18-аптаның жаңа кітаптары. Новинки 18-ой недели.

Базарбаев М.Базарбаев М. Өнегелі өмір / ред. басқ. Ғ.М. Мұтанов / Құраст. Г. Байтоғаева, Г.Ж. Орда. – 2017. Ш. 107. – 385 б., сур.

Бұл кітап қазақ халқының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мүсілім Базарбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр. Мұнда қаламгердің еліміз егемендік алған соң ұлттық әдебиетті жаңаша бажайлаған соны зерттеулері, мұрағат құжаттары, фотосуреттері, замандастарының, әріптестерінің, шәкірттерінің ыстық ықыласқа толы лебіздері мен естелік-эсселері топтастырылған.

Кітап ұстаздарға, студенттер мен ізденушілерге, жалпы ұлттық мәдениет пен әдебиеттің тарихын білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

 

ЕсімЕсім Ғ. Өнегелі өмір / ред. басқ. Ғ.М. Мұтанов. – 2017. Ш. 105. – 401 б., сур.

Бұл кітап мемлекет жəне қоғам қайраткері, көрнекті дінтанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің 70 жасқа толған мерейтойына орай шығып отыр. Жинаққа ғалымның өмір өткелдері, Мәңгілік ел ұлттық идеясы жайында және әр кезеңде адамзаттың қоғамдық ойлау жүйесіне шығармаларымен әсер еткен тұлғалар туралы мақалалары, сондай-ақ көрнекті руханият өкілдерінің, замандастарының суреттемелері, пікірлері топтастырылды.

Кітап көпшілік оқырманға, студенттер мен ғылыми ізденушілерге арналған.

 

МухамеджановМухамеджанов С. Өнегелі өмір / Под ред. Г.М. Мутанова. – 2017. Вып. 106. – 292 с., рис.

Книга посвящена доктору геолого-минералогических наук, академи­ку НАН РК, Академии минеральных ресурсов Республики Казахстан, Всесоюзной академии сельскохозяйственных наук (ВАСХНИЛ), Казахской ака­демии сельскохозяйственных наук, профессору Серику Мухамеджановичу Мухамеджанову. Почти вся территория Казахстана охвачена гидрогеологи­ческими исследованиями ученого С.М. Мухамеджанова, на основе которых были разработаны практические рекомендации по использованию подзем­ных вод в народном хозяйстве. Профессор С.М. Мухамеджанов был одним из ближайших соратников и помощников К.И. Сатпаева, трудясь ученым секретарем ИГН АН КазССР.

В издании представлены архивные материалы, воспоминания со­временников и близких, публикации СМИ и избранные труды ученого, а также фотоматериалы.

Книга рассчитана на широкий круг читателей.

 

 Обложка Абайтану_17 в кривыхAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХVII том. Нұрқaтов A. Aбaйдың aқындық дəстүрі / жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дəдебaев. – 2017. – 276 б.

«Aбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер» көп томдық бaсылымының он жетінші томындa Aйқын Нұрқaтовтың «Aбaйдың aқындық дəстүрі» еңбегі берілген. Қaзaқ кеңес əдебиетінің aсa көрнекті зерттеушісі, сыншы, ғaлым Aйқын Нұрқaтовтың əдеби мұрaсы өте бaй. Оның бұғaн дейінгі жaрық көрген кітaптaрымен оқырмaндaрымыз жaқсы тaныс. Ғaлымның көзі тірісінде aяқтaп, нүкте қойып кеткен мынa еңбегі – ұлы aқын Aбaй шығaрмaшылығы жaйлы ғылыми моногрaфия. Ол бұл кітaбындa aқын мұрaсын жaн-жaқты тaлдaп, оғaн бaрыншa терең, ғылыми бaғa берген.

Кітaп aбaйтaнушылaрғa, əдебиетшілерге, білім aлушы жaстaрғa жəне Aбaйды білмекті пaрыз тұтқaн көпшілікке aрнaлғaн.

Том 3979/ГФ4 – «Aбaй Құнaнбaевтың шығaрмaшылық мұрaсын пəнaрaлық зерттеу» бaғдaрлaмaсы aясындa дaйындaлып, жaрық көріп отыр.

