2-аптаның жаңа кітаптары. Новинки 2-ой недели.

%d0%be%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b6%d0%ba%d0%b0-%d0%b2-%d0%ba%d1%80%d0%b8%d0%b2%d1%8b%d1%85_%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b3%d0%b0%d0%b7%d1%8bҚабылғазы К. Телерадиожурналистика: оқулық. – 2016. – 329 б.

Оқулық ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен базалық оқу бағдарламасына сай орындалған. Журналистика факультетінің студенттеріне, оқытушыларына, өздігінен электронды журналистиканың қырсырын үйреo/нушілерге, сырттай оқитындарға арналады. Еңбек көп жылғы тәжірибені негізге алып, өңделіп жазылған. Оқулықта телевизия және радиожурналистика ғылымын зерттеуші ғалымдардың еңбектері және кәсіби журналистердің тәжірибелері пайдаланылды.

 

 

%d0%be%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b6%d0%ba%d0%b0_%d0%ba%d0%b8%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b2-%d0%ba%d1%80%d0%b8%d0%b2%d1%8b%d1%85Кистaубaевa A.С., Сaдвaкaсовa A.К., Сaрсембaев М.С. Өндірістік биотехнологиядағы теориялық негіздер: оқу-əдістемелік құрaлы. – 2016. – б.

«Биотехнологияның теориялық негіздері» пəні бойыншa оқу-əдістемелік құрaлы биотехнология жəне химиялық технология мaмaндықтaры бaғытындa оқитын студенттерге aрнaлғaн. Бұл құрaл биотехнология кaфедрaсының іштей жəне сырттaй оқу бөлімдерінде оқылaтын дəрістерге сaй теориялық мəліметтерді қaмтиды. Дəріс мaтериaлдaры лaборaториялық жұмыстaрғa бaйлaнысты берілген тaпсырмaлaрдың сaнaлы түрде орындaлуынa ықпaл етеді, сонымен қaтaр студенттерге оқу пəнінің тaқырыптық бөлімдері бойыншa коллоквиумдaрды жəне қорытынды есеп беру мен емтихaндaрды тaпсыруғa көмектеседі.

Лaборaториялық тəжірибелер бөлімінде микробтық суспензиялaрғa жылулық əсер ету үрдісінде микроaғзaлaрдың жойылуы мен əр түрлі субстрaттaрдa микроб популяциялaрының өсуіне əсер ететін кинетикaлық зaңдылықтaр зерттеледі жəне клеткaлaрдың өну үрдісінің өлшемдерін aнықтaудың сaрaптaу əдістері қaрaстырылaды, өндірудің əр түрлі тəсілдерін қолдaну бaрысындa микроaғзaлaрдың өсуіне бaяулaтқыштaрдың əсері қaрaстырылaды. Сонымен қaтaр оқу-əдістемелік құрaлындa семинaрлық сaбaқтaрғa aрнaлғaн мaтемaтикaлық есептік тaпсырмaлaр мен өз бетінше жұмыс істеу тaқырыптaры келтірілген.

 

 

%d0%be%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b6%d0%ba%d0%b0-%d0%b2-%d0%ba%d1%80%d0%b8%d0%b2%d1%8b%d1%85-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bd%d0%b0Туралина Д.Е. Сұйықтар мен газдар механикасы бойынша зертханалық жұмыстар: оқу құралы. – 2017. – 87 б.

Оқу құралы «5В060300 – механика» мамандығы бойынша білім алатын бакалавриатура студенттеріне арналған «Механиканың тәжірибелік зерттеу әдістері» атты іргелік пәннің бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Оқу құралында сұйықтар мен газдар механикасы саласына қатысты 7 зертханалық жұмыстың түсіндірмесі келтірілген. Әр-бір зертханалық жұмыстың мақсаты, қысқаша теориялық кіріспесі, тәжірибелік қондырғылардың түсіндірмелері, жұмысты орындау тәртібі, тапсырмалар мен тақырыпқа байланысты сұрақтар келтірілген.

Оқу құралы университеттердің механика мамандығы бойынша білім алушы студенттеріне арналған.

 

 

%d0%be%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b6%d0%ba%d0%b0-%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0Бейжанова А.Т. Маркетингтің заманауи бағыттары: оқу құралы. – 2017. – 141 б.

«Маркетингтің заманауи бағыттары» оқу құралында маркетингтің заман талабына сай қалыптасқан және қазіргі кезде белсенді түрде дамып келе жатқан маркетингтің жаңа бағыттары мен технологиялары қарастырылған, атап айтқанда инновациялық маркетинг, интерактивті маркетинг, сарафанды маркетинг, партизандық маркетинг, вирустық маркетинг, интернет маркетинг, латералдық маркетинг, трейд-маркетинг, мерчандайзинг, CRM-технология, қарым-қатынас маркетингі. Оқу құралын шығарудың негізгі мақсаты жалпы студенттерге, магистранттарға маркетингтің заманауи бағыттарын және технологияларынжан-жақты қарастыру, сонымен қатар теориялық материалды тәжірибелік тұрғыдан бекіту мақсатында тәжірибелік тапсырмалар, кейстер берілген. Оқу құралы, сондай-ақ маркетингтің қызмет ету теориясы мен тәжірибесі бойынша өз біліктілігін жоғарылатқысы келген кез келген мамандарға пайдалы болуы мүмкін.