28-аптаның жаңа кітаптары. Новинки 28-ой недели.

обложка АбдрайымоваАбдирайымова Г.С.,  Бурханова Д.К., Веревкин  А.В., Кенжакимова Г.А., Серикжанова С.С., Шнарбекова М.К. «Социологический ежегодник – 2017» (1): Конкурентоспособность в образовавании: кол. монография.– 106 с.

В основе монографии представлен краткий теоретический обзор и результаты социологических исследований, проведенных Центром социологического исследования и социального инжиниринга Казахского национального университета им. аль-Фараби, по вопросам обеспечения конкурентоспособности выпускников казахстанских вузов на профессиональном рынке труда. В ней представлен количественный анализ мнений экспертов-работодателей, профессорско-преподавательского состава университета и студенческой молодежи по самым актуальным проблемам современного общества, подробно описаны организационные процедуры исследования: программа и инструментарий опросов, изложены основные выводы и заключения проведенного исследования. Данные ежегодника могут быть использованы в работе руководителей сферы образования и политики, молодежных общественных объединений, высших учебных заведений, а также специалистов, преподавателей, магистрантов и докторантов PhD.

 

обложка МырзабековаМыpзaбекoвa P. C. Түpкi әлeмiнiң мәдeни-гумaнитapлық caлaдaғы интeгpaцияcы: тapиxы, қaзipгi жaғдaйы және бoлaшaғы: монография. – 114 б.

Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын дамыту мәселесі түркі мемлекеттерінің әрқайсысының күшеюіне, өзара ықпалдасуына, ұлттың моральдық-психологиялық жағынан күшеюіне алып келеді. Қазақстан жері көне түркі мемлекеттерінің ошағы әрі отаны. Түркі елдері интеграциясының қауіпсіздік саласы, сауда-экономикалық ынтымақтастық және мәдениет пен тіл сияқты бағыттары бар. Монографияда тәуелсіздіктен кейінгі түркі әлемінің интеграциясы мәселесі көтеріледі.

 

 

 

Обложка БаешоваБаешова А.Қ., Едигеева А.О. Химия пәні бойынша зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. – 104 б.

Әдістемелік нұсқаулық құрал жоғары оқу орындарындағы «жылу энергетикасы» мамандығында оқитын студенттерге арналған және химия пәнін оқыту бағдарламасына сәйкес қазіргі замандық оқу құралдары және оқулықтары негізінде құрастырылған.

Бұл әдістемелік нұсқаулыққұралда химия пәні бойынша қойылатын дәстүрлі лабораториялық жұмыстармен қатар «жылу энергетикасы» мамандығына бейімделген «химиялық ток көздері» тақырыбына арнайы көңіл бөлінген. Осы тақырыпқа сай «Қорғасын электродтарында белсенді қабаттар қалыптастыру», «Алюминий және графитті пайдаланып, химиялық ток көзін жасау» атты лабораториялық жұмыстың жүргізу жолы жазылған. Әдістемелік нұсқаулық құралды химия пәнін оқытуда химиялық емес мамандықтарда кеңінен пайдалануға болады.

 

обложка в кривых_БаешоваБаешова А.К. Химия и технология минеральных удобрений: учебное пособие. – 230 с.

Учебное пособие посвящено химии и технологии минеральных удобрений. В нем указывается агротехническое значение минеральных удобрений и классификация. Описаны свойства, применение, теоретические основы технологии получения фосфорных (простого суперфосфата, двойного суперфосфата, преципитата) удобрений, а также технологии получения фосфорной кислоты, как важнейшего сырья для получения фосфорных удобрений. Приведены теоретические основы, технологии получения с описанием свойств и областей применения азотных, калийных удобрений. Уделено внимание комплексным удобрениям, в их числе описаны способы получения и области применения сложных и сложно-смешанных и смешанных удобрений.

Учебное пособие предназначено студентам, обучающимся по специальности «Химическая технология неорганических веществ». Кроме того, учебное пособие может быть полезно магистрантам, обучающимся по программе профильной магистратуры по подготовке кадров для приоритетных отраслей индустрии по ГПИИР-2, а также работникам фосфорной, азотной и калийной промышленности.

 

Балғышева мұқабасыБалғышева Б.Д., Қуанышева Г.С.  Жалпы және бейорганикалық химия пәні бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. – 274 б.

Оқу құралында жалпы және бейорганикалық химия пәні бойынша қысқаша теориялық негіздер және күрделілігі әртүрлі болып келетін есептер мен жаттығулар жинағы берілген. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Химия» білім беру мамандықтарында оқитын бакалаврларға арналған.

1, 2-модульдерде жалпы және бейорганикалық химия пәні бойынша жалпы теориялық сұрақтарға дайындалуға қажетті материалдар мен жаттығулар мен есептер, тест тапсырмалары беріледі.