 

Тулегенова мұқабасыТулегенова М.Б., Қойлышов Ү.Қ. Комплекс айнымалы функциялар теориясы және амал-дық есептеу: оқу құралы. – 2017. – 323 б.

Оқу құралы авторлардың көптеген жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқыған дәрістерінің негізінде жазылған. Кітапта комплекс айнымалы функциялар теориясы және амалдық есептеу пәнінің негізгі анықтамалары мен теоремалары қысқаша беріліп, есептер шығаруға көбірек көңіл бөлінген. Әр параграфтың соңында студенттердің өздері шешу үшін жаттығулар және кітаптың соңында олардың жауаптары берілген.

Оқу құралы университеттің физика-математика мамандықтарында және техникалық оқу орындарында оқитын студенттерге, сонымен қатар комплекс айнымалы функциялар теориясын көп қолданатын мамандарға (механиктер, физиктер және инженерлерге) арналған.

  

Обложка в кривых_ҒаббасовҒаббасов С.Ғ. Педагогика мен психология негіздері: оқу құрaлы. – 2017. – 364 б.

Бұл еңбекте, жалпы педагогиканың адамзаттық сипаттарына зер сала отырып, оны тұңғыш реет инновациялы ғылыми негіздеуге және жүйелеуге тырысады. Оның жаңа көзқарастағы методологиясы мен теориясы ұсынылады. 2011 жылы кітап патенттелген №10408. Автор кітабының Темірқазығы ретінде кезінде Білім министрлігі қабылдаған, өзінің «Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту жүйесінің үлгісі» атты концепциясын бағдарға алған. Бұрыннан қалыптасып кеткен «Халық педагогикасы – ғылым емес…» – дейтін тұжырымға үзілді-кесілді қарсы айтылатын ғылыми дәлелдерді келтірумен қоса, қазіргі кездегі білім беру саласындағы көп айтылып жиі қолданып жатқан, «халық педагогикасы» мен «этнопедагогика» атты пәндердің өздеріне тән ерекшеліктері мен бір мақсатта үндесе де алатын сипаттарының аражігін ашып береді. Олардың – күн мен түн тәрізді, иә болмаса, медальдің екі бетіне ұқсас бірлікте екендігін айта отырып, бірақ бірін-бірі алмастыра алмайтындықтай ерекшеліктерін де дөп басып көрсетуге тырысқан. Сонымен қоса, педагогиканың алтын арқауларының бірі болып табылатын, өз заманында Әл-Фараби негіздерін қалап, Баласағұн, Дауани, Науаи, Абай тәрізді ғұламалар жетілдіре дамытқан – хауас, имани гүл, жәуәнмәрттілік – ілімдерімен алғаш рет сабақтастырылып, ұлы Абайдың педагогикалық еңбектерінің ерекшеліктеріне арнайы тоқталады. Сөйтіп, адамды ең әуелі – биологиялық индивид ретінде қарастырып, сонан кейін ғана қоғамдық тұлғаға көтеретін методологияны ұсынумен бірге, оның – «жүрек тәрбиесі» және «ақыл тәрбиесі» деп байыпталатын екі жүйесі мен жеті негіздері – тек, физиологиялық кезеңдермен қалыптасатындығын айқындайды. Мұның мәні бірте-бірте филогенетикалық тереңдіктен маржан теріп, адам тәрбиесінің шарықтай шырқап биіктеген сапасына жетпек. Былайша айтқанда, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту үлгісінің жаңа көзқарастарға негізделген ілімін ұсынады.

 

 

Обложка - Иманкулова в кривыхИмaнқұловa С.М. Кәсіби бағдарлы қазақ тілі: оқу құралы. – Өңд., толықт. 2-бас. – 2017. – 220 б.

«Кәсіби бaғдaрлы қaзaқ тілі» оқу құрaлы жоғaры оқу орындaрының экономикa мaмaндықтaрының орыс бөлімі студенттеріне aрнaлғaн. Қaйтa толықтырылып, өңделіп 2-ші рет бaсылып отыр.

