Kitap Fest — 2017

Құрметті достар!
Баршаңызды қыркүйек айының 9 күні өтетін «Kitap Fest — 2017» кітап фестиваліне шақырамыз!

«Қазақ университеті» баспа үйі стендінде Сізді келесідей қызықтар күтеді:
— 2017 жылдың жаңа оқулықтары 25% жеңілдікпен;
— Әлем бестселлерлері қала бойынша ең арзан бағада;
— Бүлдіршін оқырмандарымызға дайындалған арнайы кітап жәрмеңкесі;
— Қалалық №1 балалар үйінің оқушыларына арналған «Қайырымды кітап» шарасы;
— Флеш-моб, қызықты ойындар мен ұтысты викториналары.
Сонымен қатар, стендіміздің қонағы болған әрбір студентке қалаған оқулықты СЫЙҒА ТАРТАМЫЗ!
Сенбілік уақытты бос өткізіп алма! Білімге бізбен бірге бір қадам жақындай түс!

Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: «Ғылым ордасы» алаңы,
«Қазақ университеті» баспа үйі стенді.
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28