Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы

Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы,профессор, ҚР ҰҒА академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 

Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы 1936 жылы 4 қазанда Қостанай облысы Ұра ауданы Қара Оба ауылында дүниеге келген.

1959 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың физика-математика факультетін бітірді.

1966 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін КСРО ҒАСБ математика Институтында диссертация қорғады. Докторлық диссертациясын «Метод сферических гармоник для нестационарного кинетического уравнения переноса» атты тақырыпта қорғады.

1974 жылы оған профессор ғылыми атағы беріледі. 1975 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1983 жылы академигі болып сайланды.

ҚазМУ-да жоғары алгебра кафедрасының ассистенті (1958-1959 жж.), дифференциалды теңдеулер кафедрасының ассистенті (1959-1960 жж.), есептеу математикасы кафедрасының аға оқытушысы, доценті (1960-1971 жж.), есептеу математикасы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті (1972-1978 жж.).

Еңбек жолы: КСРО ҒА Есептеу орталығы Сібір бөлімінің зерттеуші-стажеры, аға ғылыми қызметкері (Новосібір қаласы, 1964-1965, 1968-1970 ж.); Карлов университетінің шақырылған профессоры (Прага қаласы, 1972 ж.); ҚазКСР ҒА механика және математика Институтының директоры (1978-1989 жж.); Стэнфорд университетінің ғалым-зерттеушісі (АҚШ, 1978-1979 жж.); физика-математика ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы; ҚазКСР ҒА вице-президенті (1986-1988 жж.); ҚР ҰҒА президенті (1988-1994 жж.); 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ғарыштық зерттеулер Институтының директоры және ҚР ҰҒА вице-президенті.

Қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді қатысты: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1986-1990 жж.), Қазақ КСР бейбітшілік Қорының төрағасы болып сайланды (1987 ж.), КОКП ХІХ партия конференциясының делегаты болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бюджет мәселесі бойынша сөз сөйледі (1988 ж.), ғылым және техника саласында мемлекеттік сыйлық Комитетінің төрағасы (1988-1993 жж.); КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты (1989-1991 жж.), КОКП ХХVІІ съезінің делегаты және КОКП ОК мүшесі болып сайланды (1990 ж.).

Халықаралық ғылыми ұйымдарда Ресей ғарыш академиясының корреспондент-мүшесі болып (1994 ж.), Қазақстан Республикасы математиктер Комитетінің төрағасы; URSI (Халықаралық радио ғылыми қызметкерлері одағының) корреспондент-мүшесі болып сайланды, ал 1994 жылдан бастап NASA (қолданбалы жүйелі талдау халықаралық институтының) басқару Кеңесінің Қазақстан атынан мүшесі.

Оның ғылыми жетекшілігімен 6 докторлық және 25 кандидаттық диссертация қорғалды.

200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары, 10 монографиясы, оқулықтары мен оқу құралдары жарыққа шықты.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1982,1986 жж.), С.П. Королев және П.Л. Капица атындағы медальмен (1996 ж.), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1987 ж.) және В.Т.Ленин орденімен (1992 ж.) марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Ғылым академиясы және Чехословакия Ғылым академиясының жаратылыстану ғылымдар бойынша лауреаты атанған (1989 ж.).

Негізгі ғылыми еңбектері:

1.Дискретные нелинейные уравнения Больцмана. –Алма-Ата: Наука, 1984.

2.Математические проблемы кинетической теории переноса. Алма-Ата: Наука, 1986.

3.Modelling of the Kazakhstan Economy and Environment. Discussion Paper Series. № 416. Kyoto University, Kyoto, Japan. 1995, 38 р.

 

 

.