 

Обложка в кривых_ЕрдавлетовЕрдавлетов С.Р., Алиева Ж.Н, Жумадилов А.Р. Хaлықaрaлық туризм геогрaфиясы: оқу құралы. 2-бас. – 242 б.

«Хaлықaрaлық туризм геогрaфиясы» оқу құрaлындa туризм турaлы қоғaмдық құбылыс ретіндегі біртұтaс көзқaрaс жaриялaнaды және туристік жүйені қaлыптaстырушы компоненттері мен олaрдың өзaрa бaйлaныстaры қaрaстырылaды. Атaлғaн оқу құрaлындa туризм турaлы білімдер бір жaлпы жүйеге келтірілген, сондaй-aқ туризм мaмaндaрынa қaжетті тиісті ұғымдaр жүйесін іс жүзіндегі теория мен тәжірибеге енгізеді, aтaлғaн пән бойыншa білімдер жүйесі мен кәсіби мәдениетті қaлыптaстырaды.

ЖОО геогрaфия және экономикa фaкультеттерінің студенттеріне, сонымен қaтaр туристік бизнес және туристік әкімшіліктер қызметкерлеріне aрнaлғaн.

 

Мұсаева мұқабасыМұсаева Г.Ә. Қазақ тілі – шет тілі ретінде: оқу құралы. – Өңд., толықт. 1-кітап: базалық деңгей. – 242 б.

Оқулық тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынас құзіретін қалыптастыруға арнал-ған. Мұнда сөйлеу тілінің бүкіл аспектісі тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім бір-бірімен байланыста өрбіп, тіл үйренушінің коммуникативтік талаптарына сай құрастырылған. Оқулықтың құрылымы мен материалдарын беруде автор тілді шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің заманауи тәсілдерін қолданған. Оқулық қазақ тілінде еркін сөйлеп үйренемін деуші барлық азаматтардың базалық білімін қалыптастыра алады.

Оқу құралы өңделіп, қайта басылды.

 

Мұсаева мұқабасы 2Мұсаева Г.Ә. Қазақ тілі – шет тілі ретінде: оқу құралы. – Өңд., толықт. 2-кітап: жалғастырушы деңгей. – 140 б.

Жалғастырушы деңгейге арналған бұл оқулық базалық деңгейде қалыптасқан тілдік дағдыларды одан әрі дамытып, түрлі тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құзірет қалыптастыруға арналған. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салалар бойынша таңдап алынған тілдік материал және оны меңгеруге қажетті күрделі тілдік құрылымдар тіл меңгерушінің сөздік қорын көбейтіп, өз ойын еркін, жоғары деңгейде жеткізуге үйретеді.

Оқулық қазақ тілін терең меңгеріп, еркін сөйлеп үйренемін деуші барлық азаматтардың базалық білімін одан әрі дамыта алады.

Өңделіп, толықтырылып қайта басылды.

 

обложка в кривых_ТугельбаеваТугелбaевa Л.М., Рыскaлиевa Р.Г., Aшкеевa Р.К. «Қолдaнбaлы химия» курсы бойыншa есептер мен жaттығулaр. – 110 б.

«Қолдaнбaлы химия» курсы бойыншa есептер мен жaттығулaр жинағы химия және химиялық технология фaкультетінде оқитын студенттер мен мaгистрaнттaрғa aрнaлғaн. Ұсынылып отырғaн жинақта қолдaнбaлы химия бойыншa есептер мен жaттығулaр қaрaстырылғaн. Сонымен бірге тaқырыптaрдың берілу реті теориялық курс сұрaқтaрын қaмтитын «Қолдaнбaлы химия» оқу құрaлынa (Тугелбaевa Л.М., Рыскaлиевa Р.Г., Aшкеевa Р.К.– Қaзaқ университеті, 2016 ж.) сәйкес келеді. Химиядaн дaйындaлу бaрысындa екі кітапты бірге пaйдaлaнғaн тиімді болaды.

 

Обложка в кривых_МасалимоваМасалимова Ә.Р., Жолдубаева А.Қ., Қылышбаева Б.Н., Өмірбекова Ә.Ө., Аликбаева М.Б. Қысқаша заманауи мәдениеттанулық сөздік. – 94 б.

Жаһандану үдерісі жан-жақты жүріп жатқан әлемде уақыт талабына сай көптеген жаңа ұғымдар пайда болды және олар біртіндеп қолданысқа еніп келеді.

Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын хатқа түсіріп, жиып-теріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға қажеттіліктер туындап отыр.

Сөздікте бүгінгі таңда өзекті болып табылатын жаңа түсініктер топтастырылып, әрқайсысына анықтама берілген. Қазірігі заман талабындағы мәселелер қазақ тілінде қысқаша әрі түсінікті етіп баяндалған. Қысқаша сөздік әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мамандарына, студенттер мен магистранттарға және қазіргі заман мәдениеті мен дамуына қызығушылық танытатын барлық оқырман қауымға арналған.