Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлы

Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы,

профессор,

ҚР ҰҒА академигі

 

1938 жылы 16 наурызда Алтай өлкесі, Троицк ауданында, Зигаиново ауылында дүниеге келген.

1959 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген.

Еңбек жолы: ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында инженер-лаборант; А.А.Жданов атындағы Ленинград университетінің аспиранты (1961-1965 жж.), кіші ғылыми қызметкер (1966 ж.); ҚазКСР ҒА Астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері (1967-1979 жж.). 1966 жж. физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 1985 жылы – «Теориялық және математикалық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1970 жылдан бастап, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. 1970-1981 жж. және 1986 жылдан бастап қазіргі кезге дейін теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болып істейді. 1988-1991 жылдары ҚазМУ ректоры болып жұмыс істеді. Эйнштейннің салыстырмалылық және гравитация теориясы бойынша мықты маман, Қазақстан Республикасындағы іргелі зерттеулердегі басым бағыт «Теориялық физиканың» ұйымдастырушысы, «Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз өзара әрекеттестікті теориялық зерттеу» атты іргелі зерттеулер бағдарламасының жетекшісі. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 кандидаттық, 1 докторлық дитссертация қорғалды.

М.М.Әбділдин Ресей гравитациялық қоғамының, Халықаралық физикалық журнал редакциялық алқасының мүшесі болып табылады.

Теориялық физика саласындағы Қазақстандағы алғашқы доктор және профессор.

Оның 150-ден астам жұмысы, 2 монографиясы жарияланған.

«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, меройтойлық медальмен, жаратылыстану-техникалық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулері үшін «2001 жылғы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін» дипломымен, ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін Халықаралық шығармашылық академиясының Құрмет белгісімен марапатталған.

2003 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды.

Негізгі ғылыми еңбектері:

1. Механика теории гравитации Эйнштейна. – М.: Наука, 1988 және т.б.