роман жазу үшін мол білімнің қажеті жоқ, Бальзак сияқты естіген, көрген, білгеніңді тіптен білмегеніңді де үсті-үстіне үйе берсең, роман деген жарықтық шыға келеді. Борхес сияқты энциклопедиялық білімі бар қаламгер өзін роман жазып жаттығып отыруды жөн көрмейтіні де түсінікті. Борхес сәл-пәл дүниеде бар болғысы болып көрінген істен әлемдік мазмұн таба қояды. Бар нәрсе өзінің барлығымен қызықты. Нәрсенің бар болуы оның қызықтығында. Міне осы сәтті Борхес қағып алып, өзінің творчестволық диірменіне салып жіберді, нәтижесінде тәп-тәуір дүние төрт аяғымен тең басып тұра қалады. Сөзді дәл мәні мен мағынасында атау өте сирек дарынды талап етеді, сондай қаламгер Борхес.

Мен Борхесті қайталап оқығанды ұнатамын. Бір оқығанда ойда мүмкін қалар, мүмкін қалмас, мәселе онда емес, оны қайталап оқудың мәні алғашқы оқығандағы түсініктің «жанданып» тағы да өзіне на­зар аудартуында. Борхес ойды жандандырып, тірілтіп жібереді. Бұл жағдай оқушыға мазасыздық әкеледі, түсінікке сұраныс туғызады.

Борхесті әдебиетте қалыптасқан мәндегі – классик деуге бол­майды. Классик деп біз нормалануға ынталы әдебиетті жасаушылар­ды атап кеткенге ұқсаймыз, сірә, классикалық әдебиеттің де сынға ұшырайтын мезгілі жеткен сияқты. Мысалы, Бальзак сияқты жаза­мын деушілер детективтік әдебиетке ауысып кетті. Ал, көптеген ро­ман жанры туралы мәселе ашық, пікір айтушылар көп.

 

Ғ. Есім: Өнегелі өмір,  96-103 беттер