Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өркендеуіне – 25 жыл: Развитию экономики независимого Казахстана – 25 лет – 377 б.
ISBN: 978-601-04-2127-1
Қоймада
- Электрондық кітапқа қол жеткізу төлем жасалғаннан кейін іске қосылады. Төлемді растау біздің серверден және төлем жүйесінің серверінен келеді.
- Электрондық кітап файлдары жүктеу үшін пайдаланушыларға ұсынылмайды.
- Пайдаланушы сатып алған барлық электронды кітаптар жеке кабинеттің «Менің кітаптарым» бөлімінде шектеусіз уақытқа қол жетімді болады.
Бағасы
5 200 ₸
Бөлісу:
Мазмұны
Аннотация
Автор туралы
Монография авторы – Қазақстан Республикасының ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағындық Сатыбалдин. Кітап Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына, оның экономикалық дамуы мен осы уақыт аралығындағы жетістіктеріне арналады. Монографияда тәуелсіз мемлекеттің 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасу, реформа жүргізу және әлемдік деңгейде экономикасының нығаюы мәселелеріне арналған зерттеулер ұсынылған. Бұл еңбегінде тәуелсіз Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына негіз болған басты «күштер» және Оңтүстік Азиядағы «Арыстандар» мен «Айдаһарлардың» нарықтық экономикаға көшу жолдарының нәтижелері және осы елдерде болған дағдарыстар толығынан зерттеліп, бізге тиімді өту жолдары үкіметке ұсынылған. Автор Қазақстан Республикасының кешегі социалистік заманынан бүгінгі тәуелсіз Қазақстан экономикасының өсу-өркендеу жолдарын толық зерттеп, осы уақытқа дейін болған экономикалық реформалар моделіне баға берген. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасын, оның ішінде инновациялық өркендеу жолдарын, Қазақстан Республикасы 50 өркениетті елдің қатарына кіруіне ғылыми түрде талдау және ұсыныстар жасады. Қазақстан Республикасының Даму жолдарының тиімділігін жан-жақты зерттеп, 2050 жылы еліміздің әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарынан көрінетінін айқындап, Мәңгілік елде өмір сүретінімізге толығымен сенім білдіреді. Ғалымның ұзақ жылдар бойғы ізденістерінің нәтижесіндей бұл еңбекте нақты статистикалық деректер мен дәйектер мол. Бұл еңбек атқарушы билік қызметіндегілер мен кәсіпкерлерге көмекші құрал, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорларына, студенттеріне көмекші оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады.
Бағасы
3 200 ₸







