Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Жұматов Ғаббас Жұматұлы 1918 жылы 20 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауданы № 10 ауылда дүниеге келген.

1940 жылы тау-металлургия институтының геология зерттеу факультетіне түседі, бірақ кейін әскер қатарына шақырылады. Майданның түрлі шептерінде соғысты; Мәскеуді қорғауға қатысты, Украинада соғысты, Карпат таулары жанындағы ұрысқа, Трансильвания жазығындағы ұрысқа, Румынияда, Югославияда, Венгрияда соғысып, Венада соғысты аяқтады. Брест қамалын қорғауға қатысқан.

1950 жылы ҚазМУ-дың тарих факультетін үздік бітіріп, аспирантураға қалдырылды. Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін 50 жыл бойы университеттің саяси кафедраларының бірінде жұмыс істеді.

Соғыс ардагерлері ісі жөніндегі Республикалық Орталық Кеңестің мүшесі болды. Қазір  соғыс ардагерлері мен зейнеткерлердің қалалық Кеңесінің мүшесі. 1984 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соғыс және еңбек ардагерлері қоғамының тұрақты төрағасы.

20 үкіметтік наградамен, Кеңес Армиясы Жоғары Бас қолбасшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

Оған «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» медалімен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді (1979 ж.). 1990 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан КП Алматы обкомының, Жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Жоғары мектебі ғылыми мекемелерінің ОК кәсіподақтары Президиумының, сонымен қатар соғыс ардагерлері Бүкілодақтық  комитетінің грамоталары және дипломдарымен марапатталған.

2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 55 жылдығына арналған салтанатты жиындағы баяндамасында Ғ.Ж. Жұматовтың жеке өзіне алғыс айтты.

Негізгі ғылыми еңбектері:

1.Зарождение и развитие коллективного земледелия в северном Казахстане, Алматы, 1957.

2.На просторах Казахстана. Алматы, 1967.