Kitap Fest – 2017

Құрметті достар!
Баршаңызды қыркүйек айының 9 күні өтетін “Kitap Fest – 2017” кітап фестиваліне шақырамыз!

“Қазақ университеті” баспа үйі стендінде Сізді келесідей қызықтар күтеді:
– 2017 жылдың жаңа оқулықтары 25% жеңілдікпен;
– Әлем бестселлерлері қала бойынша ең арзан бағада;
– Бүлдіршін оқырмандарымызға дайындалған арнайы кітап жәрмеңкесі;
– Қалалық №1 балалар үйінің оқушыларына арналған “Қайырымды кітап” шарасы;
– Флеш-моб, қызықты ойындар мен ұтысты викториналары.
Сонымен қатар, стендіміздің қонағы болған әрбір студентке қалаған оқулықты СЫЙҒА ТАРТАМЫЗ!
Сенбілік уақытты бос өткізіп алма! Білімге бізбен бірге бір қадам жақындай түс!

Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: “Ғылым ордасы” алаңы,
“Қазақ университеті” баспа үйі стенді.
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28