Шығаева Майя Хажетдинқызы

Шығаева Майя Хажетдинқызы

Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Шығаева Майя Хажетдинқызы 1927 жылы Астрахань қаласында дүниеге келген.

1949 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын, ҚазКСР ҒА микробиология секторының аспирантурасын бітірді.

Қазақ мемлекеттік университетінде микробиология кафедрасының  меңгерушісі (1972-2000 жж.), биология факультетінің деканы (1975-1985 жж.) болып қызмет етті.

Оның алғашқы ғылыми жұмысы ашытқы метаболиттерінің патогенді стафилококтарға әсерін зерттеуге арнаған. Осы жұмыс үшін Майя Хажетдинқызына медицина ғылымдарының кандидаты  ғылыми дәрежесі берілді.

Ғылыми зерттеулердің объектісі Қазақстанда анықталған антибиотиктерінің продуценттері болды, алынған нәтижелер “Изенчивость пигментных актиномицетов” атты монографияда (1968 ж.) және диссертациялық жұмыста  көрініс тауып, ол үшін ғылым докторы ғылыми дәрежесі берілді. Диссертация қорғалғаннан кейін зерттеу объектілерінің қатарына бактериялар мен ашытқылардың құнды дақылдарын қосу арқылы кеңейтілді. Ашытқының аутеселекциясы мен мутагенезінің нәтижелері “Селекция дрожжей” (1975 ж.) және “Микрофлора национальных молочнокислых напитков” (1983 ж.) монографияларында көрініс тапты.

Ол “Экология микроорганизмов” бірінші оқу құралының  авторы және “Систематика микроорганизмов” атты оқу құралының тел  авторы.

Соңғы он жыл ішінде ғалымның негізгі күші биотехнология мен экологияның өзекті мәселелері – жаңа микробты өнімдерді алуға (полисахаридтер, ПАВ және басқа), мұнаймен ластанған топырақ биоремидациялау технологияларын жасауға, табиғи және техногенді экожүйердің күйін бағалауға арналды.

1981 жылы Хобарт-Вильям Смит колледжі мен Корнель университетінде (АҚШ) дәрістер оқыды.

Ұзақ жылдар бойы ол Қазақстан Республикасы  МҒА Президиумының мүшесі, түрлі проблемалық және сарапталамалық Кеңестердің төрағасы және мүшесі; микробиологтар мен генетиктер  қоғамы Президиумының мүшесі, ҚР ЖАҚ Прездиуымының мүшесі болды. Қазіргі уақытта ҚР ҒА президиуымының биология ғылымдары Бөлімі Бюросының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мүшесі, ҚР ЖМ ҒА академигі.

Қоғам қайраткері және кеңес әйелдері Комитететінің мүшесі, Бүкілодақтық “Білім” қоғамы Президиумының мүшесі болды.

Микробиологияның өзекті мәселелері бойынша ол 4 ғылым докторы мен 37 ғылым кандидатын дайындады.

298 ғылыми еңбектің, соның ішінде 10 моногарфияның, 6 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдың, 4 кітапшаның, 33 авторлық құқықтың авторы.

“КСРО өнертапқышы” белгісімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, Халықтар Достығы, “Парасат” ордендерімен, “Ерен еңбегі үшін”, “Еңбек ардагері”, “Қазақстан Республикасына 10 жыл” медальдарымен,  С.И. Вавилов атындағы медальмен, “КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің “Жұмыстағы үздік табыстары үшін” және ҚР Білім және ғылым министрігінің “Білім бру ісінің үздігі” медальдарымен марапатталған. Оның есімі “Қазақстанның алтын кітабына” енгізілген. Биографиялар институты (АҚШ) тарапынан оған “2000 жыл әйелі” атағы берілді 

.