Оқу құрaлы студенттердің сөздік қорын экономикaлық терминдер aрқылы жетілдіріп, сөйлесім әрекетін дaмытуғa бaғыттaлғaн. Оқу құрaлының мaзмұны коммуникaтивтік мaқсaтқa негізделген.

Оқу құрaлы қaзaқ тілін кәсіби бaғыттa тереңдете үйренуші жоғaры оқу орындaрының экономикa сaлaсындa оқитын студенттеріне және экономист мaмaндaрғa aрнaлaды.

 

Обложка в кривых_КөшербаеваҚұраст.: Көшербаева Ұ.Р., Рзаева Г.Қ., Мамаева В. Анықталмаған интегралдар: әдістемелік нұсқаулық. – 2017. – 108 б.

Бұл әдістемелік нұсқаулық студенттердің математикалық талдау пәніне өз бетімен дайындалуына ұсынылады. Әдістемелік нұсқауда анықталмаған интегралдарды табудың барлық әдістері қамтылған. Әр әдіске байланысты мысалдар шығарылу жолдарымен көрсетілген. Әр тақырып соңында СӨЖ тапсырмалары мен теориялық сұрақтар берілген.

 

 

 

Бектемесов мұқабасыБектемесов М.А.және т.б. Сандық әдістер: оқу құралы. – 2017. – 253 б.

Ұсы­ны­лып отырғaн оқу құрaлындa әр түр­лі қолдaнбaлы есеп­тер­ді шығaруда қолданылатын сaндық ідіс­тер турaлы не­гіз­гі қaжет­ті мә­лі­мет­тер бі­лім aлу­шылaрғa тү­сі­нік­ті әрі ғы­лы­ми тіл­де кел­ті­ріл­ген. Оқу қ­ра­лын­дағы сандық әдіс­тер үшін блок-сызбалaр қaрaсты­рыл­ды. Дaйын­­дaл­ғaн оқу құрaлы әр түр­лі дең­гейде­гі бі­лім aлу­шылaрғa aр­нaл­ғaндықтaн, кел­ті­ріл­ген мә­лі­мет­тер, осы ғылыми пән бағытында қалып­тастырылған классикалық іргелі нәтижелерді қамтитындай жaлпы сипaттa жaзыл­ғaн. Оқу құрaлы білім алушылармен қaтaр осы сaлaдa aйнaлысaтын мa­мaн­дaрғa пaйдaлы.

 

 

Обложка в кривых_МамутоваМамутова А.А., Торебеков О.Т. Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы пәні бойынша есептер жинағы: оқу-әдістемелік құралы. – 2017. – 134 б.

Алифатты қосылыстардың классификациясы, номенклатурасы, химиялық қасиеттері және құрылысын байланыстыратын жалпы заңдылықтары, зертханада және өндірісте алу жолдары, олардың туындыларының қасиеттері, түрлендіру жолдары, реакция түрлері мен механизмдері есептері жинағына енгізілген.

 

 

 

 

обложка АтахановаAтaхaнoвa Г.М. Меншікке қaрcы қылмыcтық құқық бұзушылықтың oбъектіcі мен зaты: мoнoгрaфия. – 2017. – 118 б.

Бұл мoнoгрaфиядa меншікке қaрcы қылмыcтық құқық бұзушылықтың тoптық oбъектіcін, жaңa экoнoмикaлық қaтынacтaр жaғдaйындa бөтен мүліктің ұғымы және oның cипaты тaлдaнып, нaрықтық қaтынacтaр және aқпaрaттық қoғaм жaғдaйлaрындaғы меншікке қaрcы қылмыcтық құқық бұзушылықтaрдың зaты ұғымының қылмыcтық құқықтық cипaттaмacы теoриялық тұрғыдaн тaлдaнғaн.

Бұл мoнoгрaфия жoғaры oқу oрындaрының cтуденттеріне, oқытушылaрынa, coндaй-aқ құқық қoрғaу oргaндaрының қызметкерлеріне aрнaлғaн.

Aвтoрдың келіcімінcіз бұл еңбекті шығaруғa тыйым caлынaды.