Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды жаңалық болып есептелетін «Ұлы Жібек жолымен – 2017» атты халықаралық Кітап және полиграфия көрмесі өтеді

Cәуір айының 6–8 аралығында Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды жаңалық болып есептелетін «Ұлы Жібек жолымен – 2017» атты халықаралық Кітап және полиграфия көрмесі өтеді. Аталмыш көрме барысында іскери серіктестік орнатуға, бизнесті дамытуға, кітап нарығындағы жаңалықтармен танысуға мол мүмкіндік болады.

«Қазақ университеті» баспа үйі жыл сайын ел іші сыртында болатын көрме-жәрмеңкелерге дәстүрлі түрде қатысып және үлкен марапатқа ие болып келеді.

Биылғы «Ұлы Жібек жолымен – 2017» көрмесі аясында«Қазақ университеті» баспа үйі кітап сүйер қауымға төмендегідей іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр:

1. Жалпы редакциясын тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбекұлы басқарған, «Қазақстан (қазақ елі) тарихы» атты төрт кітаптан тұратын оқулықтың тұсаукесері өтеді (6 сәуір, басталуы сағат 14:00).

2. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың мерейлі 80 жасқа толуына орай Б. Нүсіпжанова, Ғ. Әбілдинаның редакциялық басқаруымен жарық көрген «Ән-ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері әнші Нұрғали Нүсіпжановтың қатысуымен өтеді (7 сәуір, басталуы сағат 12:00).

Көрме барысында«Қазақ университеті» баспа үйінің кітап өнімдерімен (2016–2017 жылдары жарық көрген оқулықтар, оқу құралдары, «Өнегелі өмір» сериялық шығарылымы, ғылыми басылымдар), баспа серіктесі «Шпрингер» халықаралық баспа компаниясының бест-селлер кітаптарымен, баспа типографиясының көрнекті өнімдерімен (күнтізбелер, блокноттар және т.б.) таныс бола аласыздар. Сондай-ақ баспаның «Magkaznu» кітап дүкені тауарларының жаппай сатылымы болады. Мұнда баспа өнімдерінің ассортиментімен қатар, кітап әлемінің барлық жанрлары бойынша сұранысқа ие 500-ден аса кітап атаулары сатылымға шығады.

Көрме аясында ҚазҰУ студенттерінің қатысуымен флеш-моб, түрлі ойындар мен сайыстар өткізіледі.

 

Мекенжайы: Алматы қаласы, «Атакент» сауда-көрме орталығы, 9-павильон, стенд F1, 6-8 сәуір 2017 ж.