Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы

Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер

 

Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абралы ауданы (Абай ауданы) Қайнар ауылында дүниеге келген.

1963 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ филология факультетінің журналистика бөлімін, содан кейін аспирантура мен докторантураны бітірген.

Қазақ мемлекеттік университетінде: доцент, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры болды (1968-2000 жж.).

Оның редакциясымен «Казахская ССР. Краткая энциклопедия» (8т., қазақ және орыс тілінде), «Свод памятников истории и культуры Казахстана. Чимкентская область», «Ислам», «Философиялық сөздік», «Қазақша-орысша сөздік», «Орысша-қазақша сөздік», «Разговорниктер», «Айқап», «А. Букейхан. избранное», «М. Ауэзов. Избранное», «Книга памяти» (көп томдық), «Абай» секілді энциклопедиялық еңбектер жарыққа шыққан.

Ол терминология және ономастика комитетінің, мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Комитет мүшесі. Бірнеше ғылыми-әдеби басылымның мүшесі.

Оның жетекшілігімен 5 докторлық және 20 кандидаттық диссертация қорғалған.

Америкада, Францияда,Германияда және көптеген басқа елдерде өткен халықаралық конференцияларда баяндамалар жасаған.

50-ден астам кітап, 700-дей ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. Рымғали Нұрғалиұлының бірқатар еңбектері жарыққа шыққан: «Трагедия табиғаты» (1968 ж.), «Талант тағдыры» (1969 ж.), «Артерия» (1973 ж.), «Сөз өнері» (1974 ж.), «Қазақ драматургиясы» (1974 ж.), «Әдебиеттің эстетикалық мәні» (1979 ж.), «Дәстүр мен қазіргі әдеби процесс» (1986 ж.), «Қазақ революциялық поэзиясы» (1987 ж.), «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі» (1987 ж.), «Жаңару ағашы» (1989 ж.), «Ертеңгі бәйге. Роман. новеллалар» (1990 ж.), «А. Байтұрсынов» (1991 ж), «Қазақ энциклопедиясы» (1993 ж.), «Әуезов және Алаш» (1997 ж.), «Қазақ әдебиеті. Оқулық» (1999 ж.),  «Көркем сөз» (2000 ж.), «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» (2002 ж.), «Әдебиет теориясы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық-хрестоматия» (2003 ж.) және т.б.

Сараптама комиссиясы мен ЖАК Президиумының мүшесі болды (1992-2000 жж.), ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық ақпарат академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер, Жоғары мектеп үздігі, Жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университетінің Құрметті профессоры, Абай ауданының құрметті азаматы.

 

 

.