Барманқұлов Марат Кәрібайұлы

Барманқұлов Марат Кәрібайұлы

1937-2000)

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор

 

Барманқұлов Марат Кәрібайұлы 1937 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген.

1959 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетінің журналистика бөлімін, ал 1965 жылы ММУ журналистика факультінің аспирантурасын бітірген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінде ассистент (1964 ж.), деканның орынбасары, сырттай бөлімнің деканы (1965 ж.), факультет деканы (1986 ж.) болып жұмыс істеді. 1966 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертация қорғады. «Общность и специфика документальных жанров печати, телевидения, радиовещания» атты тақырыпта докторлық диссертациясын 1980 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-дың журналистика факультетінде қорғады.

1997 жылдан бастап Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі болып сайланады.

Қазақстан журналистер Одағының екі мәрте лауреаты атанған, Қазақстан журналистер Одағының хатшысы, КСРО журналистер Одағы бюросының мүшесі, ТМД журналистер Конференциясы бюросының мүшесі, 1997 жылдан бастап Алматы қалалық журналистер Қауымдастығының президенті.

Ол факультет үшін жаңа «Телевизия және радиожурналистика негіздері» курсын, «Радионың деректі жанрлары», «Телефильм ерекшелігі», «Баспасөз, радио және телевизия жанрлары. Салыстырмалы талдау» арнаулы курстары мен арнаулы семинарларын жасады. Республикадағы телевизия мен радионың қазіргі мәселелерін зерттеудің негізін қалаушылардың бірі болды.

ТМД журналистикасы бойынша әдістемелік Кеңестің мүшесі (ММУ-дың журналистика факультетінің жанындағы).

21 монографияның, оқулықтардың, оқу құралдарының және повестердің авторы, мәселен: «Телевидение: деньги или власть?», «Журналистика для всех», «Портрет современника», «Наследники Белого Лебедя», «Хан Иван», «Вифания», «Тюркская вселенная» және т.б. «Сто путей, сто дорог», «Түрік даналары» телевизиялық бағдарламалар сериясының авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  1. Весь мир у вас в квартире. –Алма-Ата: Казахстан, 1974.
  2. Журналистика для всех. Общность и специфика жанров печати, телевидение и радиовещание. – Алма-Ата: Казахсан, 1979.
  3. Возможность космического телевидения. – Алматы, 1993.