Аманжолов Алтай Сәрсенұлы

Аманжолов Алтай Сәрсенұлы

Филология ғылымдарының докторы,

профессор

 

1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1957 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «түркі филологиясы» мамандығы бойынша, 1963 жылы ММУ аспирантурасын бітірген.

1963 жылы «Глагольное управление в языке памятников древнетюркской письменности» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

ҚазМУ-дың алдыңғы қатарлы профессорларының бірі, 1979-1995 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болып істеді, 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры болып жұмыс істеп келеді.

А.С.Аманжолов «Түркі филологиясына кіріспе», «Көне түркі тілі», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» секілді бірқатар теориялық курстар дайындады.

1975 жылы «Материалы и исследования по истории древнетюркской письменности» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасады, 17 филология ғылымдарының кандидатын дайындады.

1978 жылы – профессор, 1990 жылдан Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау Қазақ қоғамының Құрметті мүшесі, 1995 жылдан Қазақстан гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі).

Оның жаңа жұмыстарының бірі – қазіргі қазақ тілінің және орыс тіліндегі баламасының 2 мыңға жуық лингвистикалық терминдерін қамтитын «Лигвистикалық терминологияның қазақша-орысша сөздігі» (1997, 1999 жж.).

Түркі филологиясы мен тіл білімі бойынша 200-ге жуық еңбегі жарияланды, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 7 монография, ағылшын және түрік тілдерінде бірнеше басылымдары шетелдерде басылып шықты, филология факультетінің қазақ бөлімдеріне арналған 3 оқу құралы бар. Орта мектептің сегізінші сыныбына арналған қазақ тілінің жаңа оқулығы (бірлесіп жазылған) дайындалды.

«Еңбек ардагері» медалімен (1988 ж.), «Құрмет» орденімен (1999 ж.), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының халықаралық сыйлығымен марапатталған (Тегеран, 2000 ж.).

Негізгі ғылыми еңбектері:

1. Глагольное управление в языке древнетюркских памятников. – М.: Наука, 1969. – 104 с.

2. Тюркская руническая графика. Алматы: КазГУ, 1980 (ч. І, 56 с.), 1981 (ч. ІІ, 56 с.), 1985 (ч. ІІІ, 48 с.).

3. История и теория древнетюркского письма. Алматы: Мектеп, 2003